Об оказании адресной социальной помощи Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.08.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы әкімінің 28.12.2004 № 69 шешімімен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің уақытша тәртібін бекіту туралы 1999 жылғы 22 шілдедегі № 1036 қаулысын орындау үшңн шешім етемін:
Тармақ 1
1. 1999 жылғы сәуірдің 1 -нен бастап жергілікті бюджет қаржысынан төлем жасауға атаулы әлеуметтік көмек белгіленсін: балалары бар отбасыларына ай сайынғы жәрдемақы; тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына (азаматтарға) коммуналдық тұтыну қызметін және тұрғын үйді ұстауға төлейтін тұрғын үй көмегі түріндегі жәрдемақы; бала туғандағы әлеуметтік көмек; жұмыссыз және жұмыс жасаған азаматтарды жерлеуге жұмсалатын әлеуметтік көмек; жұмыссыздарға материалдық көмек.
Тармақ 2
2. "Атаулы әлеуметтік көмек көрсету тәртібі'' бекітілсін (жалғанды).
Тармақ 3
3. Атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақы мынадай мөлшерде белгіленсін:
Тармақша 1
1)балалары бар отбасыларына: кәмелеттік жасқа толмағандарға, бірыңғай -1,0 айлық есептік көрсеткіш үйде тәрбиеленуші және оқитын мүгедек балаларға -2,0 айлық есептік көрсеткіш қысқа мерзімді міндетін атқарушы әскери қызметшілердің балаларына - 1,0 айлық есептік көрсеткіш СПИД дертімен ауыратындарға немесе имуннотапшылығыңдағы адамның жұқпалы вирусы тараған балаларға -1,0 айлық есептік көрсеткіш 7 жасқа дейінгі 4 және одан да көп балалары бар жұмыссыз көп балалы аналарға - 1,0 айлық есептік көрсеткіш
Тармақша 2
2)бала туғанда - 4,0 айлық есептік көрсеткіш
Тармақша 3
3)жұмыс істеген азаматтарды жерлеуге - 10,0 айлық есептік көрсеткіш
Тармақша 4
4) жұмыссыз азаматтарды жерлеуге материалдық көмек -10,0 айлық есептік көрсеткіш 5) жұмыссыз азаматтарға материалдық көмек - 1,5 айлық есептік көрсеткіш Ағымдағы жылда бекітілген Республикалық бюджет Заңына байланысты жәрдемақы айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне қарай төленеді. 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Коммуналдық қызмет және тұрғын үйді ұстау төлеміне көшудің жаңа тәсілдері туралы 1996 эылғы 12 сәуірдегі № 437 қаулысына сәйкес тұрғын үйін ұстауға және коммуналдық қызметті тұтынуға төлеуі үшін халықтың тұрмысы төмен жігіне тұрғын үй көмегі берілсін. 5. Атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақысын тағайындау және төлеуді іске асыру өкілдігі облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуеттік қорғау басқармасына (А.Баужанова)берілсін. 6. Қалалар және аудандар әкімдері, облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы (А.Баужанова) қоғамдық орындарда және тұрғындар арасында осы шешім бойынша түсінік жұмыстарын ұйымдастырсын. 7. Қалалар және аудандар әкімдері, облыстық қаржы басқармасы (С.Шаметова) жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде берлгіленген әлеуметтік жәрдемақыларды уақытында қаржыландыруды қамтамасыз етсін. 1999 жылы жергілікті бюджетте қаралып, 1999 жылдың 1 сәуірінен бастап тағайындалған, бірақ, қаржының тапшылығына байланысты төленбеген атаулы әлеуметтік көмек үстіміздегі жылғы кредиторлық қарыз есебінде көрсетілсін. 8. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ж.Р. Аманқуловқа жүктелсін. 9. Осы шешім облыстық Маңғыстау және Местное время газеттерінде жариялансын. 10. Облыс әкімінің осы шешімі ресми жарияланған күннен бастап өз күшіне енеді.
