Карантиндік аймақтарға ветеринариялық режим мен шектеу іс-шараларын енгізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.05.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Карантиндік аймақтарға ветеринариялық режим мен шектеу іс-шараларын енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы, 1-тармағы, 18)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы, 2-тармағы, 9)-тармақшасына сәйкес және бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2008 жылғы 30 сәуірдегі N 177 ұсынысы бойынша аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ұсақ мүйізді малдары арасынан сарып ауруы туындаған жағдайға байланысты төмендегі карантиндік аймақтарға ветеринариялық режим мен шектеу іс-шаралары енгізілсін:
Тармақша 1
1) Мұсабек ауылына (65 бас, 2008 жылдың 23 сәуірдегі N 233 сараптамасы);
Тармақша 2
2) "Алрун" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі орналасқан Сасық мал қыстауына (22 бас, 2008 жылдың 23 сәуірдегі N 231 сараптамасы).
Тармақ 2
2. Сарып ауруының ошағын жою жөніндегі іс-шаралар жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аудандық аумақтық инспекциясының бастығы С.Қабдолданов (келісім бойынша), Көксу аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы Е.Ешкенов (келісім бойынша) сарып ауруының ошағын жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М.Бейсеновке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8
Көксу ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 7 мамырдағы "Карантиндік аймақтарға ветеринариялық режим мен шектеу іс-шараларын енгізу туралы" N 97 қаулысына қосымша Сарып ауруының ошағын жою жөніндегі іс-шаралар жоспары: Р/с Іс-шараның аталуы Орындау мерзімі Орындауға жауаптылар 1. Ұйымдық-шаруашылықтық шаралары. 1 Ауылдық округтердегі ауылшаруашылық малдардың толық есебін жүргізу. Тұрақты түрде Кенттік, ауылдық округтерінің әкімдері, ветеринариялық инспекторлары (келісім бойынша) 2 Арнайы мал соятын орындар мен өлген малдарды тастайтын шұңқырды әрбір елді мекенде жасау жұмысын жалғастыру. Жыл аяғына дейін Кенттік, ауылдық округтерінің әкімдері, ветеринариялық инспекторлары (келісім бойынша) 2. Арнайы ветеринариялық шаралар. 3 Сарып ауруына оң нәтиже беріп тіркелген малдарды тез арада жалпы отардан аластау. Сараптау актісін алысымен Кенттік, ауылдық округінің ветеринариялық инспекторлары, лицензиялық мал дәрігерлері (келісім бойынша) 4 Ауру болып тіркелген малдарды ветеринариялық- санитариялық талаптарға сай есепке қойып, жою. 3 күн ішінде Кенттік, ауылдық округінің ветеринариялық инспекторлары, лицензиялық мал дәрігерлері (келісім бойынша) 5 Мал тұрған қоралар мен ауланы қидан тазарту және мал тұрған орынды арнайы дәрілермен залалсыздандыру. Тез арада, мал жойылғаннан кейін Кенттік, ауылдық округінің ветеринариялық инспекторлары, лицензиялық мал дәрігерлері (келісім бойынша) 6 Ауру шыққан ауладағы қалған малдардан 15-20 күн сайын қан алынып, 2 қайтара таза шыққанша сарып ауруына қарсы тексеру. Тұрақты түрде Кенттік, ауылдық округінің ветеринариялық инспекторлары, лицензиялық мал дәрігерлері (келісім бойынша) 7 Ауру мал шыққан ауладағы адамдарды сарып ауруына қарсы тексеру. Мамыр Аудандық санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, кенттік, ауылдық округтерінің ветеринариялық инспекторлары (келісім бойынша) 8 Аудан тұрғындары арасында сарып ауруына қарсы шаралар және сақтану жөнінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу. Тұрақты Аудандық санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, кенттік, ауылдық округтерінің ветеринариялық инспекторлары (келісім бойынша)