О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.03.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Сақтандыру ұйымдарының көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру жөніндегі қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.03.01 N 24 Қаулысымен.
Тармақ 2. "2-1-тарау. Төрт және одан көп зардап шегушінің қатысуымен сақтандыру жағдайы басталған кезде тікелей реттеуді жүзеге асырудың ерекшеліктері
2. Агенттік Басқармасының "Тікелей реттеуді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 25 маусымдағы N 179 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4857 тіркелген, "Юридическая газета" газетінде 2007 жылғы 5 қыркүйектегі N 135 (1338) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Тікелей реттеуді жүзеге асыру ережесінде: 1-тармақта: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "1) жауапты сақтандырушы - зардап шегушi деп танылған тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiру салдарынан азаматтық-құқықтық жауапкершілігі басталған тұлғамен көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушы;"; 2) тармақшада орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, ал мемлекеттік тіліндегі мәтін өзгермейді; 3) тармақшада "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: "4) уәкілетті орган - қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган."; 2-тармақта: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "1) зардап шегушіде және зардап шегушi деп танылған тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiру салдарынан азаматтық-құқықтық жауапкершілігі басталған тұлғада сақтандыру полисінің (қолданыстағы көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының) болуы;"; 4) тармақша "екі" деген сөзден кейін "және одан көп" деген сөздермен толықтырылсын; алтыншы абзац алынып тасталсын; 1-тарау мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: "2-1. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары сақтандыру омбудсманның веб-сайтында тікелей реттеу бойынша ақпаратпен алмасу үшін сақтандыру ұйымының деректемелерін орналастыруы мүмкін."; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "5. Тікелей сақтандырушы оның пайда алушыдан сақтандыру жағдайының басталу фактісін растайтын құжатты және зардап шегушi деп танылған тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiру салдарынан азаматтық-құқықтық жауапкершілігі басталған тұлғаның сақтандыру полисінің түпнұсқасын немесе көшірмесін, не көрсетілген сақтандыру полисі бойынша мәліметтерді (жауапты сақтандырушының атауы, сақтандыру полисінің нөмірі, берілген күні, сақтанушының тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) алған күннен бастап екі жұмыс күннен кешіктірмей: 1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" 2007 жылғы 25 маусымдағы N 177 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4860 тіркелген) көзделген тәртіппен көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі деректер базасынан (бұдан әрі - деректер базасы) зардап шегушi деп танылған тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiру салдарынан азаматтық-құқықтық жауапкершілігі басталған тұлға туралы тиісті сақтандыру есебін сұратады және сақтандыру полисінің түпнұсқасында не көшірмесінде көрсетілген мәліметтердің, сондай-ақ, зардап шегушi деп танылған тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiру салдарынан азаматтық-құқықтық жауапкершілігі басталған тұлға туралы бар мәліметтердің (жауапты сақтандырушының атауы, сақтандыру полисінің нөмірі, берілген күні, сақтанушының фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты) сақтандыру есебімен салыстыруын жүзеге асырады; 2) жауапты сақтандырушыны сақтандыру жағдайы басталғаны туралы хабардар етеді. Сақтандыру жағдайы басталғаны туралы хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) тікелей сақтандырушымен жауапты сақтандырушыға осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екі данада қағаз және электронды тасымалдауышта жіберіледі. Қағаз тасымалдауыштағы хабарлама электронды тасымалдауыштағы хабарламаға сәйкес келуге тиіс. Сақтандыру полисінің түпнұсқасында не көшірмесінде көрсетілген мәліметтердің, сондай-ақ, зардап шегушi деп танылған тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiру салдарынан азаматтық-құқықтық жауапкершілігі басталған тұлға туралы бар