О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы
"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес және "Шаруашылық серiктестерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығының шығуына байланысты қаулы етемiн:
Тармақ i
I. Қазақстан Республикасының мынадай заң актiлерiне толықтырулар енгiзiлсiн:
Тармақ 1
1. "Шаруа шаруашылығы туралы" 1990 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1990 жыл., N 22, 257-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 13-14, 309-құжат):
3-бабының бiрiншi бөлiгiнде "акционерлiк" сөзi алынып тасталсын;
18-бабының бiрiншi бөлiгiндегi "акционерлiк" сөзi "шаруашылық серiктестiктерi" сөздерiмен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. "Қазақ ССР-iндегi еркiн экономикалық аймақтар туралы" 1990 жылғы 30 қарашадағы Қазақ ССР-нiң Заңында (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1990 ж,. N 49, 455-құжат):
10-бабының 1-тармағының екiншi абзацындағы "акционерлiк қоғамдарды, бiрлескен кәсiпорындарды және өзге де" сөздер "шаруашылық" сөзiмен ауыстырылсын.
Тармақ 3
3. "Қазақ ССР-iндегi шаруашылық қызметiнiң еркiндiгi және кәсiпкерлiктi дамыту туралы" 1990 жылғы 11-желтоқсандағы Қазақ ССР-iнiң Заңында (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1990 ж.,N 51. 483-құжат):
6-бабының үшiншi абзацындағы "және де өзге қоғамдар мен" деген сөздер алынып тасталсын.
Тармақ 4
4. "Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы" 1990 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақ ССР-iнiң Заңында (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1991 ж., N 1, 8-құжат):
15-бабының бiрiншi бөлiгi "в" тармақшасындағы "арендалық және акционерлiк кәсiпорындар" сөздерi "шаруашылық серiктестiктерi" сөздерiмен ауыстырылсын.
Тармақ 5
5. "Мемлекеттiк ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының мүлкiн
жекешелендiру ерекшелiктерi туралы" 1992 жылғы 14 қаңтардағы
Қазақстан Республикасы Заңында (Қазақстан Республикасының Жоғарғы
Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 4, 80-құжат):
6-шы бабының бiрiншi бөлiгi үшiншi абзацындағы "немесе
серiктестерiнiң" сөздерi алынып тасталсын.
Тармақ ii
II. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.