Басқа 8
Облыс әкімінің 01.09.1999 ж. № 208 шешімімен бекітілді Атаулы әлеуметтік комек көрсету Т Ә Р Т 1 Б I Осы тәртіп Қазақстан Реепубликасы Үкіметінің ''Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің уақытша тәртібін бекіту туралы" 1999 жылғы 22 шілдедегі N 1036 қаулысы негізінде жасақталды және тұрмысы төмен тұрғындар жігіне атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақысын тағайындаудың, төлеудің тәртібін айқындайды.
Тарау 1. 1 бөлім. Атаулы әлеуметтік кө мек жәрдемақысын тағайындау органдары.
1 бөлім. Атаулы әлеуметтік кө мек жәрдемақысын тағайындау органдары.
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 1998 жылдың 29 шілдедегі N 138 бұйрығына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақысын тағайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін аудандық, қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қадағалау бөлімдерінің құрамында халыққа әлеуметтік көмек көрсету Орталықтары құрылды.
Тармақ 2
2. Халыққа әлеуметтік көмек көрсету Орталықтарында атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді тағайындау немесе оның күтпін жою мәселелеріне арналған материалдарды дайындау және оны шешу үшін жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, аудандық (қалалық) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерінің басшылары мен халыққа әлеуметтік көмек көрсету Орталығының мамандары арасынан арнайы комиссия құрылады.
Тармақ 3
3. Халыққа әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі аудандық (қалалық) комиссиялар: азаматтардың әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі жазған өтініштерін қарайды; отбасылар дың және жалғызілікті азаматтардың әлеуметтік тұрмыстық жағдайын және қамтамасыз етілу деңгейін тексереді; атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді тағайындау оның күшін жою жөнінде шешім қабылдайды.
Тарау 2. 2 бөлім. Атаулы әлеуметтік көмек көрсетуду тағайындаудың тәртібі және шарттары.
2 бөлім. Атаулы әлеуметтік көмек көрсетуду тағайындаудың тәртібі және шарттары.
Тармақ 1
1. Атаулы әлеуметтік жәрдем ақы алу құқығы Қазақстан Ресиубликасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 шілдедегі N 1036 "Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің уақытша тәртібін бекіту туралы'', 1997 жыл 21 наурыздағы N 382 "Балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі Ережені бекіту туралы" қаулыларына, Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 1997 жыл 2 сәуірдегі N 2 және Қазақстан Республикасының Экономика министрлігімен, Қаржы министрлігімен келісілген Қазақстан Республикасы Ұлттық статагенттігі директорының 1997 жылғы 26 наурыздағы N Р-9 1/124 бұйрықтарымен бекітілген жиынтық табысты есептеу тәртібі туралы нұсқауға және осы Тәртіпке сәйкес айқындалады.
