Об оказании социальной помощи молодежи из числа студентов Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Студент жастарға әлеуметтік көмек көрсету туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 4-бабының 5-тармағының 1)-тармақшасына, 5-бабының 11)-тармақшасына сәйкес, Қостанай аудандық мәслихатының 2006 жылғы 28 наурыздағы № 275 шешімімен бекітілген Қостанай ауданының 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік жастар бағдарламасының орындалуына Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Кірістері төмен отбасылардан, күндізгі оқу формасы бойынша оқитын, ауданның қоғамдық өміріне белсенді араласатын 16 студентке білім алуға байланысты шығындарды жартылай өтеу үшін 2008 жылдың бірінші жарты жылдығына аудандық бюджет қаражатынан 1383400 (бір миллион үш жүз сексен үш мың төрт жүз) теңге сомасында әлеуметтік көмек қосымшаға сәйкес көрсетілсін.
Тармақ 2
2. Білім алуға байланысты шығындарды жартылай өтеу үшін студент жастарға әлеуметтік көмек көрсету комиссиясы үміткерлердің тізімін бекітіп және білім алуға байланысты шығындарды жартылай өтеу үшін студент жастарға әлеуметтік көмек төлеу жөнінде бюджеттік бағдарламалар әкімгері-Қостанай ауданы әкімиятының "Ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне ұсыныстар енгізсін.
Тармақ 3
3. Қостанай ауданы әкімиятының "Ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қостанай ауданының 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік жастар бағдарламасының білім алу мерзіміне шығындарды жартылай төлеу үшін жастарға әлеуметтік көмек көрсету бөлігінде іс-шараларын орындауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Ч. Досжановқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6
Әкімдіктің 2008 жылғы 29 сәуірдегі № 170 қаулысына қосымша Аудандық бюджет қаражатынан 2008 жылдың бірінші жартыжылдығына білім алуға төлемге әлеуметтік көмек алатын студенттердің саны және мамандықтарының тізімі № Жоғары оқу мекемесінің атауы Мамандық Оқытылатындардың саны 2008 жылдың қаңтарынан маусымына дейінгі уақытқа, барлығы 1. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты 1. Шет тілі; 2. Жағрафия; 3. Қазақ тілі және әдебиеті; 4. Тарих; 5. Жағрафия; 6. Қазақ тілі және әдебиеті; 7. Кәсіби оқыту; 8. Шет тілі; 9. Тарих; 1 1 1 1 1 1 1 1 1 72000 72000 32000 72000 72000 72000 84000 64200 60000 2. А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті 10. Қазақ филологиясы; 11. Қаржы; 12. Биология; 1 1 1 62000 80000 66000 Жиынтығы: 808200 3. Қостанай әлеуметтік- техникалық университеті 13. Мемлекеттік және жергілікті басқару; 14. Бұғалтерлік есеп және аудит; 1 1 101400 160000 Жиынтығы: 14 1069600 4. Қарағанды медициналық академиясы 15. Емдеу ісі; 16. Емдеу ісі; 1 1 157800 156000 Жиынтығы: 2 313800 Барлығы: 16 1383400