Азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлем төлеу қағидасын бекіту туралы
ҚАЗАзаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлем төлеу қағидасын бекіту туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлем төлеу қағидасын бекіту туралы
- Атауы (қаз.)
- Азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлем төлеу қағидасын бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 6-5
- Қабылданған күні
- 29.04.2008
- Көрсетілген редакция
- 29.04.2008 · қолданыстағы 39882_322939.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 29.04.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08ZJ000047
- ЭКБ идентификаторы
- 39882
- Редакция идентификаторы
- 39882_322939
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:31
0 Азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлем төлеу қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабын және аудан әкімінің 2008 жылғы 27 наурыздағы №106 «Азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлем төлеу қағидасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Сырым аудандық мәслихатының сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлем төлеу қағидасы (қоса берілді) бекітілсін.
2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енсін.
3 Азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлем төлеу қағидасы.
Сырым аудандық мәслихатының
2008 жылғы 29 сәуірдегі кезекті
VI сессиясының № 6-5 шешімімен
бекітілді
№ 1 қосымша
Азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлем төлеу қағидасы.
1 1. Жалпы қағидалар
1 1. Жеке санаттағы аудан азаматтарына әлеуметтік төлем ауданның аз қамтамасыз етілген, әлеуметтік қорғалмаған көмекті аса қажет ететін азаматтарына қажет етіледі.
2 2. Жан басына шаққандағы орташа айлық табысы белгіленген кедейлік шегінен аспайтын және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдарға көмек көрсетіледі.
3 3. Ауылдық округтегі комиссия жеке адамның материалдық жағдайын тексеруден өткізгеннен кейін әлеуметтік көмекті қажет етілетін болып танылады.
4 4. Қажеттілік себебіне байланысты бір адамға әлеуметтік төлем жылына бір реттен көп төленбейді.
5 5. Аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік төлемді төлеу аудандық бюджеттен қаржыландыру арқылы қарастырылады.
2 2. Әлеуметтік төлем құқығы
6 6. Әлеуметтік төлемді ауданның тұрақты тұрғындары, әлеуметтік қорғауды қажет деп танылған азаматтардың алуға құқығы бар.
7
7. Әлеуметтік төлем алуға басымдылық құқығы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарға, кірісі кедейлік шегінен аспайтын аз қамтылған азаматтарға, туберкулез аурумен ауыратындарға, ауданның құрметті азаматтарына, аз қамтылған төменгі мөлшерден төмен азаматтарға қатты отын алу үшін, аз қамтылған жанұялар өртке ұшыраған жағдайда, аз қамтылған жанұялардың студентерінің оқуын төлеуге, Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің жесірлеріне.
8 8. Онан басқа бір жолғы әлеуметтік көмек алуға өмір сүруге ешбір қаражатсыз қалғандар, өздерінен тәуелсіз жағдайға ұшырағанда (өртте, ұзақ уақыт ауырған сәтте) алуға құқығы бар.
9 9. Отбасының кірісі кедейшілік шегінен аспайтын, азаматтардың тұрғын үйлерін жөндеуге, тұрғын үй салуға бір жолғы әлеуметтік көмек алу құқығы бар.
10 10. Ауған соғысына қатысушылардың бір жолғы әлеуметтік көмек алу құқығы бар.
3 3. Әлеуметтік төлемді тағайындау тәртібі
11 11. Әлеуметтік төлем алуға үміткер азаматтар аудандық комиссия төрағасының атына, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жазбаша өтініш береді. Өтінішке қоса тізімде көрсетілген құжаттар беріледі.
12 12. Ауылдық округ әкімі өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеруге рұқсат бермесе әлеуметтік төлем төленбейді.
13 13. Аудан әкімі жанындағы аудандық комиссия өтінішті, тексеру актісін және басқа қажет құжаттарды қарайды және сәйкес шешім қабылдайды.
14 14. Ауылдық округ әкімі өтініш берушінің мәліметтерінің толықтығына жауап береді.
15 15. Аудандық комиссия әлеуметтік көмек керектігін анықтаған соң төлем мөлшерін анықтайды.
16 16. Әлеуметтік төлем аудан әкімі жанындағы комиссия шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.
4 4. Жиынтық кірісті есептеп шығару
17 17. Әлеуметтік төлем алу құқығын анықтау үшін өтініш берген айдың алдыңғы тоқсандағы отбасының жиынтық кіріс табысы есептеледі.
18 18. Отбасының жиынтық табысына отбасы мүшелерінің барлық табысы есептеледі.
5 5. Әлеуметтік түрлері мен мөлшері
19
19. Бас бостандығынан айыру органдарынан босатылғандарға кірісі, кедейлік шегінен аспайтын аз қамтылған азаматтарға, емделуге, туберкулез ауруымен ауратындарға, жерлеу үшін берілетін көмек, табысы жоқ азаматтарды құжаттандыру үшін зейнетақысы ең төменгі мөлшерден төмен болғанда қатты отын алу үшін, қорасы өртке ұшыраған жағдайда, аз қамтылған отбасынан шыққан студенттерге жоғарғы оқу орындарындағы оқуын төлеу үшін, Ұлы Отан соғысының жесірлеріне 10 000 теңгеге дейін бір жолғы материалдық көмек.