О товарных знаках, знаках обслуживания, географических указаниях и наименованиях мест происхождения товаров Қолданыста
Басқа 0
Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы
📌 Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша:
«тауар белгісінің немесе тауар шығарылған жердің атауын», «тауар таңбасының немесе тауар шығарылатын жердің атауын» деген сөздер тиісінше «тауар белгісінің иесі (құқық иеленуші) немесе тауар шығарылған жердің атауын», «тауар белгісінің иесі (құқық иеленуші) немесе тауар шығарылған жердің атауын» деген сөздермен ауыстырылды;
«араласып кеткен дәрежеге дейiн оларға ұқсас белгiлердi», «олар араласып кеткен дәрежеге дейiн бiрдей немесе ұқсас белгiлер», «айырғысыз дәрежеге дейін бірдей немесе ұқсас», «аумайтындай дәрежеде онымен бiрдей немесе ұқсас», «бiрдей немесе араласып кету дәрежесiне дейiн ұқсас», «араласып кеткен дәрежеге дейiн олармен ұқсас белгiлердi», «араласып кеткен дәрежеге дейiн олармен ұқсас белгiлердi», «араласып кеткен дәрежеге дейiн онымен ұқсас белгiнi», «олармен айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлеме», «олармен айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлемені», «онымен айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлемені» деген сөздер тиісінше «оларға айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгiлемелердi», «бiрдей немесе олар айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлемелер», «бірдей немесе айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас», «бірдей немесе айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас», «бірдей немесе айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас», «оларға айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлемелердi», «оған айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлеменi», «оларға айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлеменi», «оларға айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлеме», «оларға айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлеменi», «оған айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлеменi» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Осы Заң Қазақстан Республикасында тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін, географиялық нұсқамаларды және тауар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге, құқықтық қорғауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді.
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) айрықша құқық – тауар таңбасын немесе тауар шығарылған жердiң атауын өз қалауы бойынша кез келген тәсiлмен пайдалануға оның иесінің мүліктік құқығы;
Тармақша 1-1
1-1) айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілер – жекелеген элементтерінің айырмашылығы бар және тұтынушы ұқсастық тұрғысында бірдей деп қабылдайтын ұқсас белгілер немесе белгілемелер;
Тармақша 1-2
1-2) бірдей тауар белгілері – барлық элементтері сәйкес келетін белгілер немесе белгілемелер;
Тармақша 1-3
1-3) бiртектес тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер – бір функцияны орындайтын, бір тектеске (түрге) жататын, тауарларда бiрдей немесе ұқсас белгілерді қолданған кезде тұтынушыда олардың бір өндірушіге тиесілі екені туралы пікір тудыруы мүмкін тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер;
Тармақша 2
2) бюллетень – тауар таңбалары мен тауар шығарылған жерлердің атауларын қорғау мәселелері жөніндегі ресми мерзімдік басылым;
Тармақша 3
3) географиялық нұсқама – географиялық объектінің аумағынан шығарылатын, белгілі бір сапасы, репутациясы немесе басқа да сипаттамалары едәуір дәрежеде оның географиялық шығу тегімен байланысты тауарды сәйкестендіретін белгілеме. Осы географиялық объектінің аумағында тауардың сипаттамаларының қалыптасуына елеулі әсер ететін, оны өндірудің кем дегенде бір сатысы жүзеге асырылуға тиіс;
Тармақша 4
4) жалпыға бiрдей белгiлi тауар белгісі – уәкілетті органның мүдделi тұлғалар дәлелдемелеріне негiзделген шешiмiмен жалпыға бірдей белгілі деп танылған, тауар белгісі ретiнде пайдаланылып жүрген белгiлеме немесе тауар белгісі;
Тармақша 4-1
4-1) Мадрид келісімі – 1891 жылғы 14 сәуірдегі Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі;
Тармақша 4-2
4-2) Мадрид келісіміне хаттама – 1989 жылғы 28 маусымдағы Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне хаттама;
Тармақша 5
5) өтініш беруші – тауар белгісін тіркеуге немесе географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын тіркеуге және беруге арналған өтінімді берген заңды немесе жеке тұлға;
Тармақша 6
6) патенттiк сенiм білдірілген өкiлдер – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттi орган мен сараптама жасау ұйымы алдында жеке және заңды тұлғалардың өкiлi болу құқығы берiлген Қазақстан Республикасының азаматтары;
Тармақша 6-1
6-1) Сингапур шарты – 2006 жылғы 27 наурыздағы Тауар таңбалары жөніндегі заңдар туралы Сингапур шарты;
Тармақша 7
7) Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің халықаралық сыныптамасы – 1957 жылғы 15 маусымда Ницце келiсiмiмен қабылданған, кейiннен өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген сыныптама;
Тармақша 8
8) тауар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы (бұдан әрi – тауар таңбасы) – осы Заңға сәйкес тiркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттарға орай тiркеусiз қорғалатын, бiр заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын (көрсететін қызметтерiн) басқа заңды немесе жеке тұлғаның бiртектес тауарларынан (көрсететін қызметтерiнен) ажырату үшiн қызмет ететiн белгi;
Тармақша 9
9) тауар белгісін, географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану – тауар белгісін, географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын олар қорғалатын тауарларда және қызметтер көрсету кезінде олардың қаптамаларында орналастыру, тауар белгісінің, географиялық нұсқаманың және тауар шығарылған жердің атауының белгiлемесi бар тауарды жасау, қолдану, әкелу, сақтау, сатуға ұсыну, сату, маңдайшажазуларда, жарнамада, баспа өнiмiнде немесе өзге де iскерлiк құжаттамада қолдану, сондай-ақ оларды айналымға өзгеше енгiзу;
Тармақша 10
10) тауар белгісінің иесі (құқық иеленуші) немесе географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының иесі – осы Заңға сәйкес тауар белгісіне айрықша құқыққа немесе географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалануға айрықша құқыққа ие жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 11
11) тауар шығарылған жердің атауы – елдің, елді мекеннің, жергілікті жердің немесе басқа да географиялық объектінің қазіргі немесе тарихи, ресми немесе бейресми, толық немесе қысқартылған атауын білдіретін не атауы бар, осындай атауды қамтитын немесе осындай атаудан шыққан және ерекше қасиеттері тек қана немесе негізінен осы географиялық объектіге тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адами факторлармен айқындалатын тауарға қатысты оны пайдалану нәтижесінде белгілі болған белгілеме. Осы географиялық объектінің аумағында тауар өндірудің тауардың ерекше қасиеттерінің қалыптасуына елеулі әсер ететін барлық сатысы жүзеге асырылуға тиіс;
Тармақша 12
12) ұжымдық тауар таңбасы – бұл заңды тұлғалардың және (немесе) дара кәсiпкерлердiң (бұдан әрi – бiрлестiк) қауымдастығының (одағының) немесе өзге де бiрлестiгiнiң немесе бiрыңғай сапалық немесе басқа да сипаттамалары бар олар шығаратын немесе сататын тауарларды (көрсетілетін қызметтердi) белгiлеу үшiн қызмет ететiн тауар таңбасы.
📌 Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 07.04.2015 № 300-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 2. 2-бап. Қазақстан Республикасының тауар белгілері,
қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар
және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары
туралы заңнамасы
2-бап. Қазақстан Республикасының тауар белгілері,
қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар
және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары
туралы заңнамасы
📌 Ескерту. 2-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 07.04.2015 № 300-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзге ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
📌 Ескерту. 2-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.04.2015 № 300-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 3. 3-бап. Тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін,
географиялық нұсқамаларды және тауарлар
шығарылған жерлердiң атауларын қорғау
саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган
3-бап. Тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін,
географиялық нұсқамаларды және тауарлар
шығарылған жерлердiң атауларын қорғау
саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган
📌 Ескерту. 3-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 1
1. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) –Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын және тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін, географиялық нұсқамаларды және тауарлар шығарылған жерлердiң атауларын қорғау саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.
Тармақ 2
2. Уәкiлеттi органның құзыретiне мыналар жатады:
Тармақша 1
1) тауар белгілерін, географиялық нұсқамаларды және тауарлар шығарылған жерлердiң атауларын құқықтық қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруға қатысу;
Тармақша 2
2) мыналарды:
тауар белгілеріне, географиялық нұсқамаларға және тауарлар шығарылған жерлердің атауларына арналған өтінімдерге сараптама жүргізу қағидаларын;
тауар белгілерін, географиялық нұсқамаларды және тауарлар шығарылған жерлердің атауларын Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде, Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімінде және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, тіркеудің қолданысын тоқтату және оны жарамсыз деп тану қағидаларын;
тауар белгісіне айрықша құқық беруді, оны пайдалануға құқықты табыстауды Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларын;
Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінен, Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімінен және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмелер беру қағидаларын;
апелляциялық кеңестің қарсылықтарды қарау қағидаларын;
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес тауар белгілеріне арналған өтінімдерді қарау қағидаларын;
патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережені;
апелляциялық кеңес туралы ережені;
апелляциялық комиссия туралы ережені;
тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану жөніндегі комиссия туралы ережені;
тауар белгісін немесе тауар белгісі ретінде пайдаланылатын белгілемені Қазақстан Республикасында жалпыға бiрдей белгiлi тауар белгісі ретінде тану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 3
3) тауар белгілерін, географиялық нұсқамаларды және тауарлар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге қатысты мәліметтерді бюллетеньде жариялау тәртібін айқындау;
Тармақша 4
4) патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау, оларды патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде (тізілімдерінде) тіркеу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен (тізілімдерінен) шығару, патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігін жарамсыз деп тану және патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізіліміндегі (тізілімдеріндегі) мәліметтердің күшін жою;
Тармақша 5
5) алып тасталды – ҚР 24.11.2025 № 233-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 6
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
📌 Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09 № 586; 2007.03.02 № 237; 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.04.2015 № 300-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2025 № 233-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 3-1. 3-1-бап. Сараптама ұйымы
3-1-бап. Сараптама ұйымы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, өз қызметінде уәкілетті органға ведомстволық бағынысты сараптама ұйымы:
Тармақша 1
1) тауар белгілеріне, географиялық нұсқамаларға және тауар шығарылған жерлердiң атауларына арналған өтінімдерге сараптама жүргізеді;
Тармақша 2
2) тауар белгілерін, географиялық нұсқамаларды және тауар шығарылған жерлердiң атауларын Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде, Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімінде және Тауар шығарылған жерлердiң атауларының мемлекеттік тізілімінде тіркейді және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын береді, тіркеудің қолданысын тоқтатуды және оны жарамсыз деп тануды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) тауар белгісіне айрықша құқық беруді, оны пайдалануға құқықты табыстауды Тауар белгілерінің мемлекеттік тiзiлiмінде тіркейді;
Тармақша 4
4) Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімін, Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімін және Тауар шығарылған жерлердiң атауларының мемлекеттік тізілімін, бюллетеньді жүргізеді және оларды өзінің интернет-ресурсына орналастырады;
Тармақша 5
5) Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінен, Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімінен және Тауар шығарылған жерлердiң атауларының мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмелер береді;
Тармақша 6
6) тауар белгілерін, географиялық нұсқамаларды және тауар шығарылған жерлердiң атауларын тіркеуге жататын мәліметтерді бюллетеньде жариялайды;
Тармақша 7
7) тіркелген тауар белгілерінің, географиялық нұсқамалардың және тауар шығарылған жерлердің атауларының мәліметтерін мүдделі тұлғалардың өтініштері негізінде іздеуді жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес тауар белгілеріне, географиялық нұсқамаларға және тауар шығарылған жерлердің атауларына арналған өтінімдерді қарайды;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының
заңдарында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлерін жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Уәкілетті органмен келісу бойынша сараптама ұйымы тауар белгілерін, географиялық нұсқамаларды, тауар шығарылған жерлердің атауларын қорғау саласында қызметтер көрсеткені үшін осы ұйым шеккен шығындарды толық өтеу, оның қызметінің шығынсыздығы және өз кірістері есебінен қаржыландыру қамтамасыз етілген жағдайда, көрсетілетін қызметтердің бағаларын бекітеді.
📌 Ескерту. 1-тарау 3-1-баппен толықтырылды - ҚР 2004.07.09 № 586; жаңа редакцияда - ҚР 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР 24.11.2025 № 233-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Тарау 2. 2-тарау. Тауар таңбасын құқықтық қорғау және оны тіркеу шарттары
2-тарау. Тауар таңбасын құқықтық қорғау және оны тіркеу шарттары
Бап 4. 4-бап. Тауар белгілерін құқықтық қорғау
4-бап. Тауар белгілерін құқықтық қорғау
📌 Ескерту. 4-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 07.04.2015 № 300-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасында тауар белгілерін құқықтық қорғау осы Заңда белгiленген тәртiпте оларды тiркеу негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына орай тiркеусiз берiледi.
Тармақ 2
2. Тауар белгілерін құқықтық қорғау жеке немесе заңды тұлғаларға берiледі.
Тауар белгісіне айрықша құқық тауар белгісі Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген күннен бастап туындайды.
Тармақ 3
3. Тауар белгісіне құқық куәлiкпен куәландырылады және Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмемен расталады.
Куәлiктiң нысанын уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Тармақ 4
4. Тауар белгісінің иесi куәлiкте көрсетiлген тауарлар мен қызметтерге қатысты өзiне тиесiлi тауар белгісін пайдалану мен оған иелiк етудің айрықша құқығына ие болады. Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар белгісін оның иесiнiң келiсiмiнсiз ешкiм де пайдалана алмайды.
📌 Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.04.2015 № 300-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 5. 5-бап. Тауар таңбасы ретiнде тiркелетiн белгiлер
5-бап. Тауар таңбасы ретiнде тiркелетiн белгiлер
Тармақ 1
1. Тауар таңбасы ретiнде бейнелеу, сөз, әрiп, цифр, көлем белгiлерi және өзге де белгiлер немесе бiр тұлғалардың тауарлары мен қызметтерiн басқа тұлғалардың бiртектес тауарларынан немесе қызметтерiнен ажыратуға мүмкiндiк беретiн олардың аралас үлгiлерi тiркелуi мүмкiн.
Тармақ 2
2. Тауар таңбасы кез келген бояулы түсте немесе бояулы түстер үйлесiмiнде тiркелуi мүмкiн.
Бап 6. 6-бап. Тауар таңбасын тiркеуге жол бермейтiн абсолюттiк негiздер
6-бап. Тауар таңбасын тiркеуге жол бермейтiн абсолюттiк негiздер
Тармақ 1
1.
