О введении временного запрета на вывоз бензина и дизельного топлива Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.08.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бензин және дизель отынын әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуірдегі Кеден кодексінің 8-бабының 2-тармағына сәйкес және ішкі нарықты мұнай өнімдерімен тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағынан бензинді (СЭҚ ТН 2710 11 410 0 - 2710 11 590 0) және дизель отынын (СЭҚ ТН 2710 19 410 0 - 2710 19 490 0) әкетуге 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін тыйым салынсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетін Қазақстан Республикасы осы қаулының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан бензинді және дизель отынын әкетуге тыйым салуды енгізетіні туралы хабардар етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.