Қаракемер ауылындағы Қаракемер көшесінің атын өзгерту туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.05.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қаракемер ауылындағы Қаракемер көшесінің атын өзгерту туралы Қаракемер ауылындағы Қаракемер көшесі тұрғындарының пікірін ескере отырып және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Қаракемер ауылдық округіне қарасты Қаракемер ауылындағы Қаракемер көшесінің аты Әбимолда атындағы көшесі болып өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.