Талдықорған қаласы көшелерінің атауларын өзгерту туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Талдықорған қаласы көшелерінің атауларын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы, 1-тармағының 4) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Заңының 13-бабының 4) және 5) тармақшаларына сәйкес, Талдықорған қалалық ономастикалық комиссиясының 2008 жылғы 9 сәуірдегі қорытындысының негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Талдықорған қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қаланың төмендегі көшелерінің атаулары өзгертілсін:
Тармақша 1
1) Талдықорған қаласының "Восточный" көшесі "Шығыс" көшесіне өзгертілсін;
Тармақша 2
2) Талдықорған қаласының "Базарная" көшесі "Қарқара" көшесіне өзгертілсін;
Тармақша 3
3) Талдықорған қаласының "Лесная поляна" көшесі "Ақ қайың" көшесіне өзгертілсін;
Тармақша 4
4) Талдықорған қаласының "Лесная" көшесі "Теректі" көшесіне өзгертілсін;
Тармақша 5
5) Талдықорған қаласының "Луговая" көшесі "Шалқар" көшесіне өзгертілсін;
Тармақша 6
6) Талдықорған қаласының "Новый" көшесі "Жаңа тұрмыс" көшесіне өзгертілсін;
Тармақша 7
7) Талдықорған қаласының "Талдыкорганская" көшесі "Талдықорған" көшесіне өзгертілсін;
Тармақша 8
8) Талдықорған қаласының "Речная" көшесі "Бұлақты" көшесіне өзгертілсін;
Тармақша 9
9) Талдықорған қаласының "Рылеев" көшесі "Хан тәңірі" көшесіне өзгертілсін;
Тармақша 10
10) Талдықорған қаласының "Семиреченская" көшесі "Жетісу" көшесіне өзгертілсін;
Тармақша 11
11) Талдықорған қаласының "Фестивальная" көшесі "Мереке" көшесіне өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Талдықорған қаласының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (М. М. Қалиев) аталған көшеге тиісті маңдайшаларды 2008 жылғы 1 маусымға дейін орнатсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Л.Базарқүловаға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен Талдықорған қалалық мәслихатының шешімі мен Талдықорған қалалық әкімдігінің қаулысы алғаш ресми жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.