Об утверждении Правил квотирования объемов потребления этилового спирта фармацевтическими предприятиями и государственными медицинскими учреждениями Күшін жойған
Басқа 0
Фармацевтикалық кәсіпорындар мен мемлекеттік медициналық мекемелерде этил спиртін пайдалану көлемін квоталау Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 38 қаулысымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Алкоголь өнiмiн өндiру және оның айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетiн құру туралы және 1998 жылғы 26 шiлдедегi "Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн және Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн акцизделетiн тауарларға арналған акциз ставкалары туралы N 608 қаулысына сәйкес, фармацевтiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк медициналық мекемелерде этил спиртiн пайдаланылуын қатаң бақылауға алу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған фармацевтiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк медициналық мекемелерде этил спиртiн пайдалану көлемiн квоталау Ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Нормативтiк реттеу бөлiмi (Лепесбаев А.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өтiлуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау - бақылау және лицензиялау басқармасының бастығы Р.Алдашевқа жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.
Басқа 5. Фармацевтiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк медициналық мекемелерде этил спиртiн пайдалану көлемiн квоталау Ережесі
"Бекітілген"
Қазақстан Республикасы мемлекеттік
кіріс министрлігінің Алкоголь
өнімін өндіру және оның айналымын
мемлекеттік бақылау жөніндегі
Комитет Төрағасының
19.07.1999 жылғы 190-1 бұйрығы
Фармацевтiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк медициналық мекемелерде этил спиртiн пайдалану көлемiн квоталау Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 25 ақпандағы N 173 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Алкоголь өнiмiн өндiру және оның айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетi туралы ережесi және 1998 жылғы 26 шiлдедегi "Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн және Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн акцизделетiн тауарларға акциздердiң ставкалары туралы N 608 қаулысына сәйкес, фармацевтiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк медициналық мекемелерде этил спиртiн пайдаланылу көлемiн квоталауды жүзеге асыру мақсатында әзiрлендi.
Тармақ 2
2. Квота Қазақстан Республикасының фармацевтiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк медициналық мекемелерде акциз төлемiнсiз пайдаланатын этил спиртiнiң жылдық көлемiн айқындайды.
Тармақ 3
3. Этил спиртiн өндiрушiлер спирттi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Алкоголь өнiмiн өндiру және оның айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитеттiң (ары қарай комитет) этил спиртiн емдiк және фармацевтiк препараттарды дайындауға пайдаланатын және медициналық қызмет көрсететiн фармацевтiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк медициналық мекемелерге берiлген рұқсат негiзiнде ғана босатуға құқылы.
Тармақ 4
4. Осы Ережедегi рұқсат ету деп, акциз төлемiнсiз медициналық мақсаттарда пайдаланатын этил спиртiн өндiрушi-кәсiпорынға спирттi босатуға құқық беретiн заң орнатушы актiнi айтады.
Тармақ 5
5. Рұқсат Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, бiлiм беру және спорт министрлiгiнiң Денсаулық сақтау комитетi (ары қарай - Денсаулық сақтау комитетi) бекiткен, келiсiлген тiзбеге сәйкес акциз төлемiнсiз босататын этил спиртiн өндiретiн отандық өндiрушiлерге берiледi.
Тармақ 6
6. Рұқсат бiр жылдан артық емес мерзiмге берiледi.
Тармақ 7
7. Осы Ереже этил спиртiн сақтауға және сатуға берiлетiн лицензияға қатысты қатынастарды реттемейдi.
Тарау 2. 2. Қазақстан Республикасының фармацевтiк кәсiпорындары мен мемлекеттiк медициналық мекемелерiнде акциз төлемiнсiз пайдаланатын этил спиртiнiң көлемiн квоталау процесiн жүзеге асыру
2. Қазақстан Республикасының фармацевтiк кәсiпорындары мен мемлекеттiк медициналық мекемелерiнде акциз төлемiнсiз пайдаланатын этил спиртiнiң көлемiн квоталау процесiн жүзеге асыру
Тармақ 8
8. Этил спиртiн тұтыну көлемдерiнiң квотасын анықтау фармацевтiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк медициналық мекемелердiң тоқсандыққа шаққандағы келесi жылға белгiленетiн этил спиртiн тұтыну көлемдерi туралы өтiнiмдерiнің негiзiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Комитет жыл сайын мекен-жайын көрсете отырып этил спиртiн өндiрушiлердiң (жеткiзушiлердiң) тiзбесiн 1 ақпанға дейiн Денсаулық сақтау комитетiне жiбередi.