Тармақ 2
2. Атаулы әлеуметтік көмек көрсетілу құқын алған адам жазған өтінішіне қоса тұрғылықты жері бойынша мынадай құжаттарды қосымша тапсырады:
Тармақша 1
1) Балалары бар отбасыларына жәрдемақы тағайындау кезіңде: Бірыңғай жәрдемақы түрінде: алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басының куәлігі) өтініш (тапқан табысы; не анықтама және кәсіпкерлікпен айналыспайтындығы жөнінде мәліметтен басқа отбасының басқалай табысы жоқтығы өтініште көрсетіледі); әр баланың туған жылы туралы куәлігінің көшірмесі; отбасының құрамы туралы анықтамалар; заңды тұлға құрмастан кәсіпкерліктен айналысатын отбасы мүшелері өткен ай үшін салық органдарынан анықтамалар тапсырады; жұмыссыз ата аналар жұмыссыздыққа байланысты қалалық, және аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерінен өткен айға алған жәрдемақы мөлшері көрсетілген анықтама тапсырады; салық төлеушінің тіркелген нөмері (бұдан әрі РНН; үйде тәрбиеленуші және оқитын мүгедек-балаларға жәрдемақы түрінде: жоғарыда атап көрсетілген құжаттарға қосымша үйдегі мүгедек баланы тәрбиелеу және оқытудың міндеттілігі жөнінде ведомствоаралық психолог-дәрігерлік-педагогикалық, кеңес беру комиссиясының шешімін тапсырады; 7 жасқа деиінгі 4 және одан да көп балалары бар көпбалалы жұмыссыз аналарға жәрдемақы түрінде: жоғарыда атап көрсетілген құжаттарға қосымша еңбек кітапшасының көшірмесін, жұмыссыздар үшін қалалық, аудандық еңбек жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерінен анықтама тапсырады; СПИД дертімен ауыратын немесе иммунотапшылығы бар адамнан журналы вирус алған балаларға жәрдемақы түрінде: жоғарыда атап көрсетілген құжаттарға қосымша емдеу ұйымдарынан тиісті құжаттар тапсырады ; қысқа мерзімдік қызметтегі әскери қызметшілердің балаларына жәрдемақы түрінде: жоғарыдағы атап көрсетілген құжаттарға қосымша баланың әкесінің атқарған қызметінің уақыты көрсетіліп, онда міндетті әскери қызметін өтеу жөніндегі аудандық (қалалық) әскери комиссариаттан анықтама тапсырады.
Тармақша 2
2) Жәрдемақы түріндегі тұрғын үй көмегін тағайындау кезіпде: өтініш; өтініш жасаған адамның жеке басын куәландыратын құжаты (жеке басынының куәлігі); жекешелендірілген тұрғын үйінің келісім шарты, сату- сатып алу келісім шарты сыйға тартудың келісім-шарты, мұраға алу құқығы туралы куәлік; пәтерде, үйде тұратын адамдар туралы мәліметтер берілген анықтама; отбасының тапқан табысы туралы анықтамалар: жұмыс «орнын, оқу орнынан әскери қызметтен, жұмыссыздығына байланысты материалдық көмек, зейнетақылары., жәрдемақылары, өтемақылары, алименттері, заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлікпен айналысатын адамдар үшін қосытша шаруашылық ұстайтындығы туралы, кәсіпкерлікпен айналысатын адамнан салық органынан расталған анықтама талап етіледі; есеп кітапшалары, анықтамалар, коммуналдық қызметті пайдалану және тұрғын үйді ұстау төлемінің деректі анықтамалары: газға арналған есеп кітапшасы: РНН
Тармақша 3
3)Бала туғанда әл еуметтік көмекті тағайындау кезінде: өтініш; өтініш жасаған адамның жеке басынының куәлігі; балалы болғаны жөнінде куәлігінің көшірмесі; отбасы құрамы жөнінде анықтама; өткен айда отбасынының тапқан табысы жөнінде анықтама;
Тармақша 4
4)Жұмыссыз азаматтарға материалдық көмекті тағайындау кезінде: өтініш; өтініш жасаған адамның жеке басының куәлігі: еңбек кітапшасы; жұмыссыздық мәртебесі берілгендігі туралы анықтама; отбасы құрамы туралы анықтама; отбасының өткен айда тапқан табысы туралы анықтама; РНН.
Тармақша 5
5)Жұмыс істеген азаматтарды жерлеуге әлеуметгік көмекті тағайындау кезінде: қаза болған адамды жерлеу қызметін атқарған адамның өтініші: жәрдемқы алушы адамның тұрғылықты, жерінен анықтама: сақтандыру кассасына көрсету үшін қаза болғаңдығы туралы азаматтық хал актілер тіркеу бөлімінен анықтама; қаза болған азаматтың еңбек кітапшасының көшірмесі; РНН.
