О переименовании улиц села Карой Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.05.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарой ауылы көшелерінің атауларын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай–ақ физикалық–географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің Тәртібін бекіту туралы" N 281 қаулысын басшылыққа ала отырып, Қарой ауылының Парижская Коммуна, Целинная, Олимпийская, Антоновка көшелерінің тұрғындары атынан ұсынылған көшелерінің атын өзгерту туралы өтінішін қарап:
Тармақ 1
1. Қарой ауылының келесі көшелерінің атаулары өзгертілсін:
Тармақша 1
1) Парижская Коммуна көшесі Абай көшесіне;
Тармақша 2
2) Целинная көшесі С. Сейфуллин көшесіне;
Тармақша 3
3) Олимпийская көшесі Ы. Алтынсарин көшесіне;
Тармақша 4
4) Антоновка көшесі Б. Момышұлы көшесіне.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.