Тармақ 10
10. Қажеттi негiзделген есептерiмен (қолданылатын технология ескiрiлген нормалар бойынша) этил спиртiн алу-сату шарты және қажеттi құжаттардың тiзбесi үстiмiздегi жылдың 1 сәуiрiне дейiн Денсаулық сақтау комитетiнiң аумақтық органдарына табыс етiледi. Этил спиртiнiң резервiн жасауға жол берiлмейдi.
Тармақ 11
11. Денсаулық сақтау комитетiнiң аумақтық органдары келесi жылы этил спиртiн тұтыну көлемдерi (қажеттi және негiзделген есептерiмен) бойынша жиынтық өтiнiмдердi әрбiр тұтынушыға шағып, әр жылдың 1 тамызынан қалдырмай Денсаулық сақтау комитетiне табыс етедi.
Тармақ 12
12. Денсаулық сақтау комитетi квота бөлу үшiн деректердiң негiзiнде республика бойынша фармацевтiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк медициналық мекемелердiң (облыстар бойынша шағып) этил спиртiн тұтынудың жалпы жылдық көлемiн анықтап және жыл сайын 1 қыркүйегiнен қалдырмай оларды Комитетке табыс етедi.
Тармақ 13
13. Қосымша квота алу Денсаулық сақтау комитетiнiң ынтасы бойынша өндiрiсте қолданылатын емдiк препараттардың жаңа түрлерiн немесе қосымша медициналық қызмет көрсетуге акциз төлемiнсiз спирттi босатуға рұқсат алу мақсатында жүргiзiлуi мүмкiн.
Тармақ 14
14. Өтiп жатқан жылдың пайдаланылмаған үлесi оның келесi жылы пайдаланылуына негiз бола алады.
Тарау 3. 3. Акциз төлемiнсiз этил спиртiн босатуға рұқсат беру комиссиясы
3. Акциз төлемiнсiз этил спиртiн босатуға рұқсат беру комиссиясы
Тармақ 15
15. Комитет рұқсаттар беру жөнiнде шешiмдер қабылдау үшiн өз қызметкерлерінің, ал қажет болған жағдайда басқа да мүдделi ұйымдардың қызметкерлерi санынан комиссия құрады.
Тармақ 16
16. Комитетiнің төрағасы немесе ол уәкiлдiк берген адам комиссия төрағасы болып табылады.
Тармақ 17
17. Комиссия:
Тармақша 1
1) рұқсаттағы этил спиртінің тұтыну көлемiн анықтайды;
Тармақша 2
2) өз құзiреттi шегiнде өз жұмысының регламентiн дербес белгiлейдi;
Тармақша 3
3) Денсаулық сақтау комитетi бекiткен тұтынушылардың қосымшаға сәйкес тiзбесi негiзiнде (2-қосымша) акциз төлемiнсiз этил спиртiн тұтынатын өндiрушiлерге рұқсат беру туралы шешiм қабылдайды.
Тармақ 18
18. Медициналық мақсаттағы этил спиртi сенiмдi заңды (жеке) тұлғаға сенiмхаты және босатуға рұқсаты болған жағдайда ғана берiледi.
Тармақ 19
19. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді, оған комиссия мүшелерi қол қойып, комиссияның төрағасы бекiтедi.
Тармақ 20
20. Рұқсатқа комиссия төрағасы қол қояды.
Тармақ 21
21. Рұқсатты беру және берiлген рұқсаттарды реестрлеудi Комитеттiң бақылау және лицензиялау басқармасы жүзеге асырады.
Тарау 4. 4. Рұқсаттың әрекетiн тоқтату
4. Рұқсаттың әрекетiн тоқтату
Тармақ 22
22. Спирттi босату рұқсатының күшi мынадай жағдайда тоқтатылады:
Тармақша 1
1) рұқсат етiлген мерзiм бiткенде;
Тармақша 2
2) рұқсат етiлген спирттiң толық көлемi пайдаланылғанда;
Тармақша 3
3) фармацевтiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк медициналық мекемелер жойылғанда немесе қайта құрылғанда.
Тармақ 23
23. Фармацевтiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк медициналық мекемелер қайта құрылғанда ( қосылғанда, бiрiккенде, бөлiнгенде, жеке шыққанда, өзгергенде, атауы өзгергенде) бұрын берiлген рұқсат өзiнiң күшiн жояды. Фармацевтiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк медициналық мекемелер қайта құрылған немесе қайта тiркелген рұқсатты қайта ресiмдеу үшiн Денсаулық сақтау басқармаларының облыстық органдары этил спиртiнiң квотасын қайта есептеу мақсатында Денсаулық сақтау комитетiне хабарлайды және Комитетке рұқсат алу үшiн ұсынады.
Тарау 5. 5. Спирттi мақсатты тұтынуға бақылау жасау
5. Спирттi мақсатты тұтынуға бақылау жасау
Тармақ 24
24. Акциз төлемiнсiз этил спиртiн босататын өндiрушi-кәсiпорындарды бақылауды Денсаулық сақтау комитетi және оның аумақтық органдары тiкелей жүзеге асырады.
Тармақ 25
25. Емдiк және медициналық препараттар өндiрiсiнде этил спиртiн мақсатты тұтынуға бақылауды Денсаулық сақтау комитетi жүзеге асырады.
Тармақ 26
26. Қазақстан Республикасының фармацевтiк кәсiпорындары мен мемлекеттiк медициналық мекемелерiнiң этил спиртiн тұтынулары туралы Денсаулық сақтау комитетi Комитетке тоқсан сайын есеп бередi (3-қосымша).
Есептер есеп беретiн кезеңнен кейiнгi айдың 10-нан кешiктiрiлмей берiледi.
Тармақ 27
27. Ұсынылған есептердегi мәлiметтердiң дұрыстығына жауапкершiлiк Денсаулық сақтау комитетiне жүктеледi.
28.Тиiстi рұқсатсыз этил спиртiн пайдаланғаны немесе осы Ереженiң талаптарын бұзғаны үшiн белгiленген заңдарға сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.
Тарау 6. 6. Өзгерiстер мен толықтырулар
6. Өзгерiстер мен толықтырулар
Тармақ 29. акциз төлемінсіз этил спиртін пайдалануға құқылы
29. Осы Тәртiпке өзгерiстер мен толықтыруларды Денсаулық сақтау комитетiмен келiсе отырып, комитеттiң Төрағасы бекiтедi.
N 1 қосымша
Этил спиртін босатуға
N ________ Рұқсат ету
Астана қаласы "___" _________ 199__ ж.
Комиссия шешіміне сәйкес, "__" _____________ 1999 жылғы N ___ хаттама негізінде___________________________________________________
(этил спиртін өндіруші-мекеменің атауы)
____________________________________________________________________ (заңды мекен-жайы, тұратын жері)
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, білім беру және спорт министрлігінің Денсаулық сақтау комитеті бекіткен, келісілген тізбеге сәйкес медициналық қызмет пен қызмет көрсетуді 199___ ж., іске асыратын мемлекеттік медициналық мекемелер мен фармацевтік кәсіпорындарда акциз төлемінсіз этил спиртін _______________ дал, көлемде босатуға рұқсат береді.
Рұқсаттың мерзімі ____________________________________________________________________
(белгіленген күнге дейін немесе белгілі көлемін пайдаланғанға дейін)
_______________________________
(қызметі, аты-жөні, қолы)
Комитеттің М.О.
"___" _______ 199____ ж.
рұқсат етуге
N ____ қосымша
"Келісілген" "Бекітілген"
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
мемлекеттік кіріс министрлігі денсаулық сақтау, білім беру
Алкоголь өнімін өндіру және оның және спорт министрлігінің
айналымын мемлекеттік бақылау денсаулық сақтау Комитетінің
жөніндегі Комитетінің комиссия
мәжілісінің
"__" __ 1999 жылғы N__ хаттамасы "__"___ 1999 жылғы бұйрығы
199 ____ ж. ________________________________________
(этил спиртін өндіруші мекеменің атауы)
акциз төлемінсіз этил спиртін пайдалануға құқылы
фармацевтикалық кәсіпорындар мен мемлекеттік медициналық мекемелердің Тізбесі
________________________________________________________________________
N№ ! Мекеменің атауы !Тұрағы !1999 жылы спиртті талап ету көлемі,
р/н! !(мекен-! литр
! !жайы) !__________________________________
! ! !Барлы!1 тоқ-!2 тоқ- !3 тоқсан!4 тоқ-
! ! !ғы ! сан ! сан ! тал ! сан
___!________________________!_______!_____!______!_______!________!______
___!________________________!_______!_____!______!_______!________!______
___!________________________!_______!_____!______!_______!________!______
___!________________________!_______!_____!______!_______!________!______
N 3-қосымша
Қазақстан Республикасының фармацевтік кәсіпорындары мен мемлекеттік медициналық мекемелерінің 199__ жылдың ____ тоқсанында этил спиртін тұтыну туралы Есебі
______________________________________________________________________
Рет! Облыстың атауы ! Есеп беру кезін-!Есеп беру кезін-!Этил спир-
са-! !дегі белгіленген !дегі этил спир- !тінің қал- ны ! !квота, дал сусыз !тінің нақты алын!дықтары,
! !спирт !ғаны, Дал сусыз !дал сусыз
! ! !спирт !спирт
___!____________________!_________________!________________!__________
_1_!_________2__________!________3________!________4_______!_____5____
1
2
...
Барлығы:
______________________________________________________________________
Комитет төрағасы
(қолы, мөрі)