О переименовании улиц села Изенда Қолданыста
Басқа 0
Изенді ауылы көшелерінің атауларын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң Тәртiбiн бекiту туралы" N 281 қаулысын басшылыққа ала отырып, Изенді ауылының Строительная, Парковая, Школьная, Водопроводная, Набережная, Северная және Новая көшелерінің тұрғындарының өтініштерін қарап:
Тармақ 1
1. Изенді ауылының келесі көшелерінің атаулары өзгертілсін:
Тармақша 1
1) Строительная көшесі Нағидолла Әлібеков көшесіне;
Тармақша 2
2) Парковая көшесі Байдалы Бокаев көшесіне;
Тармақша 3
3) Школьная көшесі Әбдікәрім Құдайбергенов көшесіне;
Тармақша 4
4) Водопроводная көшесі Сарыарқа көшесіне;
Тармақша 5
5) Набережная көшесі Тәуелсіздік көшесіне;
Тармақша 6
6) Северная көшесі Атамекен көшесіне;
Тармақша 7
7) Новая көшесі Жерұйық.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылауын өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.