Кемербастау ауылдық округіне қарасты Кемербастау, Мәнтай Жәрімбетов атындағы, Алғабас ауылдарының, Майлыкент ауылдық округіне қарасты Т.Рысқұлов ауылының шекараларын өзгерту туралы Қолданыста
Басқа 0
Кемербастау ауылдық округіне қарасты Кемербастау, Мәнтай Жәрімбетов атындағы, Алғабас ауылдарының, Майлыкент ауылдық округіне қарасты Т.Рысқұлов ауылының шекараларын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108-бабы 5-тармағына, 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабы 3-тармағына сәйкес және Кемербастау, Майлыкент ауылдық округтері әкімдерінің пікірлерін ескере отырып, Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ, Түлкібас аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Кемербастау ауылдық округіне қарасты Кемербастау ауылындағы Т.Балтабаев көшесінің оң жағында орналасқан 5 га жері Кемербастау ауылының жері ретінде, Алғабас ауылындағы ескі алма бауына іргелес жатқан 6 га жері, ескі сүт-тауарлы ферманың орны 4 га жері Алғабас ауылының жерлері ретінде, Мәнтай Жәрімбетов атындағы ауыл маңындағы 1,98 га ескі қырманның орны Мәнтай Жәрімбетов атындағы ауылының жері ретінде, Майлыкент ауылдық округіне қарасты Т.Рысқұлов ауылының шекарасы жер шаруашылық орналастыру жоспары бойынша (қосымшаға сәйкес) осы ауылдың жері ретінде пайдалану үшін өзгертіліп, шекараларына енгізілсін.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.