Об утверждении Соглашения о взаимной охране прав на результаты интеллектуальной деятельности, полученные и используемые в ходе военно-экономического сотрудничества в рамках Организации Договора о коллективной безопасности Қолданыста
Басқа 0
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде әскери-экономикалық ынтымақтастық барысында алынған және пайдаланылатын зияткерлік қызмет нәтижелеріне құқықтарды өзара қорғау туралы келісімді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңы 15-бабының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. 2007 жылғы 6 қазанда Душанбе қаласында жасалған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде әскери-экономикалық ынтымақтастық барысында алынған және пайдаланылатын зияткерлік қызмет нәтижелеріне құқықтарды өзара қорғау туралы келісім бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.