О переименовании улиц в городе Степногорске Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Степногорск қаласындағы көшелердің атын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 13 бабына сәйкес, қала әкімінің 2008 жылғы 27 ақпандағы № 03-20ш/349 хатының негізінде және Тіл саясаты және ономастика жөніндегі қалалық комиссиясының 2008 жылғы 20 ақпандағы шешіміне сәйкес Степногорск қалалық әкімдігі мен мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Степногорск қаласындағы «Коммунальная» көшесінің атауы «Достық» көшесіне, «Комсомольская» көшесінің атауы «Жастар» көшесі болып өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім Степногорск қаласының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған соң қолданысқа енгізіледі.