Об установлении ограничительных мероприятий, ликвидации и профилактике бруцеллеза лошадей и мелкого рогатого скота в селе Сосновка Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сосновка селосында жылқылардың және ұсақ мүйізді малдың бруцеллез ауруының шектеу шараларын белгілеу, алдын алу және жою туралы Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабы 2-тармағы 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31- бабы 1- тармағы 18) тармақшасына сәйкес, адамдардың және ауыл шаруашылығы жануарларының бруцеллез ауруының алдын алу мақсатында Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әулиекөл ауданының бас мемлекіттік ветеринарлық инспекторының ұсынысына сәйкес, Новоселов селолық округінің Сосновка селосында жылқылардың және ұсақ мүйізді малдын бруцеллез ауруы бойынша шектеу шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Әулиекөл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекциясы комитетінің Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) Сосновка селосында жылқылардың және ұсақ мүйізді малдың бруцеллез ауруын жою және алдын алу бойынша шаралар қабылдасын. З. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Жігітовке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.