Ажыратылатын реңкi жоқ немесе тек мынадай:
Тармақша 1
1) тауарлардың(көрсетілетін қызметтердің) белгiлi бiр түрiн белгiлеу үшiн жалпыға ортақ қолданысқа енген;
Тармақша 2
2) жалпыға ортақ қабылданған рәмiздер мен терминдер болып табылатын;
Тармақша 3
3) тауарлардың түрін, сапасын, санын, қасиетін, мақсатын, құндылығын, олардың шығарылған немесе өткізілген жері мен уақытын, сондай-ақ қызметтер көрсетілетін жерді нұсқайтын;
Тармақша 3-1
3-1) дәрілік заттардың патенттелмейтін халықаралық атауларын немесе олардың негіздерін қайталайтын;
Тармақша 4
4) алып тасталды - ҚР 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
Тармақша 5
5) алып тасталды - ҚР 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
Тармақша 6
6) тауарларды немесе көрсетiлген қызметтердi белгiлеу үшiн пайдаланылатын олармен тiкелей сипаттамалық байланысы бар элементтерден тұратын белгілемелерді тауар белгілері ретінде тіркеуге жол берілмейді.
Тармақша 7
7) - 13) алып тасталды - ҚР 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Егер көрсетілген белгілемелер тауар белгісінде үстем жағдайда болмаса, оның қорғалмайтын элементтерi ретiнде пайдаланылуы мүмкiн.
Егер өтінім берілген күнге белгілеме пайдалану нәтижесінде ажыратылатын реңкке ие болса, көрсетілген белгілемелер тауар белгісі ретінде тіркелуі мүмкін. Ажыратылатын реңк деп бір жеке және (немесе) заңды тұлғалардың тауарларын (көрсетілетін қызметтерін) басқа жеке және (немесе) заңды тұлғалардың біртектес тауарларынан (көрсетілетін қызметтерінен) ажыратуға мүмкіндік беретін белгілемелердің сипаттамалары түсініледі.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк елтаңбаларды, тулар мен эмблемаларды, халықаралық ұйымдардың қысқартылған немесе толық атауларын және олардың елтаңбаларын, тулары мен эмблемаларын, ресми бақылаулық, кепiлдiк және сынамалық таңбаларды, мөрлердi, олимпиадалық рәмiздердi, наградаларды және басқа да айырым белгілерін, олардың элементтерін, сондай-ақ оларға айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгiлемелердi бейнелейтiн белгiлер тауар таңбалары ретiнде тiркелмейдi.
Егер белгi солардан ғана тұратын болмаса және егер оларды пайдалануға тиiстi құзыреттi органның немесе олардың иесiнiң келiсiмi бар болса, мұндай белгiлер қорғалмайтын элементтер ретiнде пайдаланылуы мүмкін.
Тармақ 3
3. Тауар таңбалары немесе олардың элементтерi ретiнде:
Тармақша 1
1) тауарға немесе оның жасаушысына, көрсетілетін қызметке немесе көрсетілетін қызметті беретін тұлғаға, сондай-ақ тауар өндірілген жерге қатысты жаңылыстыруы мүмкiн географиялық объектiлердiң атауларына қатысты жалған болып табылатын немесе жаңылыстыруы мүмкiн;
Тармақша 2
2) тауар шығарылған нақты жердi үстiрт түрде көрсететiн, бiрақ тауар басқа аумақтан шығарылғаны туралы қате түсiнiк беретiн;
Тармақша 3
3) минералды суларды, шараптарды немесе күштi спирт ішімдiктерiн бiрыңғайландыратын географиялық объектiнiң атаулары болып табылатын немесе оларды қамтитын белгiлердi, осы жерден шығарылмаған сондай тауарларды белгiлеу үшiн, сондай-ақ егер аударма пайдаланылса немесе белгiде "түрiнде", "үлгiсiнде", "стилiнде" деген немесе басқа да осындай сөздер қоса жазылса, сол белгiлердi;
Тармақша 4
4) өзiнiң мазмұны жөнiнен қоғамдық мүдделерге, адамгершiлiк пен iзгiлiк принциптерiне қайшы келетiн белгiлердi тiркеуге жол берiлмейдi.
📌 Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09 № 586; 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.04.2015 № 300-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2025 № 233-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 7. 7-бап. Тауар таңбасын тiркеуден бас тартудың өзге де негiздерi
7-бап. Тауар таңбасын тiркеуден бас тартудың өзге де негiздерi
Тармақ 1
1. Тауар таңбалары ретiнде:
Тармақша 1
1) осы Заңның 6-тарауына сәйкес тіркелуі жарамсыз деп танылған немесе оның қолданысы тоқтатылған тауар белгілерін қоспағанда, бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты басқа тұлғаның атына неғұрлым ертерек басымдықпен Қазақстан Республикасында тiркелген және халықаралық шарттарға орай қорғалатын тауар белгілерімен немесе сол тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты сол тұлғаның бірдей тауар белгілерімен;
Тармақша 2
2) тауарлар мен қызметтердiң кез келген түрiне қатысты Қазақстан Республикасында белгiленген тәртiппен жалпыға бiрдей белгiлi деп танылған тауар таңбаларымен;
Тармақша 3
3) бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге (кері қайтарып алынғандарынан және тоқтатылғандарынан басқа) қатысты басқа тұлғаның атына неғұрлым ертерек басымдықпен тiркеуге мәлімделген белгiлемелермен немесе сол тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты сол тұлғаның ұқсас белгілерімен;
Тармақша 4
4) алып тасталды - ҚР 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
Тармақша 5
5) егер тауар таңбасын тіркеу дараландыру үшін тауар шығарылған жердің атауы тіркелген тауарларға қатысты жүзеге асырылса, тауар шығарылған жердiң осы атауын пайдалану құқығы иесiнiң атына тiркелетiн тауар таңбасының қорғалмайтын элементi ретiнде олар енгiзiлуi мүмкiн жағдайларды қоспағанда, біртектес тауарларға қатысты географиялық нұсқамалармен және Қазақстан Республикасында қорғалатын тауарлар шығарылған жерлердің атауларымен бiрдей немесе олар айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлемелер тiркелуге жатпайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тауар белгілерінің қандай да біреуімен айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемені бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты тауар белгісі ретінде тіркеуге тауар белгісі иесінің жазбаша келісімі берілген жағдайда жол беріледі.
Егер иесі заңды тұлға болып табылса, онда жазбаша келісім фирмалық бланкіде ұсынылуға, оған уәкілетті адам қол қоюға және заңды тұлғаның мөрімен (бар болған жағдайда) бекемделуге тиіс, ал егер иесі жеке тұлға болса, онда қолтаңбаны нотариат куәландыруға тиіс.
Тармақ 2
2. Тауар таңбалары ретiнде:
Тармақша 1
1) олардың неғұрлым ертерек басымдығы болған жағдайда басқа тұлғалардың атындағы Қазақстан Республикасында қорғалатын өнеркәсiптi үлгiлер;
Тармақша 2
2) алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 586 Заңымен .
Тармақша 3
3) өтiнiм берiлген күнi авторлық құқықтарды бұзушылықпен Қазақстан Республикасында белгiлi әдебиет, ғылым және өнер туындыларының атаулары, белгiлi өнер туындылары мен олардың фрагменттерi;
Тармақша 4
4) осы адамдардың, олардың мұрагерлерiнiң немесе құқық мирасқорларының жеке мүлiктiк емес құқықтарын бұза отырып, олардың тектерiн, есiмдерiн, бүркеншiк аттарын және солардан таралатын есiмдердi, портреттерi мен факсимилелерiн қайталайтын, сондай-ақ егер бұл белгiлер Қазақстан Республикасы тарихы мен мәдениетiнiң игiлiгi болып табылса, олар тиiстi құзыреттi органның рұқсатынсыз тiркелмейдi.
Тармақ 3
3. Мәдениет саласындағы уәкілетті органмен келісілудің болмауы Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениеті игiлiгiн жаңғыртатын белгілемені тауар белгісі ретінде тіркеуден бас тартуға негіз болып табылады.
Тармақ 4
4. Осы бапта көзделген бас тартуға негіздер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес тауар белгілері ретінде Қазақстан Республикасының аумағында құқықтық қорғау алуға мәлімделген белгілемелерге қатысты да қолданылады.
📌 Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09 № 586; 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.04.2015 № 300-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2025 № 233-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 8. 8-бап. Өтiнiм беру
8-бап. Өтiнiм беру
Тармақ 1
1. Тауар белгісіне өтiнiмдi сараптама ұйымына бiр өтiнiм берушi бередi.
Тармақ 2
2. Ұжымдық тауар таңбасына өтiнiм ұжымдық тауар таңбасын пайдалану туралы оған қатысушылардың келiсiмiне сәйкес бiрлестiк атынан берiледi.
Тармақ 3
3. Алып тасталды - ҚР 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
📌 Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09 № 586; 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.04.2015 № 300-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 9. 9-бап. Тауар белгісін тіркеуге арналған өтінімге қойылатын талаптар
9-бап. Тауар белгісін тіркеуге арналған өтінімге қойылатын талаптар
📌 Ескерту. 9-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 07.04.2015 № 300-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тармақ 1
1. Өтiнiм бiр тауар таңбасына қатысты болуға тиiс.
Тармақ 2
2. Өтінім:
Тармақша 1
1) өтiнiм берушiнi, сондай-ақ оның орналасқан жерiн немесе тұрғылықты жерiн көрсете отырып, белгілемеге сараптама жүргiзу туралы өтiнiштi;
Тармақша 2
2) мәлiмделген белгiнi;
Тармақша 3
3) Тауарлар мен қызметтердiң халықаралық сыныптамасына сәйкес тауарлардың және (немесе) қызметтердiң тiзбесiн қамтуға тиiс.
Тармақ 3
3. Өтінiмге:
Тармақша 1
1) сараптама жүргізгені үшін көрсетілетін қызметке ақы төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 2
2) іс жүргізу өкіл арқылы жүргізілген жағдайда сенімхаттың көшірмесі;
Тармақша 3
3) ұжымдық тауар таңбасын өз атына тiркеуге уәкiлеттi ұйымның атауын, бұл таңбаны тiркеу мақсатын, осы таңбаны пайдалануға құқылы субъектiлер тiзбесiн, ұжымдық тауар таңбасымен белгiленетiн тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi мен бiрыңғай сапасын немесе өзге де сипаттамаларын, оны пайдалану шарттарын, оны пайдалануды бақылау тәртiбiн, ұжымдық тауар таңбасы жарғысының ережелерiн бұзғаны үшiн жауаптылықты қамтитын ұжымдық тауар таңбасы жарғысы (ұжымдық тауар таңбасына өтiнiм берiлген жағдайда) қоса тiркелуге тиiс.
Тармақ 4
4. Өтiнiм және оған қоса тiркелетiн құжаттар қазақ немесе орыс тiлiнде табыс етiледi. Егер құжаттар басқа тiлде табыс етiлген болса, өтiнiм берушi екі ай ішінде олардың қазақ немесе орыс тiлiндегi аудармасын тапсырады.
Тармақ 5
5. Өтiнiм берiлген күн осы баптың 2-тармағының талаптарына сай өтiнiмнің сараптама жасау ұйымына түскен күнi бойынша, егер аталған құжаттар бiр мезгiлде табыс етiлмеген жағдайда - табыс етiлген құжаттардың соңғысы келiп түскен күн бойынша белгiленедi.
Тармақ 6
6. Алып тасталды - ҚР 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
📌 Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09 № 586; 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.04.2015 № 300-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 10. 10-бап. Тауар таңбасының басымдығы
10-бап. Тауар таңбасының басымдығы
Тармақ 1
1. Тауар таңбасының басымдығы сараптама жасау ұйымына өтiнiмнiң түскен күнi бойынша белгіленедi.
Тармақ 2
2. Егер сараптама жасау ұйымына өтiнiм беру аталған күннен бастап алты ай iшiнде жүзеге асырылса, тауар таңбасының басымдығы (конвенциялық басымдық) Өнеркәсіптiк меншiктi қорғау жөнiндегi Париж конвенциясына қатысушы елде, сондай-ақ онда көзделген халықаралық немесе аймақтық ұйымда тауар таңбасына бiрiншi өтiнiм (өтiнiмдер) берiлген күн бойынша белгiленуi мүмкiн. Конвенциялық басымдыққа өтiнiш жасалған кезде өтiнiм берушi алғашқы өтiнiм нөмiрiн, берiлген күнiн және ол берiлген елдi көрсетіп, алғашқы өтiнiмнiң куәландырылған көшiрмесiн қоса тiркеуi қажет.
Тармақ 3
3. Ресми танылған халықаралық көрмелердiң экспонаттарына орналастырылған тауар таңбасының басымдығы (көрмелiк басымдық), егер сараптама жасау ұйымына тауар таңбасына өтiнiм беру көрсетiлген уақыттан бастап алты ай iшiнде жүзеге асырылса, көрмеде экспонатты ашық көрсете бастаған күн бойынша белгiленуi мүмкiн.
Тармақ 4
4. Конвенциялық немесе көрмелiк басымдық құқығын пайдаланғысы келетiн өтiнiм берушi мұны тауар таңбасына өтiнiм берген кезде немесе өтiнiм сараптама жасау ұйымына түскен күннен бастап екi ай iшiнде көрсетуге және осындай талаптың заңдылығын растайтын тиiстi құжаттарды тапсыруға мiндеттi.
Тармақ 5
5. Өтiнiм бөлiнген жағдайда өтiнiмдердiң әрқайсысы бойынша басымдық алғашқы өтiнiмнiң басымдық күнi бойынша белгiленедi.
Бөлiнген өтiнiмдер бойынша басымдық - сол өтiнiм берушiнiң алғашқы өтiнiмiнiң басымдық күнi бойынша, ал алғашқы өтiнiм бойынша неғұрлым ертерек басымдық белгiлеу құқығы бар болған кезде, егер бөлiнген өтiнiм берiлген күнге алғашқы өтiнiм қайтарылып алынбаса және қайтарылып алынған болып саналмаса және бөлiнген өтiнiмдi беру алғашқы өтiнiм бойынша шешiм шығарылғанға дейiн жүзеге асырылса осы басымдық күнi бойынша айқындалады.
Тармақ 6
6. Тауар белгісінің алуан түрлi тауарларға қатысты көптеген басымдығы алуан түрлi тауарларға қатысты өтiнiм берушiнiң бiр белгiлемеге берiлген бiрнеше өтiнiмi болған кезде оның өтiнiшхаты бойынша белгiленеді.
📌 Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09. N 586; 07.04.2015 № 300-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Тарау 3. 3-тарау. Тауар таңбасының сараптамасы
3-тарау. Тауар таңбасының сараптамасы
Бап 11. 11-бап. Өтінімге сараптама жүргізу тәртібі
11-бап. Өтінімге сараптама жүргізу тәртібі
Тармақ 1
1. Өтінімге сараптама кезең-кезеңімен:
Тармақша 1
1) алдын ала сараптама – өтінім берілген күннен бастап бір ай ішінде жүргізіледі.