Тармақша 6
6)Ж ұмыссыздарды жерлеуге материалдық көмекті тағайындау кезінде: қаза болған адамды жерлеу қызметін атқарған адамның өтініші: жеке басының куәлігі; жәрдемақы алушы адамның тұрғылықты ж ерінен анықтама; сақтаңдыру кассасына көрсету үшін қаза болғандығы туралы азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінен анықтама; қаза болған адам жұмыссыз деген еңбек жөіөдегі өкілетті органның анықтамасы; РНН. Белгіленген тәртіппен куәландырылған құжаттарды түпнұсқа немесе көшірме түрінде де тапсыруға болады. Тек қаза болғандығы жөніндегі азаматтық хал-актілерін тіркеу бөлімінен сақтандыру кассасына көрсету үшін алынатын анықтаманың түпнұсқасы болуы шарт. Ол түпнұсқада табыс етіледі.
Тармақ 3
3. Өтініш жасаған азамат берген мәліметтерінің дұрыстығы үшін толық жауап береді. Егер, қандайма болмасын қателік жіберілгені анықталса (табысты жасыру, отбасы құрамы туралы қате мәлімет ) қолданылып жүрген заң шеңберінде төленген қаржы кінәлі адамнан кері өндіріліп алынады.
Тармақ 4
4. Өлі туған балаға жердемақы тағайындалмайды. 5. Жәрдемақы 1999 жыл 1 сәуірден кейін туған балаға тағайындалады және туғанына 12 ай толмастан бұрын өтініп берілуі керек.
Тармақ 6
6. Жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге арналған жәрдемақы, 1999 жылғы 1 сәуірден кейін қайтыс болғандарга, оның өлген күннен бастап 6 айдан кепікпей өтініш жасалған жағдайда тағайыңдалады.
Тармақ 7
7. Жұмыссыздық мәртебесін алған жұмыссызға материалдық көмек, оған құқығы бар болған жағдайда, сол өтініш жасаған айдан бастап тағайындалады.
Тармақ 8
8. Балалары бар отбасыларына жәрдемақы, оған құқығы бар болған жағдайда сол өтініш жасаған айдан бастап тағайындалады.
Тармақ 9
9. Жардемақы түріндегі тұрғын үй көмегі, оған құқығы бар болған жағдайда, сол өтініп жасаған айдан бастап тағайын далады.
Тармақ 10
10. Атаулы әлеуметтік көмек аудандық (қалалық) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссияға қажетті құжаттар мен өтінішін тапсырған күннен бастап 10 күн мерзімде тағайындалады және хаттамамен ресімделеді ол алушының жеке іс құжатына тігіледі. Егерде жәрдемақы тағайындаудан бас тартылған жағдайда халықты әлеуметтік қорғау орталығы өтініш берушіге бас тартуға себебін жазбаша түрде көрсетіп хабарлайды және құжаттарын қайтарып береді.
Тарау 3. 3 бөлім. Атаулы әлеуметтік жәрдемақыны қаржыландыру және төлеу.
3 бөлім. Атаулы әлеуметтік жәрдемақыны қаржыландыру және төлеу.
Тармақ 1
1. Атаулы әлеуметтік жәрдемақының барлық түрлерін қалалық және аудандық еңбек жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері бюджет шығыны классификациясы бойынша жергілікті бюджет қаржысы есебінен төлейді.
Тармақ 2
2. Қалалық және аудандық қаржы бөлімдері жергілікті бюджетте тұрған бюджеттік ұйымдарды қаржыландыру жөніндегі нұсқау мен бекітілген шығыстар сметасына сәйкес көрсетілген қаражатты кейіннен Агенттік келісімге сәйкес Қазақстанның Акционерлік Халықтық жинақ банкісінің филиалдарына аударылуы үшін ай сайын қалалық және аудандық еңбек жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерінің бюджеттік есеп-шотына аударады.