мәліметтердің (жауапты сақтандырушының атауы, сақтандыру полисінің нөмірі, берілген күні, сақтанушының фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты) сақтандыру есебімен салыстыру нәтижесі хабарламада "Өзге мәліметтер" деген бағанында көрсетіледі. Зардап шегуші (пайда алушы) тікелей сақтандырушыға зардап шегушi деп танылған тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiру салдарынан азаматтық-құқықтық жауапкершілігі басталған тұлғаның көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисінің түпнұсқасын берген жағдайда тікелей сақтандырушы оны хабарламамен бірге жауапты сақтандырушыға жібереді."; 8-тармақта: "және" деген сөз "құжаттар," деген сөзбен ауыстырылсын; "түпнұсқалары, сондай-ақ" деген сөздер "көшірмелері және" деген сөздермен ауыстырылсын; 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "9. Сақтандыру жағдайы басталуының фактісі мен мән-жайына қатысты қосымша сараптама жүргізуді тікелей сақтандырушы өзінің ұйғарымы бойынша жүзеге асырады. Тікелей сақтандырушының сақтандыру жағдайы басталу фактісі мен мән-жайына қатысты қосымша сараптама жүргізуіне байланысты шығыстары тікелей сақтандырушы Заңның 29-бабының 1-тармағында көзделген негіздемелер бойынша пайда алушыға сақтандыру төлемін жүргізуден бас тартқан жағдайда жауапты сақтандырушымен өтеледі. Тікелей сақтандырушы пайда алушыға сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартқан күннен бастап екі жұмыс күн ішінде жауапты сақтандырушыға тікелей сақтандырушының қосымша сараптама жүргізуімен байланысты шығыстарды растайтын құжаттарды, сондай-ақ пайда алушыға сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартудың негіздемелерін растайтын құжаттарды қоса тіркей отырып, осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екі данада сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту туралы хабарлама жібереді. Жауапты сақтандырушы оның сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту туралы хабарлама алған күннен бастап екі жұмыс күннен кешіктірмей оның екінші данасын тікелей сақтандырушыға жауапты сақтандырушының тікелей сақтандырушының пайда алушыға сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту туралы шешімімен келісетіні туралы белгісімен жібереді. Жауапты сақтандырушы осы тармақпен белгіленген мерзімде тікелей сақтандырушыға сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту туралы хабарламаның екінші данасын жібермеген жағдайда жауапты сақтандырушының келісуі расталған болып саналады."; мынадай мазмұндағы 2-1-тараумен толықтырылсын: "2-1-тарау. Төрт және одан көп зардап шегушінің қатысуымен сақтандыру жағдайы басталған кезде тікелей реттеуді жүзеге асырудың ерекшеліктері 13-1. Төрт және одан көп зардап шегушінің қатысуымен болған сақтандыру жағдайы бойынша зардап шегушінің мүлкіне келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтандыру төлемі пайда алушыға Заңда көзделген тәртіппен оның мөлшерін жауапты сақтандырушымен келіскеннен кейін тікелей сақтандырушымен жүргізіледі. Тікелей сақтандырушы пайда алушыдан тәуелсіз сарапшы жүргізген мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін бағалау жөніндегі құжатты алған сәттен бастап екі жұмыс күннен кешіктірмей жауапты сақтандырушыға көрсетілген құжаттың көшірмесін қоса тіркей отырып, сақтандыру төлемін есептеу туралы өтінішін (бұдан әрі - өтініш) электронды және қағаз тасымалдауышта жібереді. Қағаз тасымалдауыштағы өтініш электронды тасымалдауыштағы өтінішке сәйкес келуге тиіс. Қағаз тасымалдауыштағы өтініш тікелей сақтандырушымен осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысанда екі данада жіберіледі. 13-2. Жауапты сақтандырушы, басқа тікелей сақтандырушылардың өтініштерін ұсынғанына қарамастан, тікелей сақтандырушыдан қағаз тасымалдауыштағы өтінішті не пайда алушыдан тәуелсіз сарапшымен жүргізілген мүлікке келтірілген зиянды бағалау жөніндегі құжатты алған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей Заңда көзделген тәртіппен зардап шегушінің мүлкіне келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтандыру төлемінің мөлшерін есептейді және өтініштің екінші данасын жауапты сақтандырушы толтыруға тиісті мәліметтерді көрсете отырып, электронды және қағаз тасымалдауышта тікелей сақтандырушыға жібереді. Жауапты сақтандырушы осы тармақта белгіленген мерзімде өтініштің екінші данасын жібермеген