Алдын ала сараптама өтінім берушінің өтінішхаты бойынша өтінім берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жеделдетілген тәртіппен жүргізіледі;
Тармақша 2
2) барысында мәлімделетін белгілеменің осы Заңның 6 және 7-баптарында белгіленген талаптарға сәйкестігі тексерілетін толық сараптама өтінім берілген күннен бастап жеті ай ішінде жүргізіледі.
Толық сараптама өтінім берушінің өтінішхаты бойынша өтінім берілген күннен бастап үш ай ішінде жеделдетілген тәртіппен жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Сараптаманың кез келген кезеңінде сараптама ұйымы қосымша материалдарды сұратуға құқылы, олар өтініш берушіге сұрау салу жіберілген күннен бастап үш ай ішінде ұсынылуға тиіс.
Өтінім бойынша іс жүргізу сұрау салу жіберілген күннен бастап сұрау салуға жауап алынғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Өтініш беруші белгіленген мерзімде қосымша материалдарды не көрсетілген мерзімді ұзарту туралы өтінішхатты ұсынбаған жағдайда іс жүргізу тоқтатылады және өтінім кері қайтарып алынған деп есептеледі.
Жеделдетілген толық сараптама жүргізілген кезде сараптама ұйымының сұрау салуы өтінім берушіге жіберілген күннен бастап үш ай ішінде қосымша материалдар ұсынылуға тиіс.
Өтінім беруші белгіленген мерзімде қосымша материалдарды ұсынбаған жағдайда іс жүргізу тоқтатылады, өтінім кері қайтарып алынды деп есептеледі және қалпына келтіруге жатпайды.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өтінімді қарау барысы туралы ақпарат үшінші тұлғаларға берілмейді.
📌 Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР 24.11.2025 № 233-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 11-1. 11-1-бап. Өтінім туралы мәліметтерді жариялау
11-1-бап. Өтінім туралы мәліметтерді жариялау
Тармақ 1
1. Алдын ала сараптама аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтінім туралы мәліметтер апта сайынғы бюллетеньде жарияланады.
Тармақ 2
2. Берілген өтінімдер туралы мәліметтерде мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:
Тармақша 1
1) мәлімделген белгілеменің кескіні;
Тармақша 2
2) өтінім беруші туралы деректер, оның ішінде өтінім берушінің және (немесе) оның өкілінің мекенжайы;
Тармақша 3
3) өздеріне қатысты белгіні тiркеу сұралатын тауарлардың (көрсетілетін қызметтердiң) тiзбесi;
Тармақша 4
4) өтiнiмнiң нөмiрi мен сараптама ұйымына берiлген күнi;
Тармақша 5
5) егер конвенциялық басымдық белгiленген болса, бірінші өтiнiмді берген ел, өтінімнің нөмірі мен берілген күнi;
Тармақша 6
6) ұжымдық тауар белгісіне нұсқау.
📌 Ескерту. Заң 11-1-баппен толықтырылды - ҚР 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 11-2. 11-2-бап. Белгілемені тауар белгісі ретінде тіркеуге қарсы
қарсылықтар
11-2-бап. Белгілемені тауар белгісі ретінде тіркеуге қарсы
қарсылықтар
Тармақ 1
1. Кез келген мүдделі тұлға өтінім туралы мәліметтер жарияланған күннен бастап
екі ай ішінде сараптама ұйымына осы Заңның 6 және 7-баптарында көзделген негіздер бойынша мәлімделген белгілемені тауар белгісі ретінде тіркеуге қарсы қарсылық беруге құқылы.
Тармақ 2
2. Сараптама ұйымы келіп түскен қарсылық (қарсылықтар) туралы хабарламаны берілген қарсылықтың (қарсылықтардың) көшірмесін қоса бере отырып, ол (олар) келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жібереді.
Тармақ 3
3. Өтініш берушінің мәлімделген белгілемені тауар белгісі ретінде тіркеуге қарсы берілген қарсылыққа (қарсылықтарға) қатысты өзінің жазбаша ұстанымын өзіне осы баптың 2-тармағында көзделген хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде білдіруге құқығы бар.
Тармақ 4
4. Сараптама ұйымы мүдделі тұлғаның (мүдделі тұлғалардың) қарсылығын (қарсылықтарын) және өтініш берушінің ұстанымын назарға ала отырып, тиісті сараптама қорытындысын шығарады.
Тармақ 5
5. Осы баптың 3-тармағында көзделген мерзімге осы Заңның 13-бабы 4) және 5) тармақшаларының ережелері қолданылмайды.
📌 Ескерту. Заң 11-2-баппен толықтырылды - ҚР 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 24.11.2025 № 233-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 12. 12-бап. Өтінім сараптамасының нәтижелерi бойынша шешiмдер
12-бап. Өтінім сараптамасының нәтижелерi бойынша шешiмдер
Тармақ 1
1. Алдын ала сараптама нәтижелерi бойынша өтiнiш берушiге өтінім берілген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей өтiнiмнiң қарауға қабылданғаны туралы немесе іс жүргізудің тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберіледі.
Тармақ 2
2. Өтiнiм қабылданған жағдайда сараптама ұйымы толық сараптама жүргізеді, оның нәтижелері бойынша өтінім берушіге тауар белгісін тiркеу, алдын ала ішінара тіркеу немесе тiркеуден алдын ала бас тарту туралы сараптама қорытындысы жіберіледі.
Өтінім беруші өзіне тіркеуден бас тарту немесе ішінара тіркеу туралы алдын ала сараптама қорытындысы жіберілген күннен бастап үш ай мерзімде уәжді қарсылық беруге құқылы, оны қарау нәтижелері бойынша сараптама ұйымы қарсылық келіп түскен күннен бастап үш ай ішінде түпкілікті қорытынды шығарады.
Түпкілікті қорытындының негізінде сараптама ұйымы тауар белгісін тiркеу, ішінара тіркеу немесе тiркеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 3
3. Тауар белгісін тiркеу немесе ішінара тіркеу туралы шешiм Тауар белгілерінің мемлекеттiк тiзiлiмiне оны енгiзгенге дейiн неғұрлым ертерек басымдығы бар өтiнiмнiң анықталуына байланысты қайта қаралуы мүмкiн.
Тармақ 4
4. Өтiнiм берушi тіркеу немесе ішінара тіркеу туралы қабылданған шешім туралы хабарлама өзіне жіберілген күннен бастап үш ай iшiнде тауар белгісін тіркегені үшін сараптама ұйымы көрсеткен қызметке ақы төлеуді жүргізеді. Көрсетілген қызметке ақы төлеу туралы құжатты ұсынбаған кезде тауар белгісіне өтiнiм кері қайтарып алынды деп танылады және ол бойынша iс жүргiзу тоқтатылады.
Тармақ 5
5. Түпкілікті қорытындымен келiспеген кезде өтiнiш берушi осы қорытынды өзіне жiберiлген күннен бастап үш ай мерзімде уәкiлеттi органға қарсылық бере алады. Апелляциялық кеңес қарсылықты уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап төрт ай мерзiмде қарауға тиiс.
📌 Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 13. 13-бап. Өтiнiм берушiнiң құқықтары
13-бап. Өтiнiм берушiнiң құқықтары
Өтiнiм берушiнiң:
Тармақша 1
1) өтiнiмдi сараптаманың кез келген кезеңiнде керi қайтарып алуға;
Тармақша 2
2) өтiнiмге сараптама жасау барысында туындайтын мәселелердi қарауға қатысуға;
Тармақша 3
3) толық сараптама аяқталғанша өтiнiм материалдарын мәнi бойынша өзгертпей, оларды толықтыруға, анықтауға немесе түзетуге;
Тармақша 3-1
3-1) алғашқы өтiнiмде көрсетiлген тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердi бөлектелген өтiнiмдер арасында бөле отырып өтiнiмдi бөлектеу туралы оны қараудың кез келген кезеңiнде сараптама аяқталғанға дейiн өтiнiш бiлдiруге;
Тармақша 4
4) сұрау салуға жауап беру немесе қарсылық бiлдiру үшiн белгiленген мерзiмдi ұзарту, бiрақ алты айдан аспайтын мерзiмге ұзарту туралы өтiнiш беруге;
Тармақша 5
5) өткiзiп алынған мерзiмдi қалпына келтiру туралы, бiрақ өткiзiп алынған мерзiм аяқталған күннен екi айдан кешiктiрмей қалпына келтiру туралы өтiнiш беруге;
Тармақша 6
6) қарсы қойылған материалдармен танысуға;
Тармақша 7
7) апелляциялық кеңеске немесе сотқа қарсылық беруге байланысты іс жүргізуді тоқтата тұру туралы өтініш білдіруге;
Тармақша 8
8) тауар белгісі Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелгенге дейін тауар белгісін алуға құқықты басқа тұлғаға беру туралы өтінішхат беруге;
Тармақша 9
9) тауар белгісі Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелгенге дейін өтінім берушінің атауына және мекенжайына өзгерістер енгізуге құқығы бар.
📌 Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09. № 586; 07.04.2015 № 300-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2025 № 233-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Тарау 4. 4-тарау. Тауар таңбасын тіркеу
4-тарау. Тауар таңбасын тіркеу
Бап 14. 14-бап. Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімі
14-бап. Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімі
Тармақ 1
1. Тауар белгісін тіркеу туралы мәліметтер сараптама ұйымының тауар белгісін тіркегені үшін көрсеткен қызметтеріне ақы төленген кезде Тауар белгілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.
Тауар белгілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілетін мәліметтерде мыналар қамтылуға тиіс:
Тармақша 1
1) тауар белгісінің кескіні;
Тармақша 2
2) оның иесi және (немесе) оның өкілі туралы деректер. Ұжымдық тауар белгісіне қатысты иелерінің деректері және ұжымдық тауар белгісін пайдалануға құқығы бар субъектілердің тізбесі көрсетіледі;
Тармақша 3
3) тауар белгісін тiркеу нөмiрi мен күнi;
Тармақша 4
4) өздеріне қатысты тауар белгісі тiркелген тауарлардың (көрсетілетін қызметтердiң) тiзбесi;
Тармақша 5
5) өтiнiмнiң нөмiрi мен сараптама ұйымына берiлген күнi;
Тармақша 6
6) егер конвенциялық басымдық белгiленген болса, бірінші өтiнiмді берген ел, өтiнiмнiң нөмiрi мен берiлген күнi;
Тармақша 7
7) тауар белгісіне құқыққа билік ету туралы деректерді қоса алғанда, тауар белгісін тiркеуге жататын басқа да ақпарат.
Тармақ 2
2. Тауар белгілерінің мемлекеттiк тiзiлімi жалпы жұртқа қолжетімді болып табылады. Мүдделi тұлғалардың өтiнішхаты бойынша сараптама ұйымы Тауар белгілерінің мемлекеттiк тiзiлiмiнен үзінді көшiрме бередi.
Тармақ 3
3. Тауар белгісінің иесi өзiнiң тегiнiң, атының және әкесiнiң атының (ол болған кезде), тұрғылықты жерiнiң не атауы мен орналасқан жерiнiң өзгеруі туралы мәлiметтердi қоса алғанда, тiркеуге қатысты өзгерiстер туралы, сондай-ақ тіркеуді мәні бойынша өзгертпейтін, оларға қатысты тауар белгісі тіркелген тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) тізбесін қысқарту туралы сараптама ұйымын хабардар етуге мiндеттi.
Тармақ 4
4. Сараптама ұйымы өзгерістер енгізу туралы өтінішхат берілген және тиісті төлем төленген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Тауар белгілерінің мемлекеттiк тiзiлiміне осы баптың 3-тармағында көрсетiлген өзгерiстердi, сондай-ақ техникалық сипаттағы қателердi түзету үшiн өзгерiстердi енгiзедi.
Тауар белгілерінің мемлекеттік тізіліміне өзгерістер енгізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге бұл туралы хабарлама жіберіледі.
📌 Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 07.04.2015 № 300-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 15. 15-бап. Тiркеудiң қолданылу мерзiмi
15-бап. Тiркеудiң қолданылу мерзiмi
Тармақ 1
1. Тауар таңбасының тiркелуi өтiнiм берiлген күннен бастап он жыл бойы қолданылады.
Тармақ 2
2. Тауар белгісін тiркеудiң қолданылу мерзiмi оның қолданылуының соңғы жылы iшiнде иесi берген өтiнiшхат бойынша әр жолы он жылға ұзартылады. Тауар белгісін тiркеудiң қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы мәлiметтер сараптама ұйымына өтінішхат келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде Тауар белгілерінің мемлекеттiк тiзiлiмiне және куәлікке енгiзiледi.
Тармақ 3
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген өтiнiш беру мерзiмi тiркеудiң қолданылу мерзiмi аяқталған соң алты ай iшiнде берiлген иесiнiң арызы бойынша қалпына келтiрiлуi мүмкiн.
📌 Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.04.2015 № 300-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 16. 16-бап. Тiркеу туралы мәлiметтердi жариялау
16-бап. Тiркеу туралы мәлiметтердi жариялау
Ұжымдық тауар белгісін қоса алғанда, Тауар белгілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген, тауар белгісін тіркеуге қатысты мәліметтерді сараптама ұйымы апта сайын бюллетеньде жариялайды, сондай-ақ интернет-ресурсында орналастырады.
📌 Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - ҚР 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 17. 17-бап. Тауар таңбасын қайта тiркеу шарттары
17-бап. Тауар таңбасын қайта тiркеу шарттары
Тіркеудің қолданылу мерзімі өтіп кеткен, тауар белгісімен бірдей немесе айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас тауар белгісі тауар белгісін тiркеудiң қолданылуы тоқтатылған күннен бастап бір жыл бойы басқа тұлғаның атына тiркелмейді.
Осы шарт тауар таңбасының иесi тiркеудiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн бас тартқан жағдайда да қолданылады.
📌 Ескерту. 17-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.03.02. N 237; 07.04.2015 № 300-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бап 18. 18-бап. Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірме
18-бап. Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірме
Тармақ 1
1. Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірме тауар белгісінің тіркелу фактiсiн, оның басымдығын, Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде көрсетілген тауарларға (көрсетілетін қызметтерге) қатысты тауар белгісіне иесiнiң айрықша құқығын растайды.
Тармақ 2
2. Үзінді көшірменің нысанын уәкiлеттi орган белгiлейдi.
📌 Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 07.04.2015 № 300-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Бап 18-1. 18-1-бап. Тауар белгісін жалпыға бірдей белгілі деп тану
18-1-бап. Тауар белгісін жалпыға бірдей белгілі деп тану
Қазақстан Республикасының аумағында тiркелген немесе халықаралық шарттарға орай қорғалатын тауар белгісі немесе Қазақстан Республикасында құқықтық қорғалмаған тауар белгісі ретінде пайдаланылатын, белсендi пайдалану нәтижесiнде Қазақстан Республикасында кеңiнен мәлім болған белгiлеме уәкілетті органның шешімімен Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі тауар белгісі деп танылады.
Жалпыға бірдей белгілі тауар белгісіне осы Заңда көзделген құқықтық қорғау ұсынылады.
Тауар белгісіне немесе тауар белгісі ретінде пайдаланылатын белгілемеге құқықтық қорғауды ұсыну және оларды Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тануды тоқтату тәртібін, мерзімін уәкілетті орган бекітеді.
📌 Ескерту. 18-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2025 № 233-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Тарау 5. 5-тарау. Тауар таңбасын пайдалану
5-тарау. Тауар таңбасын пайдалану
Бап 19. 19-бап. Тауар белгісін пайдалану шарттары
19-бап. Тауар белгісін пайдалану шарттары
📌 Ескерту. 19-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 07.04.2015 № 300-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тармақ 1
1. Тауар белгісінің иесi тауар белгісін пайдалануға мiндеттi.
Тауар белгісін басқа тауар белгісімен қатар пайдалануды шектеуге, тауар белгісін өзгертілген түрде, оның ішінде басқа шрифтіде, басқа түсте орындауда, басқа нысанда пайдалануға немесе тауар белгісінің бір жеке немесе заңды тұлғалардың тауарларын (көрсететін қызметтерін) басқа жеке немесе заңды тұлғалардың біртектес тауарларынан (көрсететін қызметтерінен) айыратын қабілетіне нұқсан келтіретіндей тәсілмен пайдалануға тыйым салынады.
Тармақ 2
2. Делдалдық қызметтi жүзеге асыратын кәсiпкерлер тауар жасаушы келiсiм берген жағдайда өз белгісін олар өткiзетiн тауарларда тауар жасаушының тауар белгісімен қатар пайдалануға, сондай-ақ оны жасаушының тауар белгісінің орнына қоюға құқылы.
Тармақ 3
3. Ұжымдық тауар белгісінің иелерi ұжымдық тауар белгісімен қатар өздерi шығаратын тауарларда өз тауар белгілерін пайдалана алады.
Тармақ 4
4. Кез келген мүдделi тұлға сотқа талап қоюды беру күнінің алдындағы үш жыл бойы тауар белгісінің пайдаланылмауына байланысты оның тiркелуіне сотта дау айта алады. Тіркеу әрекетіне қарсы талап қою арызы куәлікте көрсетілген барлық тауарларға не олардың бір бөлiгiне қатысты болуы мүмкін.
Тауар белгісі тіркелген тауарларда және (немесе) олардың қаптамасында тауар белгісі иесiнiң немесе осындай құқық осы Заңның 21-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес шарт негiзiнде берiлген немесе ұсынылған тұлғаның тауар белгісін қолдануы оны пайдаланудың дәлелi болып есептеледi. Тауар белгісімен белгiленген тауарды жасау, әкелу, сақтау, сатуға ұсыну, сату, оны жарнамада, маңдайшажазуларда, баспа басылымдарында, ресми бланкiлерде, өзге де iскерлiк құжаттамада, сондай-ақ домендік атауда қолдану, тауар белгісіне құқықты беру, оның ішінде Қазақстан Республикасында өткiзiлетiн көрмелерде тауарлардың көрсетiлуi кезiнде қолдану, сондай-ақ оны айналымға өзгеше енгiзу тауар белгісін пайдалану болып танылуы мүмкiн.
Тауар белгісінің иесi беретiн оны пайдалану дәлелдемесi қарсылықта көрсетiлген уақыт кезеңiне қатысты болуға тиiс.
Тауар белгісінің пайдаланылмауына байланысты оның қолданылуын тоқтату туралы мәселенi шешу кезiнде тауар белгісі өзiне қатысты емес жағдайларға байланысты пайдаланылмағаны жөнiнде иесi ұсынған дәлелдемелер назарға алынады.
Тармақ 5
5. Алып тасталды - ҚР 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Тармақ 6
6. Алып тасталды - ҚР 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 7
7. Алып тасталды - ҚР 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
📌 Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09 № 586; 2007.03.02. № 586; 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.04.2015 № 300-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 20. 20-бап. Ескертпе таңбалау
20-бап. Ескертпе таңбалау
Тауар белгісіне куәлік иесі тауар белгісіне қатар тұстан пайдаланылып отырған белгі Қазақстан Республикасында тіркелген тауар белгісі екенiн көрсететiн латынның (R) әрпi түрiндегi ескертпе таңбалауын не "тауар белгісі", "товарный знак" немесе "тiркелген тауар белгісі" деген сөз белгiлерiн соғуға құқылы.
📌 Ескерту. 20-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2025 № 233-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 21. 21-бап. Тауар белгісіне айрықша құқық және оны пайдалануға
құқық беру
21-бап. Тауар белгісіне айрықша құқық және оны пайдалануға
құқық беру
Тармақ 1
1. Барлық тауарларға (көрсетілетін қызметтерге) не олардың бір бөлiгiне қатысты тауар белгісіне айрықша құқық өзгеге беру шарты бойынша берілуi мүмкiн.
Егер тауар белгісіне айрықша құқық беру тауарға немесе оны жасаушыға қатысты жаңылыстыруға себепшi болса, оған жол берілмейдi.
Тармақ 2
2. Лицензиялық шарттың, кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының немесе өзге де шарттың (лицензиялық шарт) талаптарына сәйкес иесі (лицензиат) болып табылмайтын кез келген тұлға қорғалатын тауар белгісін иесінің (лицензиар) рұқсатымен пайдалануға құқылы.
Тауар белгісін пайдалануға құқық барлық тауарларға (көрсетілетін қызметтерге) не олардың бір бөлiгiне қатысты табысталуы мүмкін.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, лицензиат Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында тауар белгісін пайдалануды жүзеге асыруға құқылы.
Тауар белгісін пайдалануға құқықтың қолданылу мерзімі шарттың талаптарына сәйкес немесе қосымша келісім жасасу жолымен ұзартылуы мүмкін.
Шартта мерзім көрсетілмеген жағдайда, тауар белгісін пайдалануға құқықтың қолданылу мерзімі осы шарт тіркелген күннен бастап бес жылға тең болады.
Лицензиялық шартта:
Тармақша 1
1) тауарлардың (көрсетілетін қызметтердiң) сапасын тауар белгісі иесінің (құқық иеленушінің) тауарлары (көрсететін қызметтерi) сапасынан төмен болмайтындай етіп сақтау;
Тармақша 2
2) тауар белгісі иесінің (құқық иеленушінің) өз тауарлары (көрсететін қызметтері) сапасын бақылауды жүзеге асыру құқығы туралы талаптар қамтылуға тиiс.
Тауар белгісіне айрықша құқықты басқа тұлғаға беру шарттың тоқтатылуына алып келмейді.
Тармақ 3
3. Барлық тауарларға (көрсетілетін қызметтерге) қатысты тауар белгісіне айрықша құқық және оны пайдалануға құқық кепіл нысаналары бола алады.
Тармақ 4
4. Осы бапта көрсетілген шарттар мен қосымша келісімдер жазбаша нысанда жасалады және Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелуге жатады.
Тармақ 5
5. Айрықша құқық беру немесе лицензиялық шарт осы шарттың мүдделі тарапының өтініші алынған күннен кейінгі он жұмыс күні ішінде тіркелуге жатады.
Тармақ 6
6. Жазбаша нысанның және (немесе) тіркеу туралы талаптың сақталмауы шарттың маңызсыздығына алып келеді.
Шарттың тоқтатылуына байланысты Тауар белгілерінің мемлекеттік тізіліміне өзгерістер енгізу немесе соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде тіркеудің күшін жою шарттың мүдделі тарапының өтініші келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Тіркеу туралы мәліметтерде мүдделі тұлғаның өтініші алынған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде және шарттың басқа мүдделі тараптарына жазбаша хабарлама жіберілген жағдайда, олардың тиесілілігін, сипатын немесе мазмұнын өзгертпейтін техникалық сипаттағы қателер түзетілуі мүмкін.
Тармақ 7
7. Тауар белгісіне құқық беру осы Заңда айқындалатын тәртіппен Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде тіркеледі.
Тармақ 8
8. Мыналар:
Тармақша 1
1) тауар белгісіне айрықша құқықтың тоқтатылған қолданысын қалпына келтіруге арналған мерзімнің болуы;
Тармақша 2
2) құжаттар топтамасын толық ұсынбау не ұсынылған құжаттардағы мәліметтердің сәйкес келмеуі;
Тармақша 3
3) ұсынылған құжаттардағы мәліметтердің Тауар белгілерінің мемлекеттік тізіліміндегі немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес жүргізілетін тізілімдегі мәліметтерге сәйкес келмеуі тауар белгісіне құқық беруді немесе оны пайдалануға құқықты табыстауды тіркеуге уақытша кедергі келтіретін негіздер болып табылады.
Тармақ 9
9. Осы баптың 8-тармағында көрсетілген негіздер анықталған жағдайда, өтініш берушіге оларды жою туралы сұрау салу жіберіледі.
Тіркеу мерзімі сұрау салу жіберілген күннен бастап үш айға тоқтатыла тұрады.
Тармақ 10
10. Мыналар:
Тармақша 1
1) тауар белгісіне айрықша құқықтың тоқтатылған қолданылу мерзімін қалпына келтіруге арналған мерзімнің өтуі;
Тармақша 2
2) тіркеуге уақытша кедергі келтіретін негіздерді жоюға арналған мерзімнің өтуі;
Тармақша 3
3) шарттың тарапы болып табылмайтын тұлғадан тіркеу туралы өтінішті алу;
Тармақша 4
4) тауар белгісіне айрықша құқыққа билік ету құқығын тіркеудің болмауы;
Тармақша 5
5) тауар белгісіне құқық берілген жағдайда тауарға немесе оны жасаушыға қатысты жаңылыстыру;
Тармақша 6
6) тарапта тауар белгісін пайдалануға құқықты табыстауға кедергі келтіретін қабылданған міндеттемелердің болуы тауар белгісіне құқық беруді немесе оны пайдалануға құқықты табыстауды тіркеуден бас тартуға негіз болып табылады.
Тауар белгісіне айрықша құқықтың қолданысын тоқтату лицензиялық шарттың қолданылуын тоқтатуға алып келеді.
📌 Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - ҚР 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 22. 22-бап. Заңды тұлғаны бөлу түрiнде қайта ұйымдастыру кезiнде тауар таңбасына құқықты беру
22-бап. Заңды тұлғаны бөлу түрiнде қайта ұйымдастыру кезiнде тауар таңбасына құқықты беру
Заңды тұлға бөлiнген кезде тауар таңбасына құқық тауарлар өндiру немесе қызметтер көрсету қолына көшкен жаңадан пайда болған заңды тұлғаға ауысады.
Тауар таңбасының тiркелуiне себеп болған тауарлар өндiрудiң немесе қызметтер көрсетудiң бiр бөлiгi жаңадан пайда болған заңды тұлғалардың әрқайсысында сақталып қалған жағдайда, жаңа заңды тұлғалар, олардың келiсiмi болған жағдайда, тауар таңбасының тең иеленушісi болып табылады.
📌 Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 586 Заңымен.
Тарау 6. 6-тарау. Тауар таңбасын тіркеудің қолданылуын тоқтату
6-тарау. Тауар таңбасын тіркеудің қолданылуын тоқтату
Бап 23. 23-бап. Тауар белгісін тiркеуге дау айту
және оны жарамсыз деп тану
23-бап. Тауар белгісін тiркеуге дау айту
және оны жарамсыз деп тану
Тармақ 1
1. Тауар белгісін тiркеуге, егер ол осы Заңның 7-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларын қоспағанда, 6 және 7-баптарында белгiленген талаптар бұзыла отырып жүзеге асырылса, бүкiл қолданылу мерзiмi
ішінде немесе, егер ол осы Заңның 7-бабы 1-тармағының 1), 2) және
3) тармақшаларында белгiленген талаптар бұзыла отырып жүзеге асырылса, тауар белгісі тiркелген күннен бастап бес жыл iшiнде дау айтылуы және
ол толық немесе iшiнара жарамсыз деп танылуы мүмкiн. Осы тармақта көрсетілген негіздер бойынша тауар белгісін тіркеуге қарсылықты уәкілетті органға кез келген мүдделі тұлға беруге құқылы.
Тармақ 2
2. Тауар белгісін тiркеуге, егер ол Өнеркәсiптiк меншiктi қорғау жөнiндегi Париж конвенциясына қатысушы елдердің бірінде бірдей немесе айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас тауар белгісінің иесі болып табылатын өкілдің атына жүргізілсе, қатысушы елдердің рұқсатынсыз бүкiл қолданылу мерзiмi ішінде дау айтылуы және ол толық немесе iшiнара жарамсыз деп танылуы мүмкiн. Осы тармақта көрсетілген негіз бойынша тауар белгісін тіркеуге қарсылықты уәкілетті органға Өнеркәсiптiк меншiктi қорғау жөнiндегi Париж конвенциясына қатысушы елдердің бірінде тіркелген
тауар белгісінің иесі (құқық иеленуші) беруге құқылы.
Тармақ 3
3. Тауар белгісін тiркеуге, егер тауар белгісі біртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты айрықша құқығы Қазақстан Республикасында тауар белгісінің басымдығы күнінен ерте туындаған басқа тұлғаның фирмалық атауымен бірдей немесе айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас болып табылса, дау айтылуы және ол толық немесе iшiнара жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
Осы тармақта көрсетілген негіз бойынша тауар белгісін тіркеуге қарсылықты уәкілетті органға фирмалық атауы біртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты тіркелген тауар белгісімен бірдей
немесе айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас болып табылатын заңды тұлға
беруге құқылы.
Тармақ 4
4. Тауар белгісін тіркеуге қарсылықты апелляциялық кеңес ол келіп түскен күннен бастап алты ай ішінде қарауға тиіс. Қарсылық берген тұлғаның, сондай-ақ тауар белгісі иесінің (құқық иеленушінің) дауды қарауға қатысуға құқығы бар.
Тармақ 5
5. Сараптама ұйымы тауар белгісін тіркеуді жарамсыз деп тануға байланысты оның күшін жою туралы жазбаны Тауар белгілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізеді және бұл туралы мәліметтерді бюллетеньде жариялайды және оларды өзінің интернет-ресурсына орналастырады.
Тауар белгісін тіркеу жарамсыз деп танылған жағдайда, сараптама ұйымы жекелеген тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер үшін ішінара осы тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер үшін тауар белгісін тіркеудің күшін жою туралы жазбаны Тауар белгілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізеді,
күшін жою туралы мәліметтерді бюллетеньде жариялайды және оларды өзінің интернет-ресурсына орналастырады.
📌 Ескерту. 23-бап жаңа редакцияда - ҚР 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 24. 24-бап. Тауар белгісінің тiркелуiн қолдануды тоқтату және оны жарамсыз деп тану
24-бап. Тауар белгісінің тiркелуiн қолдануды тоқтату және оны жарамсыз деп тану
📌 Ескерту. 24-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 07.04.2015 № 300-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тармақ 1
1. Тауар белгісінің тiркелуiн қолдану:
Тармақша 1
1) осы Заңның 15-бабында көзделген оның қолданылу мерзiмiнiң аяқталуына байланысты;
Тармақша 2
2) тауар белгісі иесінің (құқық иеленушінің) – жеке тұлғаның қайтыс болуына, заңды тұлғаның таратылуына байланысты;
Тармақша 3
3) тауар белгісі иесiнiң одан бас тартуы туралы берген жазбаша арызы негiзiнде;
Тармақша 4
4) осы Заңның 19-бабының 4-тармағына сәйкес тауар белгісі пайдаланылмаған жағдайда;
Тармақша 5
5) алып тасталды - ҚР 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп танылған тауар белгісімен бірдей немесе айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас болуына орай, егер осындай тауар белгісін пайдалану тұтынушыны тауарға немесе оны жасаушыға қатысты жаңылыстыруы мүмкін болса, тоқтатылады.
Тармақ 2
2. Осы Заңның 23-бабының 1-тармағында көрсетiлген негiздер бойынша апелляциялық кеңестiң немесе соттың шешiмiмен, тауар белгісінің тiркелуi толық немесе iшiнара жарамсыз деп танылады.
Тармақ 3
3. Сараптама жасау ұйымы Тауар белгілерінің мемлекеттiк тiзiлiмiне тауар белгісін тiркеудiң қолданылуы тоқтатылуына немесе оның, жарамсыз деп танылуына байланысты оның күшiн жою туралы жазба енгiзедi.
📌 Ескерту. 24-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09 № 586; 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.04.2015 № 300-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Тарау 7. 7-тарау. Тауарлар шығарылған жер атауларын құқықтық қорғау және оларды тіркеу шарттары
7-тарау. Тауарлар шығарылған жер атауларын құқықтық қорғау және оларды тіркеу шарттары
Бап 25. 25-бап. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған
жердің атауын құқықтық қорғау
25-бап. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған
жердің атауын құқықтық қорғау
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасында географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын құқықтық қорғау осы Заңда белгіленген тәртіппен оларды тіркеу негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына орай беріледі.
Тармақ 2
2. Географиялық нұсқаманы пайдаланудың айрықша құқығы осы географиялық объектіде белгілі бір сапасы, репутациясы немесе басқа да сипаттамалары едәуір дәрежеде оның географиялық шығу тегімен айқындалатын тауарды бірлесіп те, бір-біріне тәуелсіз де өндіретін бірнеше тұлғаға берілуі мүмкін.
Тауар шығарылған жердің атауын пайдаланудың айрықша құқығы осы географиялық объектіде ерекше қасиеттері тек қана немесе негізінен осы географиялық объектіге тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адами факторлармен айқындалатын тауарды бірлесіп те, бір-біріне тәуелсіз де өндіретін бірнеше тұлғаға берілуі мүмкін.
Тармақ 3
3. Шет мемлекеттегі географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын тіркеуге, егер көрсетілген белгілемелер тауар шығарылған елде осындайлар ретінде қорғалса, жол беріледі. Көрсетілген географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдаланудың айрықша құқығына тауар шығарылған елде оларды пайдалану құқықтары қорғалатын тұлғалар ғана ие бола алады.
📌 Ескерту. 25-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.04.2015 № 300-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 26. 26-бап. Географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердiң атаулары ретінде тіркелетін белгілемелер
26-бап. Географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердiң атаулары ретінде тіркелетін белгілемелер
📌 Ескерту. 26-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 1
1. Географиялық нұсқама және тауар шығарылған жердiң атауы ретiнде елдiң, өңiрдiң, елдi мекеннiң, жердiң немесе басқа да географиялық объектiнiң қазiргi немесе тарихи, ресми немесе бейресми, толық немесе қысқартылған атауы, сондай-ақ осындай атаудан шыққан белгi және олардың тауардың көрiнiстік атауымен тiркесi тiркелуi мүмкiн.
Тармақ 2
2. Алып тасталды - ҚР 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
📌 Ескерту. 26-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгерістер енгізілді - ҚР 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 27. 27-бап. Географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған
жерлердің атаулары ретінде тіркелмейтін белгілемелер
27-бап. Географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған
жерлердің атаулары ретінде тіркелмейтін белгілемелер
Тармақ 1
1. Географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердiң атаулары ретiнде мынадай:
Тармақша 1
1) тауар өндірілген жерге қатысты жаңылысуға алып келуі мүмкін географиялық объектiлердiң атауларын білдіретін;
Тармақша 2
2) тауар өндiрiлген нақты жердi формальды түрде көрсететiн, бiрақ тауардың басқа аумақтан шығарылғаны жөнiнде қате түсiнiк беретiн;
Тармақша 3
3) географиялық объектiлердiң тауарлардың өндірілген жерiмен байланысты емес атауын қамтитын;
Тармақша 4
4) сол түрдегі тауарға қатысты географиялық нұсқама және тауар шығарылған жердің атауы ретінде бұрын тіркелген;
Тармақша 5
5) егер осындай географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің осындай атауын пайдалану тұтынушыны тауарға, оны дайындаушыға қатысты жаңылысуға алып келетіндей болса, басқа тұлғаның атына бұрын тіркелген белгілемемен бірдей немесе оған ұқсас белгілемелер тiркелмейдi.
Тармақ 2
2. Географиялық объектінің атауын білдіргенімен немесе қамтығанымен, бірақ Қазақстан Республикасында белгілі бір тауар түрінің өндірілген жерімен байланысты емес оның белгілемесі ретінде жалпыға бірдей қолдануға енген белгілеме географиялық нұсқама және тауар шығарылған жердің атауы болып танылмайды және ол құқықтық қорғау мақсаттары үшін тіркелуге жатпайды.
📌 Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); жаңа редакцияда - ҚР 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 28. 28-бап. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің
атауын тіркеуге және (немесе) оларды пайдалану құқығын
беруге арналған өтінімді беру және оны кері
қайтарып алу
28-бап. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің
атауын тіркеуге және (немесе) оларды пайдалану құқығын
беруге арналған өтінімді беру және оны кері
қайтарып алу
Тармақ 1
1. Өтінім сараптама ұйымына:
географиялық нұсқаманы тіркеуге және (немесе) географиялық нұсқаманы пайдалану құқығын беруге (бұдан әрі – географиялық нұсқамаға арналған өтінім);
тауар шығарылған жердің атауын тіркеуге және (немесе) тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын беруге (бұдан әрі – тауар шығарылған жердің атауына арналған өтінім) беріледі.
Тармақ 2
2. Өтініш беруші (өтініш берушілер) географиялық нұсқамаға арналған өтінімді, тауар шығарылған жердің атауына арналған өтінімді Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізіліміне, Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізіліміне енгізілгенге дейін оларды қараудың кез келген кезеңінде кері қайтарып алуы мүмкін.
📌 Ескерту. 28-бап жаңа редакцияда - ҚР 2004.07.09. N 586; 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 29. 29-бап. Географиялық нұсқамаға арналған өтінімге, тауар
шығарылған жердің атауына арналған өтінімге қойылатын
талаптар
29-бап. Географиялық нұсқамаға арналған өтінімге, тауар
шығарылған жердің атауына арналған өтінімге қойылатын
талаптар
Тармақ 1
1. Географиялық нұсқамаға арналған өтінім бір географиялық нұсқамаға қатысты болуға тиіс.
Тауар шығарылған жердің атауына арналған өтінім тауар шығарылған бір жерге қатысты болуға тиіс.
Тармақ 2
2. Географиялық нұсқамаға арналған өтінім үлгілік бланкіде ұсынылуға және онда мыналар қамтылуға тиіс:
Тармақша 1
1) өтініш берушіні (өтініш берушілерді), сондай-ақ оның (олардың) тұрған жерін немесе тұрғылықты жерін көрсете отырып, географиялық нұсқаманы мемлекеттік тіркеу туралы және (немесе) осындай географиялық нұсқамаға құқық беру туралы өтініш;
Тармақша 2
2) мәлімделетін белгілеме;
Тармақша 3
3) өзіне қатысты географиялық нұсқаманы мемлекеттік тіркеу сұралатын тауар түрі;
Тармақша 4
4) тауар шығарылған (өндірілген) жердің нұсқамасы (географиялық объектінің шекаралары);
Тармақша 5
5) тауар сипаттамаларының оның шығарылған (өндірілген) жерімен байланысына қатысты мәліметтер;
Тармақша 6
6) тауардың географиялық шығу тегімен едәуір дәрежеде айқындалатын, оның сапасының, репутациясының және (немесе) өзге де сипаттарының сипаттамасы (оны өндіру үшін пайдаланылатын бастапқы материалды, физикалық, химиялық, микробиологиялық, органолептикалық немесе өзге де сипаттамаларын қоса алғанда);
Тармақша 7
7) егер бұл тауардың сипаттамаларын қалыптастыруға және сақтауға елеулі әсер етсе, тауарды өндіру тәсілінің сипаттамасы, сондай-ақ оны сақтау мен тасу шарттары туралы ақпарат;
Тармақша 8
8) егер бұл Қазақстан Республикасының заңдарында көзделсе, тауар өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығын растайтын мәліметтер.
Тармақ 3
3. Егер атауы географиялық нұсқама ретінде мәлімделетін географиялық объект Қазақстан Республикасының аумағында болса, өтінімге осы географиялық объектінің шекараларында тауардың белгілі бір сапасы, репутациясы және (немесе) басқа да сипаттамалары оның географиялық шығу тегіне едәуір дәрежеде байланысты болатын тауар өндірісінің кем дегенде бір сатысын өтінім берушінің жүзеге асыратыны туралы жергілікті атқарушы органның қорытындысы қоса беріледі. Сондай-ақ өтінімге мәлімделген тауардың белгілі бір сапасы, репутациясы және (немесе) басқа да сипаттамалары едәуір дәрежеде оның географиялық шығу тегімен айқындалатынын растайтын құжат немесе құжаттар қоса беріледі.
Тармақ 4
4. Тауар шығарылған жердің атауына арналған өтінім үлгілік бланкіде ұсынылуға және онда осы баптың 2-тармағында көрсетілген мәліметтер, сондай-ақ тек қана немесе негізінен осы географиялық объектіге тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адами факторлармен айқындалатын тауардың ерекше қасиеттерінің және басқа да сипаттарының сипаттамасы (оны өндіру үшін пайдаланылатын бастапқы материалды, физикалық, химиялық, микробиологиялық, органолептикалық немесе өзге де сипаттамаларын қоса алғанда) қамтылуға тиіс.
Тармақ 5
5. Егер атауы тауар шығарылған жердің атауы ретінде мәлімделетін географиялық объект Қазақстан Республикасының аумағында болса, өтінімге жергілікті атқарушы органның мәлімделген тауарды өтініш берушінің осы географиялық объектінің шекараларында өндіретіні туралы қорытындысы қоса беріледі. Сондай-ақ өтінімге мәлімделген тауардың ерекше қасиеттері тек қана немесе негізінен осы географиялық объектіге тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адами факторлармен айқындалатынын растайтын құжат немесе құжаттар қоса беріледі.
Тармақ 6
6. Бұрын тіркелген географиялық нұсқамаға және Қазақстан Республикасының аумағындағы тауар шығарылған жердің атауына құқық беруге арналған өтінімге жергілікті атқарушы органның тауарды өтініш берушінің осы географиялық объектінің шекараларында өндіретіні туралы қорытындысы, сондай-ақ мәлімделген тауар саласына жататын уәкілетті орган берген, Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімінде және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінде көрсетілген тауардың сипаттамалары мен ерекше қасиеттерінің болуын растайтын құжат қоса беріледі.
Тармақ 7
7. Географиялық нұсқамаға арналған өтінімге, тауар шығарылған жердің атауына арналған өтінімге сараптама ұйымының сараптама жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтеріне ақы төленгенін растайтын құжаттар қоса беріледі. Іс өкіл арқылы жүргізілген жағдайда өтінімге сенімхаттың көшірмесі қоса беріледі.
Тармақ 8
8. Географиялық нұсқамаға арналған өтінім, тауар шығарылған жердің атауына арналған өтінім және оларға қоса берілетін құжаттар қазақ немесе орыс тілінде ұсынылады. Егер құжаттар басқа тілде ұсынылса, онда өтініш беруші өтінім берілген күннен бастап бір ай мерзімде олардың қазақ немесе орыс тіліне аудармасын ұсынуға тиіс.
📌 Ескерту. 29-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09 № 586; 2007.03.02 № 586; 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.04.2015 № 300-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2025 № 233-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Тарау 8. 8-тарау. Географиялық нұсқамаға және тауар шығарылған жердің атауына сараптама
8-тарау. Географиялық нұсқамаға және тауар шығарылған жердің атауына сараптама
📌 Ескерту. 8-тараудың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 30. 30-бап. Сараптама жүргiзу тәртiбi
30-бап. Сараптама жүргiзу тәртiбi
Тармақ 1
1. Географиялық нұсқамаға арналған өтінім, тауар шығарылған жердің атауына арналған өтінім берiлген күннен бастап үш ай iшiнде сараптама жасау ұйымы сараптама жүргiзедi, оның барысында олардың осы Заңның 26, 27 және 29-баптарында белгiленген талаптарға сәйкестiгi тексерiледi.
Тармақ 2
2. Сараптама барысында сараптама жасау ұйымы қосымша материалда сұратуға құқылы, олар өтiніш берушiге сұрау жiберiлген күннен бастап үш ай iшiнде тапсырылуға тиiс.
Өтініш берушінің өтінішхаты бойынша бұл мерзім өтінішхат сұрау салуға жауап ұсыну мерзімі өткенге дейін келіп түскен жағдайда, алты айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
Қосымша материалдарды не осы мерзiмдi ұзарту туралы өтiнiштi өтiнiм берушi белгiленген мерзiмде тапсырмаған жағдайда іс жүргiзу тоқтатылып, өтiнiм керi қайтарып алынған болып есептеледi.
📌 Ескерту. 30-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09. № 586; 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 30-1. 30-1-бап. Географиялық нұсқамаға арналған өтінім, тауар
шығарылған жердің атауына арналған өтінім туралы
мәліметтерді жариялау
30-1-бап. Географиялық нұсқамаға арналған өтінім, тауар
шығарылған жердің атауына арналған өтінім туралы
мәліметтерді жариялау
Тармақ 1
1. Географиялық нұсқамаға арналған өтінім, тауар шығарылған жердің атауына арналған өтінім берілген күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін олар туралы мәліметтер апта сайын бюллетеньде жарияланады.
Шет тілінде материалдары бар, географиялық нұсқамаға арналған өтінімді, тауар шығарылған жердің атауына арналған өтінімді жариялау олардың қазақ немесе орыс тіліне аудармасы болған кезде жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Берілген географиялық нұсқамаға арналған өтінім, тауар шығарылған жердің атауына арналған өтінім туралы мәліметтер мыналарды қамтуға тиіс:
Тармақша 1
1) мәлімделетін белгілеме;
Тармақша 2
2) өтініш беруші туралы деректер, оның ішінде өтініш берушінің және оның өкілінің мекенжайы;
Тармақша 3
3) тауардың түрі;
Тармақша 4
4) тауар шығарылған жерді көрсету (географиялық объектінің шекаралары).
📌 Ескерту. Заң 30-1-баппен толықтырылды - ҚР 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 30-2. 30-2-бап. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің
атауын тіркеуге және (немесе) оларды пайдалану
құқығын беруге қарсы қарсылықтар
30-2-бап. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің
атауын тіркеуге және (немесе) оларды пайдалану
құқығын беруге қарсы қарсылықтар
Тармақ 1
1. Кез келген мүдделі тұлға географиялық нұсқамаға арналған өтінім, тауар шығарылған жердің атауына арналған өтінім туралы мәліметтер жарияланған күннен бастап бір ай ішінде сараптама ұйымына осы Заңның 26 және 27-баптарында көзделген негіздер бойынша мәлімделген белгілемені тіркеуге қарсы қарсылық беруге құқылы.
Тармақ 2
2. Сараптама ұйымы келіп түскен қарсылық (қарсылықтар) туралы хабарламаны берілген қарсылықтың (қарсылықтардың) көшірмесін қоса бере отырып, ол (олар) келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жібереді.
Тармақ 3
3. Өтініш берушінің берілген қарсылыққа (қарсылықтарға) қатысты өз ұстанымын өзіне осы баптың 2-тармағында көзделген хабарлама жіберілген күннен бастап бір ай ішінде білдіруге құқығы бар.
Тармақ 4
4. Сараптама ұйымы осы баптың 1 және 3-тармақтарында көрсетілген, мүдделі тұлғаның (мүдделі тұлғалардың) қарсылығын (қарсылықтарын) және өтініш берушінің ұстанымын назарға ала отырып, тиісті сараптама қорытындысын шығарады.
Тармақ 5
5. Осы баптың 3-тармағында көзделген мерзімге осы Заңның 13-бабы 4) және 5) тармақшаларының ережелері қолданылмайды.
📌 Ескерту. Заң 30-2-баппен толықтырылды - ҚР 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 31. 31-бап. Сараптама нәтижелері бойынша шешімдер
31-бап. Сараптама нәтижелері бойынша шешімдер
Тармақ 1
1. Сараптама нәтижелері бойынша мынадай:
Тармақша 1
1) географиялық нұсқаманы тіркеу және (немесе) географиялық нұсқаманы пайдалану құқығын беру туралы;
Тармақша 2
2) географиялық нұсқаманы тіркеуден және (немесе) географиялық нұсқаманы пайдалану құқығын беруден бас тарту туралы;
Тармақша 3
3) тауар шығарылған жердің атауын тіркеу және (немесе) тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын беру туралы;
Тармақша 4
4) тауар шығарылған жердің атауын тіркеуден және (немесе) тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын беруден бас тарту туралы шешім қабылданады.
Тармақ 2
2. Өтініш берушіге осы баптың 1-тармағында көзделген шешім туралы хабарлама жіберіледі.
Осы баптың 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда өтініш берушіге тиісті сараптама қорытындылары да жіберіледі.
Тармақ 3
3. Өтініш беруші өзіне тіркеуден бас тарту туралы сараптама қорытындысы жіберілген күннен бастап үш ай мерзімде уәжді қарсылық беруге құқылы, оны қарау нәтижелері бойынша сараптама ұйымы қарсылық келіп түскен күннен бастап үш ай ішінде түпкілікті қорытынды шығарады.
Сараптама ұйымы түпкілікті қорытындының негізінде осы баптың 1-тармағында көзделген шешімді қабылдайды.
Тармақ 4
4. Өтініш беруші географиялық нұсқаманы және (немесе) географиялық нұсқаманы пайдалану құқығын тіркегені, тауар шығарылған жердің атауын және (немесе) тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын тіркегені үшін сараптама ұйымының көрсетілетін қызметіне ақы төлеуді өзіне тіркеу туралы қабылданған шешім туралы хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде жүргізеді. Аталған көрсетілетін қызметке ақы төленгені туралы құжат ұсынылмаған кезде географиялық нұсқамаға арналған өтінім, тауар шығарылған жердің атауына арналған өтінім кері қайтарып алынды деп танылады және олар бойынша іс жүргізу тоқтатылады.
Тармақ 5
5. Түпкілікті қорытындымен келіспеген кезде өтініш беруші осы Заңның 12-бабының 5-тармағында көзделген тәртіппен қарсылық бере алады.
📌 Ескерту. 31-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09. № 586; 07.04.2015 № 300-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 32. 32-бап. Өтініш берушінің құқықтары
32-бап. Өтініш берушінің құқықтары
Тармақ 1
1. Географиялық нұсқамаға арналған өтінімге, тауар шығарылған жердің атауына арналған өтінімге сараптама жүргізу кезінде өтініш берушіге осы Заңның 13-бабының 1), 2), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген құқықтар беріледі.
Тармақ 2
2. Өтінім берушінің осы Заңның талаптары сақталған жағдайда, өтінім бойынша шешім қабылданғанға дейін географиялық нұсқамаға арналған өтінімді тауар шығарылған жердің атауына арналған өтінімге және керісінше өзгертуге құқығы бар.
📌 Ескерту. 32-бап жаңа редакцияда - ҚР 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тарау 9. 9-тарау. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын тіркеу және беру
9-тарау. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын тіркеу және беру
📌 Ескерту. 9-тараудың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 33. 33-бап. Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімін,
Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік
тізілімін жүргізу тәртібі
33-бап. Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімін,
Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік
тізілімін жүргізу тәртібі
Тармақ 1
1. Сараптама ұйымы Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізіліміне, Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізіліміне мыналарды:
географиялық нұсқаманы не тауар шығарылған жердің атауын;
олардың тіркелген нөмірі мен күнін;
тауардың ерекше қасиеттерінің, сапасының, репутациясының және басқа да сипаттарының сипаттамасын;
тұрғылықты жерін (тұрған жерін) көрсете отырып, географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының барлық иелері туралы мәліметтерді;
өтінімдердің нөмірі мен берілген күнін;
көрсетілген мәліметтердің барлық кейінгі өзгерістерін, сондай-ақ тіркеуге қатысты басқа да мәліметтерді енгізеді.
Тармақ 2
2. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының иесі тіркеу туралы мәліметтерге қатысты өзгерістер туралы сараптама ұйымын хабардар етуге міндетті. Өзгерістер туралы жазбаны сараптама ұйымы тиісінше Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізіліміне және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізіліміне енгізеді.
Тармақ 3
3. Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімі және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімі жалпыға бірдей қолжетімді болып табылады. Мүдделі тұлғалардың өтінішхаты бойынша сараптама ұйымы Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімінен және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірме береді.
📌 Ескерту. 33-бап жаңа редакцияда - ҚР 2004.07.09. № 586 Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 07.04.2015 № 300-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 34. 34-бап. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің
атауын тіркеудің, географиялық нұсқаманы және тауар
шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының қолданылу
мерзімдері
34-бап. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің
атауын тіркеудің, географиялық нұсқаманы және тауар
шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының қолданылу
мерзімдері
Тармақ 1
1. Мыналарды:
географиялық нұсқаманы тіркеу оның географиялық шығу тегімен едәуір дәрежеде байланысты тауардың белгілі бір сапасы, репутациясы немесе басқа да сипаттамалары сақталған жағдайда мерзімсіз қолданылады;
тауар шығарылған жердің атауын тіркеу көрсетілген географиялық объектінің аумағында өндірілетін тауардың ерекше қасиеттері сақталған жағдайда мерзімсіз қолданылады.
Тармақ 2
2. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы сараптама ұйымына өтінім берілген күннен бастап он жыл бойы қолданылады.
Тармақ 3
3. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының қолданылу мерзімі:
тауардың географиялық шығу тегімен едәуір дәрежеде байланысты оның белгілі бір сапасы, репутациясы немесе басқа да сипаттамалары;
өзіне қатысты тауар шығарылған жердің атауы тіркелген тауардың ерекше қасиеттері сақталған жағдайда, иесінің оның қолданылуының соңғы жылы ішінде берілген өтінішхаты бойынша әр жолы он жылға ұзартылып отырады.
Тармақ 4
4. Географиялық нұсқаманы немесе тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінішхат осы Заңның 29-бабының 6-тармағында көзделген құжаттармен бір мезгілде ұсынылады. Тіркеудің қолданылу мерзімін ұзарту туралы мәліметтер Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізіліміне, Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.
Тармақ 5
5. Осы баптың 3-тармағында белгіленген өтінішхатты беру мерзімі тіркеудің қолданылу мерзімі өткеннен кейін алты ай ішінде иесінің берген өтініші бойынша қайта басталады.
📌 Ескерту. 34-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.07.09. N 586; жаңа редакцияда - ҚР 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 35. 35-бап. Тіркеу туралы мәліметтерді жариялау
35-бап. Тіркеу туралы мәліметтерді жариялау
Географиялық нұсқамаларды және тауарлар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге қатысты, Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізіліміне және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізіліміне енгізілген мәліметтерді сараптама ұйымы апта сайын өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
📌 Ескерту. 35-бап жаңа редакцияда - ҚР 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 36. 36-бап. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің
атауын пайдалану құқығы
36-бап. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің
атауын пайдалану құқығы
Тармақ 1
1. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы куәлікпен куәландырылады және Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімінен және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмемен расталады.
Куәліктің нысанын уәкілетті орган белгілейді.
Тармақ 2
2. Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімінен және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірме географиялық нұсқаманың және тауар шығарылған жер атауының тіркелу фактісін және Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімінде және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінде көрсетілген тауарға қатысты оларды пайдаланудың айрықша құқығын растайды.
Үзінді көшірменің нысанын уәкілетті орган белгілейді.
📌 Ескерту. 36-бап жаңа редакцияда - ҚР 07.04.2015 № 300-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Тарау 10. 10-тарау. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану
10-тарау. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану
📌 Ескерту. 10-тараудың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 37. 37-бап. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің
атауын пайдалану шарттары
37-бап. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің
атауын пайдалану шарттары
📌 Ескерту. 37-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 1
1. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының иесiне оларды пайдалану құқығы тиесілі болады. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы оның иесінде Географиялық нұсқамалардың мемлекеттiк тiзiлiмiнде және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттiк тiзiлiмiнде оларды пайдалану құқығы тіркелген күннен бастап туындайды.
Тармақ 2
2. Тiркелген географиялық нұсқамамен және тауар шығарылған жердің атауымен бірдей немесе айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас географиялық объектiнiң атауын тiркемей, оны бiртектес тауарларға қатысты пайдалануға жол берiлмейдi.
Тармақ 3
3. Минералды суларды, шараптарды немесе күштi спирт ішімдiктерiн бiрыңғайландыратын географиялық объектiлердiң атаулары болып табылатын немесе соларды қамтитын географиялық нұсқамаларды және тауарлар шығарылған жерлердiң атауларын, егер бұл орайда тауар шығарылған нақты жер көрсетiлсе не аударма пайдаланылса немесе белгiде "түрiнде", "үлгiсiнде", "стилiнде" деген немесе басқа да осындай сөздер қоса жазылса, осы жерден шығарылмаған осындай тауарларды белгiлеу үшін пайдалануға жол берiлмейдi.
Тармақ 4
4. Географиялық нұсқаманы, тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын иелiктен айыру, оны бiреуге беру туралы өзге де мәмiлелер және лицензиялық шарт негiзiнде географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын беруге жол берiлмейдi.
📌 Ескерту. 37-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 38. 38-бап. Ескертпе таңбалау
38-бап. Ескертпе таңбалау
Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының иесi географиялық нұсқамаға және тауар шығарылған жердің атауына қатар тұстан латынның R әрпi түрiндегi ескертпе таңбалауды, «тіркелген географиялық нұсқама», «тiркелген тауар шығарылған жердің атауы», «зарегистрированное географическое указание», «зарегистрированное наименование места происхождения товара» немесе «тірк. ГН», «тiрк. ТШЖА», «рег. ГУ», «рег. НМПТ» деген сөз белгiлемелерін соғуға құқылы.
📌 Ескерту. 38-бап жаңа редакцияда - ҚР 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 24.11.2025 № 233-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Тарау 11. 11-тарау. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын құқықтық қорғаудың қолданылуын тоқтату
11-тарау. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын құқықтық қорғаудың қолданылуын тоқтату
📌 Ескерту. 11-тараудың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 39. 39-бап. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын және (немесе) оларды пайдалану құқығының ұсынылуын тіркеуге дау айту
39-бап. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын және (немесе) оларды пайдалану құқығының ұсынылуын тіркеуге дау айту
📌 Ескерту. 39-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 1
1. Егер географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын және (немесе) оларды пайдалану құқығының ұсынылуын тiркеу осы Заңның 26, 27 және 29-баптарында белгiленген талаптарды бұза отырып жүзеге асырылған болса, оған дау айтылып, ол жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
Тармақ 2
2. Егер географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану неғұрлым ертерек басымдыққа ие, сондай-ақ Қазақстан Республикасында белсендi пайдалану нәтижесiнде кеңiнен танымал болған тауар таңбасының болуына байланысты тауарға немесе оны шығарушыға қатысты тұтынушыны жаңылыстыруы мүмкiн болса, географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын және (немесе) оларды пайдалану құқығының ұсынылуын тiркеуге, географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердiң атауын мемлекеттiк тiркеу туралы мәлiметтер ресми бюллетеньде жарияланған күнiнен бастап бес жылдың iшiнде дау айтылып, ол жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
Тармақ 3
3. Кез келген мүдделi тұлға уәкiлеттi органға осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген негiз бойынша географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жер атауын және (немесе) оларды пайдалану құқығының ұсынылуын тіркеуге қарсы қарсылық бере алады. Қарсылық берген адамның, сондай-ақ пайдалану құқығы иесінің дауды қарауға қатысуға құқығы бар.
Қарсылық осы Заңның 23-бабының 2-тармағында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қаралуға тиiс.
📌 Ескерту. 39-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгерістер енгізілді - ҚР 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 40. 40-бап. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің
атауын құқықтық қорғауды тоқтату және оларды жарамсыз
деп тану
40-бап. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің
атауын құқықтық қорғауды тоқтату және оларды жарамсыз
деп тану
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасында географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын құқықтық қорғау мынадай:
Тармақша 1
1) осы географиялық объектіге тән жағдайлар жойылған және осы географиялық нұсқамаға және тауар шығарылған жердің атауына қатысты Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімінде және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінде көрсетілген сипаттамалары бар тауарды өндіру мүмкін болмаған;
Тармақша 2
2) тауар шығарылған елде географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын құқықтық қорғау тоқтатылған жағдайларда тоқтатылады.
Тармақ 2
2. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының қолданылуы мынадай:
Тармақша 1
1) осы Заңның 34-бабында белгiленген мерзімі өткен;
Тармақша 2
2) тауар Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімінде және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінде өзіне қатысты көрсетілген ерекше қасиеттерін, сапасын, репутациясын және басқа да сипаттамаларын жоғалтқан;
Тармақша 3
3) сараптама ұйымына географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы иесінің тиісті өтініші берілген;
Тармақша 4
4) географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының иесі – заңды тұлға таратылған немесе жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметі тоқтатылған;
Тармақша 5
5) құқық иеленуші Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімінде және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінде өзіне қатысты көрсетілген ерекше қасиеттері, сапасы, репутациясы және басқа да сипаттамалары бар тауарды өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығынан айырылған;
Тармақша 6
6) осы баптың 1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын құқықтық қорғау тоқтатылған;
Тармақша 7
7) шетелдік заңды тұлға, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам тауар шығарылған елде осы географиялық нұсқамаға және тауар шығарылған жердің атауына құқығын жоғалтқан жағдайларда тоқтатылады.
Тармақ 3
3. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын тіркеу және (немесе) оларды пайдалану құқығын ұсыну осы Заңның 26, 27 және 29-баптарында көрсетілген негіздер бойынша апелляциялық кеңестің немесе соттың шешімі бойынша жарамсыз деп танылады.
Тармақ 4
4. Сараптама ұйымы Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізіліміне және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізіліміне географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын және (немесе) оларды пайдалану құқығының ұсынылуын тіркеудің қолданылуын тоқтату туралы жазба енгізеді және бұл туралы мәліметтерді өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
📌 Ескерту. 40-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09. № 586; 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Тарау 12. 12-тарау. Тауар белгілері иелерінің құқықтарын және географиялық нұсқамалар мен тауарлар шығарылған жерлердің атауларын пайдалану құқықтарын қорғау
12-тарау. Тауар белгілері иелерінің құқықтарын және географиялық нұсқамалар мен тауарлар шығарылған жерлердің атауларын пайдалану құқықтарын қорғау
📌 Ескерту. 12-тараудың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 41. 41-бап. Апелляциялық кеңес
41-бап. Апелляциялық кеңес
Тармақ 1
1. Апелляциялық кеңес уәкiлеттi органның жанындағы, өтініш берушілердің қарсылықтарын сотқа дейiн қарау жөніндегі алқалы орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Апелляциялық кеңеске:
Тармақша 1
1) сараптама ұйымының тауар белгісін тіркеуден бас тарту, оның ішінде Мадрид келісіміне хаттаманың 5-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес мәлімделген тауар белгісіне құқықтық қорғауды беруден бас тарту туралы шешімдеріне;
Тармақша 2
2) сараптама ұйымының географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын тіркеуден және (немесе) беруден бас тарту туралы шешімдеріне;
Тармақша 3
3) тауар белгісін, оның ішінде Мадрид келісіміне хаттаманың
5-бабының 6-тармағына сәйкес тіркеуге;
Тармақша 4
4) географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын тіркеуге және (немесе) беруге қарсылықтар берілуі мүмкін.
Көрсетілген қарсылықтарды сотқа дейін қарау міндетті болып табылады.
Тармақ 3
3. Апелляциялық кеңестің құрамына кәсіпкерлік жөніндегі және тауар белгілерін, географиялық нұсқамаларды және тауарлар шығарылған жерлердің атауларын қорғау саласындағы уәкілетті органдардың өкілдерін қоса алғанда, мүшелердің тақ саны (кемінде бесеуі) кіруге тиіс.
Тармақ 4
4. Апелляциялық кеңестің құрамына мыналар кіре алмайды:
Тармақша 1
1) патенттік сенім білдірілген өкілдер;
Тармақша 2
2) жұбайлары, жақын туыстары немесе жекжаттары;
Тармақша 3
3) сараптама ұйымының қызметкерлері.
Тармақ 5
5. Апелляциялық кеңестің кез келген мүшесі:
Тармақша 1
1) осы баптың 4-тармағының негізінде апелляциялық кеңестің отырысына қатысушылар мәлімдеген өздігінен бас тарту немесе қарсылық білдіру жағдайында;
Тармақша 2
2) еңбекке уақытша жарамсыздығына, демалыста немесе іссапарда болуына байланысты болмаған жағдайда ауыстырылуы мүмкін.
Тармақ 6
6. Апелляциялық кеңестің әрбір отырысы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бейнетүсіру қолданылып жүргізіледі.
📌 Ескерту. 41-бап жаңа редакцияда - ҚР 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2025 № 233-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 41-1. 41-1-бап. Қарсылықты апелляциялық кеңесте қараудан бас тарту негіздері
41-1-бап. Қарсылықты апелляциялық кеңесте қараудан бас тарту негіздері
Тармақ 1
1. Егер:
Тармақша 1
1) қарсылық апелляциялық кеңесте қаралуға жатпаса;
Тармақша 2
2) қарсылыққа қол қойылмаса не оған қол қоюға өкiлеттiгi жоқ тұлға қол қойса;
Тармақша 3
3) қарсылық белгiленген мерзiмдi бұза отырып берiлсе және көрсетілген мерзiмдi ұзарту мен қалпына келтiру мүмкiндiгi жоқ болса;
Тармақша 4
4) өтiнiш берушi қарсылық берудi ресiмдеуге, мазмұндауға және рәсiмдеуге қойылатын талаптарға қатысты кемшiлiктердi белгiленген мерзiмде жоймаса, қарсылықты қарауға қабылдаудан бас тартылады.
Көрсетілген мән-жайлар болған жағдайда, қарсылық берген тұлғаға алынған қарсылықты қарауға қабылдауға болмайтыны және ол берiлген жоқ деп есептелетiнi туралы хабарлама жiберiледi.
Қарсылық берген тұлға немесе оның өкiлi берiлген қарсылықты апелляциялық кеңес алқасының шешiмі жария етілгенге дейiн қайтарып алуы мүмкін.
📌 Ескерту. Заң 41-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Бап 41-2. 41-2-бап. Қарсылықты қарау
41-2-бап. Қарсылықты қарау
Тармақ 1
1. Қарсылықты қарауды апелляциялық кеңес уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және осы Заңда көзделген мерзімдерде жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Қарсылық беруге арналған мерзім өткізіп алынған кезде апелляциялық кеңес ұсынылған құжаттардың негізінде мерзімді өткізіп алу себептері дәлелді деп танылған жағдайда, оны қарауға қабылдай алады.
Тармақ 3
3. Қарсылықты қарау мерзімі үш айға дейін, оның ішінде өтініш берушінің жазбаша өтінішхаты бойынша ұзартылуы мүмкін.
Тармақ 4
4. Апелляциялық кеңес отырыс өткізілетін күнді мынадай:
Тармақша 1
1) тараптар, оның ішінде қарсылықты өзінің қатысуынсыз қарау туралы өтінішхатын берген жағдайды қоспағанда, қарсылықты мәлімдеуші келмеген;
Тармақша 2
2) тараптардың қосымша дәлелдемелерді ұсынуы қажет екені туралы тараптар өтінішхат берген;
Тармақша 3
3) тараптардың дәлелдерін және (немесе) қарсылыққа байланысты мән-жайларды қосымша зерделеу қажет болған жағдайларда ауыстыруға құқылы.
Тармақ 5
5. Апелляциялық кеңес мынадай шешімдердің бірін шығарады:
Тармақша 1
1) қарсылықты қанағаттандыру туралы;
Тармақша 2
2) қарсылықты iшiнара қанағаттандыру туралы;
Тармақша 3
3) қарсылықты қараудан бас тарту туралы;
Тармақша 4
4) қарсылықты қанағаттандырудан бас тарту туралы.
Апелляциялық кеңес қарсылықтың нысанасын немесе негізін өз бастамасы бойынша өзгертуге құқылы емес.
Тармақ 6
6. Апелляциялық кеңестiң барлық мүшелері қарсылықты қараған кезде тең құқықтарды пайдаланады. Апелляциялық кеңестің шешімі оның мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.
Тармақ 7
7. Қабылданған шешім шығарылған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарсылықты
қарауға қатысқан тараптарға жіберіледі.
Тармақ 8
8. Апелляциялық кеңес қарсылықты мәлімдеушінің өтінішхаты бойынша қарсылықты қараусыз қалдыра алады. Қарсылықты қараусыз қалдыру туралы шешім апелляциялық кеңес отырысының хаттамасымен ресімделеді.
Тармақ 9
9. Қабылданған шешімге сотқа шағым жасалуы мүмкін.
📌 Ескерту. Заң 41-2-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); жаңа редакцияда - ҚР 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2025 № 233-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 41-3. 41-3-бап. Апелляциялық кеңестiң шешiмiндегі қате жазуларды
және айқын техникалық қателерді түзету
41-3-бап. Апелляциялық кеңестiң шешiмiндегі қате жазуларды
және айқын техникалық қателерді түзету
Тармақ 1
1. Шешім шығарған апелляциялық кеңес қарсылық бойынша шешім жарияланғаннан кейін оның күшін жоюға немесе оны өзгертуге құқылы емес.
Тармақ 2
2. Апелляциялық кеңес шешімде жіберілген қате жазуларды немесе айқын техникалық қателерді өз бастамасы бойынша немесе қарсылықты қарауға қатысатын
тараптардың өтініші бойынша түзете алады.
Түзетулер енгізу туралы мәселе апелляциялық кеңестің отырысында шешіледі. Қарсылықты қарауға қатысатын
тараптарға апелляциялық кеңес отырысының уақыты мен орны туралы хабар беріледі, алайда олардың келмеуі түзетулер енгізу туралы мәселені қарау үшін кедергі болып табылмайды.
Тармақ 3
3. Апелляциялық кеңестің шешіміне түзетулер енгізу апелляциялық кеңестің қосымша шешімімен ресімделеді.
📌 Ескерту. Заң 41-3-баппен толықтырылды - ҚР 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР 24.11.2025 № 233-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 41-4. 41-4-бап. Қарсылықты қараусыз қалдыру
41-4-бап. Қарсылықты қараусыз қалдыру
Тармақ 1
1. Апелляциялық кеңес, егер:
Тармақша 1
1) қарсылық берген, апелляциялық кеңес отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы тиісінше хабар берілген, қарсылықты өзі болмағанда қарау туралы мәлімдемеген тұлға апелляциялық кеңестің отырысына екінші рет шақырғанда келмесе;
Тармақша 2
2) қарсылық берген тұлғаның өзінің қарсылығын кері қайтарып алу туралы өтінішхаты болса, қарсылықты қараусыз қалдырады.
Тармақ 2
2. Қарсылықты қараусыз қалдыру туралы шешім апелляциялық кеңес отырысының хаттамасына түсіріледі.
📌 Ескерту. Заң 41-4-баппен толықтырылды - ҚР 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 42. 42-бап. Дауларды қарау
42-бап. Дауларды қарау
Тармақ 1
1. Мынадай даулар сот тәртiбiмен қаралады:
Тармақша 1
1) тауар белгісіне немесе географиялық нұсқамаға және тауар шығарылған жердің атауына куәлік берудің құқыққа сыйымдылығы туралы;
Тармақша 2
2) тауар белгісінің пайдаланылмауына байланысты оны тіркеу әрекетіне қарсы;
Тармақша 3
3) тауар белгісі иесiнiң (құқық иеленушінің) айрықша құқығын немесе географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын бұзу туралы;
Тармақша 4
4) тауар белгісін пайдалануға лицензиялық шарттарды жасасу және орындау туралы;
Тармақша 5
5) тауар белгісін жалпыға бірдей белгілі деп танудың құқыққа сыйымдылығы туралы;
Тармақша 6
6) егер тауар белгісін пайдалану тұтынушыны тауарға немесе оны жасаушыға қатысты жаңылыстыруға қабілетті болған жағдайда, Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп танылған тауар белгісімен бірдей немесе айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас тауар белгісін тіркеудің қолданысын тоқтату туралы;
Тармақша 7
7) куәліктен туындайтын құқықтарды қорғауға байланысты басқа да даулар.
Көрсетілген даулар, осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 4), 5) және
6) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, егер бұған «Төрелік туралы» және «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаса, тараптардың келісімі бойынша төрелік немесе медиация тәртібімен қаралуы мүмкін.
Сараптама ұйымының осы Заңның 41-бабының 2-тармағында көрсетілген шешімдеріне талап қою арыздары тиісті қарсылықтар апелляциялық кеңесте қаралғаннан кейін сотқа беріледі.
Тармақ 2
2. Сараптама ұйымы соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде тауар белгісін, жалпыға бірдей белгілі тауар белгісін немесе тауар шығарылған жердің атауын тіркеудің қолданысын тоқтатуды, тауар белгісін пайдалану құқығын табыстауды немесе тауар белгісінің иесін (құқық иеленушіні) өзгертуді тіркеудің күшін жоюды қоса алғанда, Тауар белгілерінің мемлекеттік тізіліміне, Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізіліміне және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізіліміне тиісті өзгерістер енгізеді, тіркеуге қатысты өзгерістер туралы мәліметтерді жариялайды.
📌 Ескерту. 42-бап жаңа редакцияда - ҚР 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 43. 43-бап. Қазақстан Республикасының тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
43-бап. Қазақстан Республикасының тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
📌 Ескерту. 43-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 1
1. Бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты, ал жалпыға бірдей белгiлi тауар белгісі жағдайында – барлық тауарларға және көрсетілетін қызметтерге қатысты айналымға тауар белгісі иесінің (құқық иеленушінің) келісімінсіз немесе географиялық нұсқама және тауар шығарылған жердің атауы немесе оларға айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлемелер иесінің келісімінсіз енгiзу тауар белгісіне айрықша құқықты немесе географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын бұзу деп танылады.
Тауар белгісін немесе географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын бұқаралық ақпарат құралдарында пайдалану да тауар белгісі иесiнiң (құқық иеленушінің) немесе географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы иесінің айрықша құқығын бұзу деп танылады.
Тармақ 2
2. Тауар белгісіне айрықша құқықты немесе географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын бұзғаны үшін, оның ішінде оларды орналастырғаны не оларға айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлемелердi тауарға немесе оның қаптамасына орналастырғаны үшін кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
📌 Ескерту. 43-бап жаңа редакцияда - ҚР 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 43-1. 43-1-бап. Тауар белгісіне айрықша құқықты түбегейлі пайдалану
43-1-бап. Тауар белгісіне айрықша құқықты түбегейлі пайдалану
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кез келгенінің аумағында айналымға құқыққа сыйымды енгізілген тауарларға қатысты осы тауар белгісін тікелей тауар белгісі иесінің (құқық иеленушінің) немесе оның келісімімен басқа да тұлғалардың пайдалануы тауар белгісіне айрықша құқықты бұзу болып табылмайды.
📌 Ескерту. Заң 43-1-баппен толықтырылды - ҚР 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 44. 44-бап. Тауар белгісі иесiнiң (құқық иеленушінің) немесе географиялық нұсқаманы және тауар
шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы иесінің
құқығын қорғау тәсілдері
44-бап. Тауар белгісі иесiнiң (құқық иеленушінің) немесе географиялық нұсқаманы және тауар
шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы иесінің
құқығын қорғау тәсілдері
📌 Ескерту. 44-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 1
1. Тауар белгісі иесінің (құқық иеленушінің) немесе географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы иесінің құқығын бұзған тұлға бұзушылықты дереу тоқтатуға және тауар белгісінің иесіне (құқық иеленушіге) немесе географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының иесіне ол шеккен залалдарды өтеуге міндетті.
Тармақ 2
2. Тауар белгісін, географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын немесе оларға айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемені немесе жалпыға бірдей белгілі тауар белгісін пайдаланудың құқыққа сыйымдылығын айқындауға байланысты дауларды сот Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды.
Тармақ 3
3. Тауар белгісі, географиялық нұсқама және тауар шығарылған жердің атауы немесе оларға айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгілемелер иесінің келісімінсіз орналастырылған тауар және оның қаптамасы контрафактілік деп танылады. Контрафактілік тауарлар және олардың қаптамалары, сондай-ақ оларды жасау үшін пайдаланылған саймандар, жабдық немесе өзге де құралдар мен материалдар осындай тауарларды айналымға енгізу қоғамдық мүдделер үшін қажет болатын және Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын бұзбайтын жағдайларды қоспағанда, соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде айналымнан шығарылуға және бұзушының есебінен жойылуға жатады.
Тармақ 4
4. Тауар иесі осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайларда контрафактілік тауарлардан және олардың қаптамаларынан заңсыз орналастырылған тауар белгісін немесе географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын, оларға айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемелерді алып тастауды талап етуге құқылы.
Тармақ 5
5. Тауар белгісі иесінің (құқық иеленушінің) немесе географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы иесінің құқығын бұзған тұлға жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету кезінде жұмыстарды орындаумен немесе қызметтер көрсетумен бірге жүретін материалдардан, оның ішінде құжаттамадан, жарнамадан, маңдайша жазулардан географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын немесе оларға айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемені алып тастауға міндетті.
Тармақ 6
6. Тауар иесі құқық бұзу фактісі дәлелденген кезде залалдарды өтеудің орнына бұзушылықтың сипатын, тауар белгісі, географиялық нұсқама және тауар шығарылған жердің атауы немесе оларға айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілеме тауар иесінің келісімімен орналастырылған біртектес (түпнұсқа) тауарлардың нарықтық құнын негізге ала отырып, бұзушыдан сот айқындайтын мөлшерде өтемақы төлеуді талап етуге құқылы.
📌 Ескерту. 44-бап жаңа редакцияда - ҚР 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Тарау 13. 13-тарау. Қорытынды ережелер
13-тарау. Қорытынды ережелер
Бап 45. 45-бап. Сараптама ұйымы көрсететін қызметтерге ақы төлеу
45-бап. Сараптама ұйымы көрсететін қызметтерге ақы төлеу
Сараптама ұйымы тауар белгілерін, географиялық нұсқамаларды және тауарлар шығарылған жерлердің атауларын қорғау саласында қызметтер көрсеткені үшін осы Заңның 3-1-бабына сәйкес ақы алады.
📌 Ескерту. 45-бап жаңа редакцияда - ҚР 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 46. 46-бап. Патенттік сенім білдірілген өкілдер
46-бап. Патенттік сенім білдірілген өкілдер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жоғары бiлiмi бар, аттестаттаудан өткен және патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде (тізілімдерінде) тiркелген оның әрекетке қабiлеттi азаматы патенттiк сенiм білдірілген өкiл болуға құқылы.
Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдардың аттестаттаудан өту және оларға патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру нәтижелері бойынша патенттік сенім білдірілген өкіл қызметін:
1) тауар белгілері, географиялық нұсқамалар, тауар шығарылған жердің атаулары;
2) өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, селекциялық жетістіктер саласында мамандануына сәйкес жүзеге асырады.
Уәкілетті органның жанынан құрылатын патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссия уәкілетті орган қызметкерлерінің тақ санынан тұрады.
Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде (тізілімдерінде) тіркеу және оған өзгерістер енгізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Патенттік сенім білдірілген өкілдердің
тізілімдері уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
Тармақ 2
2. Аттестаттауға мынадай:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынатын;
Тармақша 2
2) уәкілетті органның және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері, сондай-ақ олардың жақын туыстары, жұбайы (зайыбы ) болып табылатын;
Тармақша 3
3) қылмыс жасағаны үшін заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар;
Тармақша 4
4) осы Заңға сәйкес патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен (тізілімдерінен) шығарылған адамдар жiберiлмейдi.
Тармақ 3
3. Зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласында кемінде төрт жыл жұмыс тәжірибесі бар не патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасында кемінде бір жыл тағылымдамадан өткен адамдар аттестаттауға жіберіледі.
Тармақ 4
4. Патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметі патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияның хаттамалық шешімімен:
Тармақша 1
1) патенттік сенім білдірілген өкілдің патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияға берілген өтініші негізінде;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынатын адамдарға, уәкілетті органның және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлеріне жатқызу кезеңіне тоқтатыла тұрады.
Тармақша 3
3) алып тасталды – ҚР 24.11.2025 № 233-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметі оның қызметін тоқтата тұру үшін себеп болған негіздер жойылған жағдайда, патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияның хаттамалық шешімімен қайта басталады.
Тармақ 5
5. Өтініш берушінің, құқық иеленушінің өкілі ретінде патенттік сенім білдірілген өкіл зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау мәселелері бойынша уәкілетті органмен және сараптама ұйымымен іс жүргізуге байланысты қызметті жүзеге асырады. Уәкілетті органмен және сараптама ұйымымен іс жүргізуді өтініш беруші және (немесе) құқық иеленуші де дербес жүзеге асыра алады.
Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдік заңды тұлғалар уәкілетті органда және оның ұйымдарында өзінің өтініш беруші, тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің иесі құқықтарын және географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлға құқықтарын патенттік сенім білдірілген өкілдер арқылы жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бірақ оның шегінен тысқары жерде уақытша жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының шегінде хат алмасу үшін мекенжайын көрсеткен кезде патенттік сенім білдірілген өкілсіз өзінің өтініш беруші, тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің иесі құқықтарын және географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлға құқықтарын жүзеге асыра алады.
Патенттік сенім білдірілген өкіл сенім білдірушіден оның тапсырмасын орындауға байланысты алатын ақпарат Қазақстан Республикасының заңдарында құпия ақпаратқа немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияға қойылатын талаптар сақталған кезде құпия деп танылады.
📌 Ескерту. 46-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР 24.11.2025 № 233-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 46-1. 46-1-бап. Патенттік сенiм білдірілген өкілдің құқықтары мен
міндеттері
46-1-бап. Патенттік сенiм білдірілген өкілдің құқықтары мен
міндеттері
Тармақ 1
1. Патенттік сенім білдірілген өкіл мыналарға құқылы:
Тармақша 1
1) зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, зияткерлік меншік құқықтарын иелену немесе беру мәселелері бойынша консультация беру;
Тармақша 2
2) тапсырыс берушінің, сенім білдірушінің, жұмыс берушінің атынан және оның тапсырмасы бойынша тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін, географиялық нұсқамалар мен тауарлар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге арналған өтінімдерді ресімдеу және жасау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, географиялық нұсқамаларға және тауарлар шығарылған жерлердің атауларына құқықтарды қорғау мәселелері бойынша уәкілетті органмен және (немесе) сараптама ұйымымен өзара іс-қимыл жасау, оның ішінде хат-хабар алысу, сараптама шешімдеріне қарсылықтарды дайындау және жіберу;
Тармақша 4
4) лицензиялық (қосалқы лицензиялық) шарттарды және (немесе) басқаға беру шарттарын жасауға, қарауға, сондай-ақ сараптама ұйымында құқықтарды беруді және ұсынуды кейіннен тіркеуге жәрдемдесу;
Тармақша 5
5) патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының мүшесі болу;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған, зияткерлік меншікті сақтау және қорғау мәселелерімен байланысты басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыру.
Тармақ 2
2. Патенттік сенім білдірілген өкілдің өкілеттіктері сенімхатпен куәландырылады.
Апелляциялық кеңеске қарсылық беруге байланысты істерді жүргізу кезінде патенттік сенім білдірілген өкіл уәкілетті органға сенімхаттың түпнұсқасын ұсынуға міндетті.
Тармақ 3
3. Егер сенімхат шет тілінде жасалса, онда қарсылық берілген тілге байланысты сенімхаттың қазақ немесе орыс тіліне нотариус куәландырған аудармасы міндетті түрде ұсынылуға тиіс.
Тармақ 4
4. Патенттік сенім білдірілген өкіл, егер бұрын осы іс бойынша мүдделері іс жүргізу туралы өтінішпен жүгінген адамның мүдделеріне қайшы келетін адамдардың атынан өкiлдiк етсе немесе оларға консультация берсе немесе оны қарауға өзгеше қатысса, сондай-ақ егер істі қарауға патенттік сенім білдірілген өкілдің жақын туысы, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаты болып табылатын лауазымды адам қатысса, тапсырманы қабылдамауға міндетті.
📌 Ескерту. Заң 46-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); жаңа редакцияда - ҚР 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 46-2. 46-2-бап. Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен (тізілімдерінен) шығару,
патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігін жарамсыз деп
тану және патенттік сенім білдірілген өкілдердің
тізіліміндегі (тізілімдеріндегі) мәліметтердің күшін жою
46-2-бап. Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен (тізілімдерінен) шығару,
патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігін жарамсыз деп
тану және патенттік сенім білдірілген өкілдердің
тізіліміндегі (тізілімдеріндегі) мәліметтердің күшін жою
📌 Ескерту. 46-2-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 24.11.2025 № 233-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 1
1. Патенттік сенiм білдірілген өкіл патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен (тізілімдерінен) патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияның шешімімен:
Тармақша 1
1) патенттік сенім білдірілген өкілдің патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияға берілген өтініші негізінде;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған кезде немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткен кезде;
Тармақша 3
3) патенттік сенiм білдірілген өкілдің кәсіптік қызметінде бес жылдан астам үзіліс болған жағдайда;
Тармақша 4
4) патенттік сенiм білдірілген өкіл қылмыс жасағаны үшін сотталып, соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген кезде;
Тармақша 5
5) патенттік сенiм білдірілген өкіл қайтыс болған немесе ол хабарсыз кетті деп танылған не қайтыс болды деп жарияланған жағдайда;
Тармақша 6
6) патенттік сенiм білдірілген өкіл әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған жағдайда;
Тармақша 7
7) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың шағымдарын, сондай-ақ патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының ұсынуын қарау нәтижелері бойынша шығарылады.
Тармақ 2
2. Патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияның шешімі немесе соттың заңды күшіне енген шешімі не айыптау үкімі негізінде патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігі жарамсыз деп танылады және тиісті мәліметтер патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізіліміне (тізілімдеріне) енгізіледі.
Тармақ 3
3. Патенттік сенiм білдірілген өкілдердің тізілімінен (тізілімдерінен) шығарылған патенттік сенім білдірілген өкіл бұл жөнінде мәліметтер енгізілген күннен бастап патенттік сенiм білдірілген өкілдің қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылады, ал оны патенттік сенім білдірілген өкіл ретінде тіркеу туралы куәліктің күші жойылады.
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган патенттік сенім білдірілген өкілдің әрекеттеріне жеке және (немесе) заңды тұлғаның шағымы не патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының ұсынуы келіп түскен жағдайда уәкілетті орган қызметкерлерінің тақ санынан патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссия құрады.
Жеке және (немесе) заңды тұлғаның шағымын не патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының ұсынуын қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірі қабылданады:
Тармақша 1
1) патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігін кері қайтарып алу және патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізіліміне (тізілімдеріне) тиісті жазба енгізу;
Тармақша 2
2) жеке және (немесе) заңды тұлғаның шағымын не патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының ұсынуын қанағаттандырудан бас тарту.
Тармақ 5
5. Патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияның шешіміне уәкілетті органның жанынан құрылатын апелляциялық комиссияға патенттік сенім білдірілген өкілдердің шағымдарын сотқа дейін қарау жөніндегі шағым берілуі мүмкін.
Патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияның шешімдеріне шағымдарды қарау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Көрсетілген шағымдарды сотқа дейін қарау міндетті болады.
Апелляциялық комиссияның шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады, хаттамамен ресімделеді және ол бойынша сотқа шағым жасалуы мүмкін.
📌 Ескерту. Заң 46-2-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгерістер енгізілді - ҚР 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР 24.11.2025 № 233-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 47. 47-бап. Халықаралық тіркеу
47-бап. Халықаралық тіркеу
Жеке және заңды тұлғалар сараптама ұйымы арқылы тауар белгілерін және тауар шығарылған жерлердің атауларын халықаралық тіркеуге арналған өтінімдер беруге құқылы.
Халықаралық тіркеуге арналған өтінімдерді қарау тәртібін уәкілетті орган Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес айқындайды.
📌 Ескерту. 47-бап жаңа редакцияда - ҚР 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 48. 48-бап. Шетелдіктердің, шетелдік заңды тұлғалардың және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары
48-бап. Шетелдіктердің, шетелдік заңды тұлғалардың және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары
Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, шетелдіктер, шетелдік заңды тұлғалар, азаматтығы жоқ адамдар осы Заңда көзделген құқықтар мен міндеттерді Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларымен бірдей пайдаланады және атқарады.