Сабынды ауылының көше атауын өзгерту туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сабынды ауылының көше атауын өзгерту туралы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармағына сәйкес Сабынды селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Сабынды ауылындағы "Заготзерно-рабкооп-автобаза" аумағына жергілікті тұрғындардың пікірін ескере отырып, Қалқабек Шымырұлының аты беріліп, "Қалқабек Шымырұлы шағын ауданы" деп аталсын.
Тармақ 2
2. Сабынды ауылындағы "Заготзерно-рабкооп-автобаза" аумағына Қалқабек Шымырұлының аты берілуіне байланысты көше көрсеткіштері өзгертілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Қорғалжын ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ресми жариялануға жатады.