О судах Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Соттары туралы
"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге
уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы
Қазақстан Республикасы Заңының
1-бабына сәйкес және Қазақстан
Республикасы Конституциясының ережелерiн жүзеге асыру мақсатында осы
Жарлықты шығарамын.
Бап 1. 1-бап.
1-бап.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық, Алматы
қалалық, қалалық, аудандық соттар, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының әскери соттары Қазақстан Республикасының соттары
болып табылады.
Бап 2. 2-бап.
2-бап.
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Жоғарғы Соттың
Төрағасынан, Жоғарғы Сот алқаларының төрағаларынан және Жоғарғы
Соттың өзге де тұрақты судьяларынан тұрады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының органдары мыналар:
Тармақша 1
1) Жоғарғы Соттың Пленумы;
Тармақша 2
2) Жоғарғы Соттың Төралқасы;
Тармақша 3
3) Жоғарғы Соттың алқалары.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының алқалары мыналар:
Тармақша 1
1) азаматтық iстер жөнiндегi алқа;
Тармақша 2
2) қылмыстық iстер жөнiндегi алқа;
Тармақша 3
3) шаруашылық iстер жөнiндегi алқа;
Тармақша 4
4) әскери алқа.
Бап 3. 3-бап.
3-бап.
Тармақ 1
1. Облыстық, Алматы қалалық соттары төрағадан, сот алқаларының
төрағаларынан және өзге тұрақты судьялардан тұрады.
Тармақ 2
2. Облыстық, Алматы қалалық сотының органдары мыналар:
Тармақша 1
1) соттың төралқасы;
Тармақша 2
2) соттың алқалары.
Тармақ 3
3. Облыстық, Алматы қалалық соттарының алқалары мыналар:
Тармақша 1
1) азаматтық iстер жөнiндегi алқа;
Тармақша 2
2) қылмыстық iстер жөнiндегi алқа;
Тармақша 3
3) шаруашылық iстер жөнiндегi алқа.
Бап 4. 4-бап.
4-бап.
Аудандық, қалалық соттар соттың төрағасынан және тұрақты
судьялардан тұрады.
Бап 5. 5-бап.
5-бап.
Осы Жарлық күшiне енген күнi қолданылып келген Қазақстан Республикасының соттары мен судьяларының ұйымдастырылуы мен қызметiнiң мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасының Заң актiлерi Конституцияға және осы Жарлыққа қайшы келмейтiн бөлiгiнде одан әрi қолданыла бередi.
Бап 6. 6-бап.
6-бап.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумы, Төралқасы, Төрағасы және шаруашылық iстер жөнiндегi алқасы, облыстық және Алматы қалалық соттарының төрағалары, осы соттардың шаруашылық iстер жөнiндегi алқалары Республикасының жаңа iс жүргiзу заңдары қабылданғанға дейiн Конституцияға, осы Жарлыққа қайшы келмейтiн бөлiгiнде "Қазақстан Республикасының төрелiк соты туралы" және "Қазақстан Республикасы төрелiк соттарының шаруашылық дауларын шешу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа алады және тиiстi сот сатыларының және Республиканың таратылған төрелiк соттары лауазымды адамдарының функцияларын жүзеге асырады. Жоғарғы соттың шаруашылық iстер жөнiндегi алқаларының судьялары қабылдаған шешiмдердiң заңдылығы мен негiздiлiгiн бақылау Жоғарғы соттың шаруашылық iстер жөнiндегi алқасы үш судьясының құрамында алқалы түрде жүзеге асырылады.
📌 ЕСКЕРТУ. 6-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы
Президентiнiң 1995.11.14. N 2634 заң күші бар
Жарлығымен.
Бап 7. 7-бап.
7-бап.
Республика Жоғарғы Сотының Төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда Жоғарғы Сот Төрағасының мiндетiн оның уәкiлдiк беруiмен Жоғарғы Сот алқасы төрағаларының бiрi атқарады.
Бап 8. 8-бап.
8-бап.
Республика Жоғарғы Соты алқасының Төрағасы:
Тармақша 1
1) Жоғарғы Соттың тиiстi алқасына басшылықты жүзеге асырып, оның жұмысын ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) қадағалау ретiнде тексеру үшiн, сондай-ақ сот практикасын зерделеу мен қорыту үшiн iстердi сұратып алдыртады;
Тармақша 3
3) тиiстi алқаның жүргiзуiне жататын iстер бойынша Жоғарғы Соттың алқасына, Төралқасына немесе Пленумына қарсылық кiргiзу туралы Жоғарғы Соттың Төрағасына ұсыныс енгiзедi.
Тармақша 4
4) тиiстi алқа мәжiлiстерiнде төрағалық етедi;
Тармақша 5
5) сот статистикасын жүргiзу, сот практикасын зерделеу,
Жоғарғы Сот Пленумының немесе Төралқасының қарауына материалдар
дайындау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 6
6) Жоғарғы Соттың Төралқасына Жоғарғы Соттың тиiстi
алқасының қызметi туралы есеп бередi;
Тармақша 7
7) мiндеттер бөлiнiсiне сәйкес Жоғарғы Сот аппаратының
тиiстi құрылымдық бөлiмшелерiнiң жұмысына басшылықты жүзеге
асырады;
Тармақша 8
8) азаматтарды жеке қабылдауды жүргiзедi;
Тармақша 9
9) Республика Заң актiлерiмен өзiне берiлген басқа да
өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Бап 9. 9-бап.
9-бап.
Осы Жарлық:
Тармақша 1
1) Республиканың сот жүйесi туралы конституциялық заң
мен жаңа iс жүргiзу заңдары қабылданғанға дейiн қолданылады;
Тармақша 2
2) жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
📌 ЕСКЕРТУ. 7, 8, 9-баптар жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы
Президентiнiң 1995.11.14. N 2634 заң күші бар
Жарлығымен.