"Көше атауларын өзгерту туралы" Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.05.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Көше атауларын өзгерту туралы" Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 37 бабының 3 тармағын, "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағын және аудан әкімі жанындағы ономастика комиссиясы мәжілісінің 2005 жылғы N 2 хаттамасын орындау мақсатында ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Қыркеңсе ауылдық округі көшелерінің келесі атаулары өзгертілсін:
Тармақша 1
1) "Кеңес" атындағы көше Ұлы Отан соғысының ардагері "Өмірзақ Сарсенбаев" атындағы көше болып өзгертілсін;
Тармақша 2
2) "Жеңіс" атындағы көше Ұлы Отан соғысының ардагері "Юсупов Камал" атындағы көше болып өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді, ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2006 жылдың 26 қаңтарынан бастап пайда болған қарым қатынастарға тарайды.