О внесении изменения и дополнения в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.07.07. N 646 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.07.27. N 781 қаулысымен .
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 25 сәуiрдегi N 547 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1995 ж., N 14, 166-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметi туралы ережеде:
"Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметтi қаржыландыру" деген Ү бөлiм мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Санитарлық-эпидемиологиялық мекемелер ұсынатын тауарларды сату мен қызмет көрсетулерден түсетiн түсiмдердi олар Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi айқындайтын тәртiппен пайдаланады".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.