О внесении дополнения в Закон Казахской ССР "О печати и других средствах массовой информации" Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.10.1995. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Баспасөз және басқа бұқаралық хабарлама құралдары туралы" Қазақ ССР Заңына толықтыру енгiзу туралы "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының Z933600_ 1-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
Тармақ 1
1. "Баспасөз және бұқаралық хабарлама құралдары туралы" Қазақ ССР Заңы (Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесiнiң Ведомостары, 1991 ж., N 28, 390-құжат) мына мазмұнындағы 7-1-баппен толықтырылсын: "7-1-бап. Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы Қазақстан Республикасында баспасөз және бұқаралық ақпарат саласындағы мемлекеттiк саясатты Қазақстан Республикасының Президентi құратын, тарататын және қайта құратын баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы жүзеге асырады. Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органының басшысын Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады".
Тармақ 2
2. Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi.