Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылдық округінің Сазы ауылын Ақши ауылдық округіне әкімшілік бағыныштылыққа өткізіп беру туралы
Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабындағы 3-тармаққа сәйкес, Сазы ауылы тұрғындарының, Еңбекшіқазақ ауданы өкілетті және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Алматы облыстық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылдық округінің Сазы ауылын Ақши ауылдық округіне әкімшілік бағыныштылыққа өткізіп беру туралы от 10.04.2008 г. № 58 (Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылдық округінің Сазы ауылын Ақши ауылдық округіне әкімшілік бағыныштылыққа өткізіп беру туралы)
0
1
1. Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылдық округінің Сазы ауылы, жер пайдалану шегі аумағымен бірге осы ауданның Ақши ауылдық округіне әкімшілік бағыныштылыққа берілсін.
2
2. Облыстық статистика басқармасы облыстық әкімшілік-аумақтық бірліктерінің есепке алынуы мен тіркелуіне, сондай-ақ олардың бағыныштылығына тиісті өзгерістер енгізсін.
3
3. Алматы облысының жер қатынастары басқармасы, жер есептеу құжаттарына қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзгерістер енгізсін.
4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімнің бірінші орынбасары В.А.Долженковқа жүктелсін.
5
5. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.