Об утверждении Правил о порядке выделения администраторам республиканских бюджетных программ средств из республиканского бюджета на представительские расходы и норм представительских расходов Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.06.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне өкілдік шығыстар үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлудің тәртібі туралы ережені бекіту және өкілдік шығыстардың нормалары туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.06.05. N 846 қаулысымен. Бюджеттiк қаражатты үнемдеу режимiн күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған:
Тармақша 1
1) Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне өкiлдiк шығыстар үшін республикалық бюджеттен қаражатты бөлудiң тәртiбi туралы ереже;
Тармақша 2
2) өкiлдiк шығыстардың нормалары бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдеріне өкiлдiк шығыстар үшiн жергiлiктi бюджеттен қаражатты жергiлiктi атқарушы және өкілдi органдарға бөлудiң тәртiбi туралы осы секiлдi ереженi әзiрлеу және бекiту ұсынылсын.
Тармақ 3
3. "Республикаға келген шетел делегациялары мен жеке адамдарды мемлекеттiк басқару органдарының, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң қабылдауына және оларға қызмет көрсетуiне мемлекеттiк бюджеттен бөлiнетiн қаржыны жұмсаудың тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 17 тамыздағы N 685 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 33, 500-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 0. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне өкілдік шығыстар үшін республикалық бюджеттен қаражатты бөлудің тәртібі туралы Ереже
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі N 1299 қаулысымен бекітілген Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне өкілдік шығыстар үшін республикалық бюджеттен қаражатты бөлудің тәртібі туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне өкілдік шығыстар үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлудің тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: Өкілдік шығыстар - шетел делегацияларын қабылдау, кеңестерді, семинарларды, салтанатты және ресми шараларды өткізу үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген және республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бөлінетін қаражат. Өкілдік шығыстарға мыналарға арналған шығыстар жатады:
Тармақша 1
1) ресми түстіктер, кешкі астар, кофе-брейктер, фуршеттер;
Тармақша 2
2) музыкамен сүйемелдеу;
Тармақша 3
3) кәде сыйлар, естелік сыйлықтар сатып алу;
Тармақша 4
4) автокөлік қызметтері;
Тармақша 5
5) аудармашылардың көрсеткен қызметтерiне төлем жасау;
Тармақша 6
6) залды жалдау;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының Үкiметi (Премьер Министрi) шешетiн өзге де шығыстар.
Тарау 2. 2. Өкілдiк шығыстар үшiн республикалық бюджетте көзделген қаражатты болу және пайдаланудың тәртiбi
2. Өкілдiк шығыстар үшiн республикалық бюджетте көзделген қаражатты болу және пайдаланудың тәртiбi
Тармақ 3
3. Өкiлдiк шығыстар үшін республикалық бюджеттен қаражатты бөлу Қазақстан Республикасы Үкiметінің шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Өкiлдiк шығыстар үшiн республикалық бюджеттен қаражат бөлу туралы республикалық бағдарламалар әкiмшілерінің өтiнiштерiн Қазақстан Республикасының Yкiметi:
Тармақша 1
1) шараны өткiзу қажеттілігiне деген негiздеме;
Тармақша 2
2) ресми делегацияның келу бағдарламасы;
Тармақша 3
3) шараның әзiрлiк жұмыс жоспары;
Тармақша 4
4) қатысушылардың күтiлетiн саны;
Тармақша 5
5) белгіленген нормалар шегiнде, шығыстардың әрбiр бабына негізделген, шығыстардың сметасы;
Тармақша 6
6) шығыстардың сметалары бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қорытындысы бар болған жағдайда қарайды.
Тармақ 5
5. Осы Ереженiң 2-тармағының 2), 3), 6)-тармақшаларында көрсетілген шығыстардың баптары бойынша көрсетiлген шығыстардың баптары бойынша көрсетілген қызметтерді ұсынатын ұйымдардың калькуляцияларын және реквизиттерін республикалық бағдарламалардың әкiмшiлерi көрсете отырып, растайтын құжаттарды тапсырады.
Тарау 3. 3. Бақылау және есептілік
3. Бақылау және есептілік
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі өкілдік шығыстар үшін бөлінетін қаражаттың жұмсалуына бақылау жасауды жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Өкілдік шығыстар үшін қаражатты алған республикалық бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгіленген тәртіпте және мерзімде бөлінген қаражаттың пайдаланылуы, орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы есепті тапсыруы тиіс.
Тармақ 8
8. Өкілдік шығыстар үшін бөлінген қаражаттың мақсатты және тиімді пайдаланылуына жауапкершілік қаражатты алушыға жүктеледі.
Басқа 1. Өкілдік шығыстардың Нормалары Шығыстардың атауы Құны теңгемен
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі N 1299 қаулысымен бекітілген Өкілдік шығыстардың Нормалары Шығыстардың атауы Құны теңгемен
Тармақ 1
1. Ресми түстіктерді, кешкі астарды беруге арналған шығыстар делегация үшін күніне бір адамға 6 500-ге дейін есептелген есепке негізделіп жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Келіссөздер, мәдени бағдарламалар шаралары уақытында, аудармашылар мен 1 040-қа дейін еріп жүрген адамдарды қоса алғанда, күніне бір адамға арналған буфеттік қызмет көрсету
Тармақ 3
3. Мемлекеттік орган штатында тұрмайтын, 700-ге дейін делегацияны қабылдайтын аудармашының еңбегіне ақы төлеу (сағатына) 700-ге дейін
Тармақ 4
4. Көлік шығыстарын төлеу (сағатына) Ескерту:
Тармақ 1
1. Шетел делегацияларына автомобиль көлігімен қызмет көрсетуге арналған шығыстар, сағаттық төлем есебіне негізделіп шығыстар сметасында көзделеді.
Тармақ 2
2. Шетел делегацияларын ресми қабылдауға байланысты түстік, кешкі ас немесе басқа осы осы секілді шаралар кезінде Қазақстан Республикасының тарапынан қатысушылардың саны шетел делегацияларының тарапынан қатысушылардың санынан аспауы тиіс.
Тармақ 3
3. Делегацияның құрамы 5 адамнан көп болған кезінде делегацияға қызмет көрсететін ілесіп жүрген адамдар мен аудармашылардың саны делегация мүшелерінің кем дегенде 5 адамына 1 аудармашыдан немесе ілесіп жүрушіден негізделіп айқындалуы тиіс.