Тармақ 3
3. Қалалық және аудандық еңбек жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері: Осы Тәртіптегі 2 бөлімнің 1 тармағы негізінде әрбір алушыға арнап іс-қағазын жасақтайды, оның арнайы жеке салымы бойыша дербес шотының номерін жеке басының куәлігі мәліметтерін, РНН, тұратын мекен-жайын көрсете отырып, әлеуметтік көмекті төлеу жөніндегі есеп карточкасын ашады. Қалалық және аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдері әр айдың 30- 31 кундері атаулы әлеуметтік кемек жәрдемақысын тағайындау журналы бойынша есеп жасайды жәрдемақы түрлері бойынша ал ушылардың санын, тағайындалған көмектің сомасын шығарады және қажет етілетін ақша қаражатына арналған өтінімді 3 дана етіп жасайды, Комиссиялық көтермелеудің мөлшерін көрсете отырып, оньщ бір данасы аудандық (қалалық) қаржы бөліміне, екінші данасы облыстық еңбек, халқты жұмыспен қамту және әлеуметтік орган басқармасына табыс етіледі. Осы Тәртіптегі 3 бөлімнің 2 тармағы негізінде ақшалай қаржының есеп-шотқа түсу мумкіндінше қарай, қалалық және аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері атаулы әлеуметтік жәрдемақы көмегін көрсетудің арнаулы салымдарына енгізу үшін тізім және жәрдемақы түрінің әрқайсысы жөніндегі бөлек қағаздағы және электроңдық қолдану құжаты бойынша өткен ай үшін мемлекеттік кәсіпорындардың байланысу поштасы арқылы атаулы әлеуметтік жәрдемақы көмегіне төлеудің ведомость-ті зімін жасақтайды. Агенттік келісімге сәйкс Халықтық банкінің аудандық (қалалық )филиалдарының есеп шотына- төлеуге арналған жәрдемақылар қаражаты мен комиссиалық көтермелеу сомасы әр мезгілде аударылады.
Тармақ 4
4. Халықтық банкінің филиалдары атаулы әлеуметтік жәрдем ақы көмегін төлеуді алушылардың тізімі негзінде алушы жеке басының куәлігін көрсету бойынша жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Атаулы әлеуметгік жәрдемақы көмегін төлеу мынадай жағдаятта жүргізіледі 1 жылдан аспайтын мерзімге нотариалдық тәртіппен куәландырылған сенімхаты, тұрғылықты жері бойынша тұрғын үйді пайдалану мекемесі немесе олардың стационарлық емделуде жатқаны жөнінде емдеу ұйымдастыру 4 айдан аспайтын куәландырылған сенімхаты бойынша.
Тармақ 6
6. Атаулы әлеуметтік жәрдемақы көмегін көрсетуге байланысты есеп жүргізу, бақылау және есеп беруі жергілікті деңгейде қалалық, аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері жанындағы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі Орталықтарға жүктеледі.
Тармақ 7
7. Ай сайын қалалық және аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері төлем жасалған айдан кейінгі айдың күнінен кешіктірмей халықтық банкінің филиалдарімен бірлесіп жәрдемақы түрлері бойынша төленген қосынды санына байланысты салыстыру актісі жасақталады.
Тармақ 8
8. Ай сайын қалалық және аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері әр айдың 10 күннен кешіктермей атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге төленбеген қосынды саны бойынша және оның құрамы бойынша жүргізілген салыстыру-актісі негізінде қорытынды жасақтайды және оны облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына таныстырады.
Тармақ 9
9. Қалалық және аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдері белгіленген үлгі бойынша тоқсан сайынғы қорытынды есебінде, аудандық, қалалық қаржы бөлімдеріне облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау басқармасына жане облыстық қаржы басқармасына әлеуметтік көмекке тағайындалған және төленген сомасы жөінінде ақпарлама береді.
Тармақ 10
10. Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек көрсетуді тағайындайды: қалалық және аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту облыстық еңбек қорғау басқармасы жүргізеді.