жағдайда тікелей сақтандырушы белгіленген мерзім аяқталған соң, бірақ екі жұмыс күннен кешіктірмей ол туралы уәкілетті органды хабардар етеді. Бұл ретте тікелей сақтандырушы жауапты сақтандырушыға осы Ереженің 13-1-тармақта көзделген құжаттарды қайта жібереді."; 1-қосымшада: реттік саны 2-жолында "Оның кінәсінен сақтандыру жағдайы болған" деген сөздер "Зардап шегушi деп танылған тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiру салдарынан азаматтық-құқықтық жауапкершілігі басталған" деген сөздермен ауыстырылсын; реттік саны 3-жолы мынадай редакцияда жазылсын: " 3. За­рдап ше­гу­шi деп та­ны­л­ған тұ­лға­лар­дың өмiрiне, ден­са­улы­ғы­на және (неме­се) мүл­кiне зи­ян кел­тi­ру сал­да­ры­нан аза­мат­тық-құқық­тық жа­у­ап­кер­ші­лі­гі ба­стал­ған тұл­ға­ның сақ­тан­ды­ру по­ли­сі­нің нө­мі­рі мен бе­рі­л­ген кү­ні "; реттік саны 4-жолы мынадай редакцияда жазылсын: " 4. Сақ­тан­ды­ру жағ­дайы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер "; Мынадай мазмұндағы реттік сандары 4.1., 4.2. жолдарымен толықтырылсын: " 4.1. Әкім­ші­лік іс жө­нін­де­гі қа­улы­ның кү­ні, әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық ту­ра­лы іс­тер­ді қа­ра­у­ға уәкі­лет­ті ор­ган­ның ата­уы 4.2. Сот­тың қыл­мыстық іс жө­нін­де іс жүр­гі­зу ше­ші­мін қа­был­да­ған кү­ні, 1997 жы­л­ғы 16 шіл­де­де­гі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қыл­мыстық ко­дек­сі­нің ба­бы, сот ше­ші­мі­нің заң­ды кү­шіне ене­тін кү­ні "; 2-тармақтың екінші абзацында "оның кінәсінен сақтандыру жағдайы болған" деген сөздер "зардап шегушi деп танылған тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiру салдарынан азаматтық-құқықтық жауапкершілігі басталған" деген сөздермен ауыстырылсын; 2-қосымшада: реттік саны 2-жолында "Оның кінәсінен сақтандыру жағдайы болған" деген сөздер "Зардап шегушi деп танылған тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiру салдарынан азаматтық-құқықтық жауапкершілігі басталған" деген сөздермен ауыстырылсын; реттік саны 3-жолы мынадай редакцияда жазылсын: " 3. За­рдап ше­гу­шi деп та­ны­л­ған тұ­лға­лар­дың өмiрiне, ден­са­улы­ғы­на және (неме­се) мүл­кiне зи­ян кел­тi­ру сал­да­ры­нан аза­мат­тық-құқық­тық жа­у­ап­кер­ші­лі­гі ба­стал­ған тұл­ға­ның сақ­тан­ды­ру по­ли­сі­нің нө­мі­рі мен бе­рі­л­ген кү­ні "; реттік саны 4-жолы мынадай редакцияда жазылсын: " 4. Сақ­тан­ды­ру жағ­дайы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер "; Мынадай мазмұндағы реттік сандары 4.1., 4.2. жолдарымен толықтырылсын: " 4.1. Әкім­ші­лік іс жө­нін­де­гі қа­улы­ның кү­ні, әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық ту­ра­лы іс­тер­ді қа­ра­у­ға уәкі­лет­ті ор­ган­ның ата­уы 4.2. Сот­тың қыл­мыстық іс жө­нін­де іс жүр­гі­зу ше­ші­мін қа­был­да­ған кү­ні, 1997 жы­л­ғы 16 шіл­де­де­гі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қыл­мыстық ко­дек­сі­нің ба­бы, сот ше­ші­мі­нің заң­ды кү­шіне ене­тін кү­ні "; Осы қаулының қосымшасына сәйкес редакциядағы 3 және 4-қосымшалармен толықтырылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
Тармақ 5
5. Агенттіктің Төраға қызметі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Басқа 0. Сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту туралы хабарлама
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2008 жылғы 28 наурыздағы N 41 қаулысына қосымша "Тікелей реттеуді жүзеге асыру ережесіне 3-қосымша Сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту туралы хабарлама 200___жылғы "____"______________ N___ 1. Ті­ке­лей сақ­тан­ды­ру­шы­ның ата­уы, ор­на­лас­қан же­рі, те­ле­фо­ны және банк де­ректе­ме­ле­рі 2. За­рдап ше­гу­шi деп та­ны­л­ған тұ­лға­лар­дың өмiрiне, ден­са­улы­ғы­на және (неме­се) мүл­кiне зи­ян кел­тi­ру сал­да­ры­нан аза­мат­тық-құқық­тық жа­у­ап­кер­ші­лі­гі ба­стал­ған тұл­ға ту­ра­лы мә­лі­мет­тер: сақ­та­ну­шы­ның те­гі, аты, бар бол­са - әке­сі­нің аты және ме­кен-жайы (же­ке тұ­лға­лар үшін); ата­уы, ме­кен-жайы және банк де­ректе­ме­ле­рі (заң­ды тұ­лға­лар үшін) 3. За­рдап ше­гу­шi деп та­ны­л­ған тұ­лға­лар­дың өмiрiне, ден­са­улы­ғы­на және (неме­се) мүл­кiне зи­ян кел­тi­ру сал­да­ры­нан аза­мат­тық-құқық­тық жа­у­ап­кер­ші­лі­гі ба­стал­ған тұл­ға­ның сақ­тан­ды­ру по­ли­сі­нің нө­мі­рі мен бе­рі­л­ген кү­ні 4. Сақ­тан­ды­ру жағ­дайы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер 