О переименование улицы села Кобетей Қолданыста
Басқа 0
Көбетей ауылының көшесінің атын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң Тәртiбiн бекiту туралы" N 281 қаулысын басшылыққа ала отырып, Көбетей ауылының Целинная көшесі тұрғындарының өтінішін қарап:
Тармақ 1
1. Көбетей ауылының келесі көшесінің атауы өзгертілсін:
Целинная көшесі – Былкилова көшесіне.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылауын өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.