Об установлении повышенных на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок гражданским служащим социального обеспечения, образования, культуры, работающим в аульной (сельской) местности Қолданыста
Басқа 0
Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласындағы азаматтық қызметкерлердің жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкаларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 238-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қалалық жағдайда осы қызметпен айналысатын азаматтық қызметкерлердің жалақылары мен ставкаларын салыстыра отырып, 2008 жылғы аудандық бюджет қаражаты есебінен ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласындағы азаматтық қызметкерлердің жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкалары белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына айлықақы мен тарифтік ставкаларын көтеру туралы» мәслихаттың 2006 жылғы 6 шілдедегі № 280 шешімінің (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-20-31 2006 жылғы 21 шілде) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.