4.1. Әкім­ші­лік іс жө­нін­де­гі қа­улы­ның кү­ні, әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық ту­ра­лы іс­тер­ді қа­ра­у­ға уәкі­лет­ті ор­ган­ның ата­уы 4.2. Сот­тың қыл­мыстық іс жө­нін­де іс жүр­гі­зу ше­ші­мін қа­был­да­ған кү­ні, 1997 жы­л­ғы 16 шіл­де­де­гі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қыл­мыстық ко­дек­сі­нің ба­бы, сот ше­ші­мі­нің заң­ды кү­шіне ене­тін кү­ні 5. Сақ­тан­ды­ру жағ­дай­ын рет­теу мен бай­ла­ны­сты және пай­да алушы­ға тө­ле­у­ге жа­та­тын шы­ғы­стар (тең­ге­мен) 5.1. За­рдап ше­гу­ші­нің (за­рдап ше­гу­ші­лер­дің) мүл­кіне кел­ті­рі­л­ген зи­ян­ды өтеу бой­ын­ша сақ­тан­ды­ру тө­ле­мі 5.2. За­рдап ше­гу­ші­нің (за­рдап ше­гу­ші­лер­дің) өмі­ріне және/неме­се ден­са­улы­ғы­на кел­ті­рі­л­ген зи­ян­ды өтеу бой­ын­ша сақ­тан­ды­ру тө­ле­мі 5.3. Ба­ға­ла­уды жүр­гі­зу мен бай­ла­ны­сты шы­ғы­стар 5.4. Өзге шы­ғы­стар 6. Сақ­тан­ды­ру тө­ле­мін жү­зе­ге асы­ру­дан ба­стар­ту­ға негіз­де­ме­лер 7. Өзге мә­лі­мет­тер Тікелей сақтандырушының бірінші басшысының тегі, аты, бар болса - әкесінің аты: ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ Қолы: _________________ телефон: ______________ Мөрдің орны: 2. Жауапты сақтандырушы толтыратын мәліметтер (келіседі/келіспейді): _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ Жауапты сақтандырушының атауы, орналасқан жері, телефоны және банк деректемелері ____________________________________________________ Жауапты сақтандырушының бірінші басшысының тегі, аты, бар болса - әкесінің аты: __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ Қолы __________________ телефон: _______________ Мөрдің орны
Басқа 1. Сақтандыру төлемінің мөлшерін есептеу туралы өтініш
Тікелей реттеуді жүзеге асыру ережесіне 4-қосымша Сақтандыру төлемінің мөлшерін есептеу туралы өтініш 200___жылғы "____"______________ N___ 1._________________________________________________________________                   (тікелей сақтандырушының атауы) __________________________________________________________________                   (жауапты сақтандырушының атауы) зардап шегуші __________________________________ мүлкіне келтірілген              (зардап шегушінің тегі, аты, бар болса -                          әкесінің аты) зиянды өтеу бойынша сақтандыру төлемінің мөлшерін есептеу үшін ______________________________________ жүргізген мүлікке келтірілген       (тәуелсіз сарапшының атауы) зиянның мөлшерін бағалау жөніндегі құжатты жібереді. Осы құжатқа сәйкес зардап шегушінің мүлкіне келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтандыру төлемінің мөлшері ___________________________________________________ теңгені құрайды.         (сомасы цифрмен және жазбаша)       N _____ сақтандыру жағдайы туралы хабарлама ____________________________________ 200_жылғы "___" _____________   (жауапты сақтандырушының атауы) жіберілген       Тікелей сақтандырушының бірінші басшысының тегі, аты, бар болса - әкесінің аты: ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Қолы: _________________ телефон: ______________ Мөрдің орны 2. Жауапты сақтандырушы толтыратын мәліметтер: ___________________________________, сақтандыру төлемінің мөлшерін   (жауапты сақтандырушының атауы) есептеу туралы 200__жылғы "____" _________N_____ өтінішті қарап, зардап шегуші _____________________________________________              (зардап шегушінің тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтандыру төлемі _________________________________________________ теңгені құрайтыны          (сомасы цифрмен және жазбаша) туралы хабарлайды. _______________________________________________ сақтандыру төлемнің       (жауапты сақтандырушының атауы) мөлшерін есептеу туралы өтінішті алған күнге сақтандыру төлемі ___________________________________________________ теңгені құрайды.           (сомасы цифрмен және жазбаша) Сақтандыру сомасы тиісті сақтандырушыларға немесе пайда алушыларға жауапты сақтандырушымен іске асырылған басқа зардап шегушілеріне келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтандыру төлемдері шегеріле отырып, жауапты сақтандырушымен көрсетіледі.       Жауапты сақтандырушының бірінші басшысының тегі, аты, бар болса - әкесінің аты: _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ Қолы __________________ телефон: _______________ Мөрдің орны".