Об установлении повышенных, не менее чем на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок гражданским служащим социального обеспечения, образования, культуры, работающим в аульной (сельской) местности Тайыншинского района по сравнению с окладами и ставками гражданских служащих, занимающихся этими видами деятельности в городских условиях Қолданыста
Басқа 0
Қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын азаматтық қызметкерлерінің жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда Тайынша ауданының ауылдық (селолық) жерлерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет азаматтық қызметкерлерінің жиырма бес пайыздан кем емес көтерілген лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкаларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 238 бабының 2 тармағына, «Селолық аумақтар мен агроөнеркәсіптік кешеннің дамуын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабы 4 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағы,15) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2008 жылға арналған аудандық бюджет қаражаты есебінен қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын азаматтық қызметкерлерінің жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда Тайынша ауданының ауылдық (селолық) жерлерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет азаматтық қызметкерлерінің жиырма бес пайыздан кем емес көтерілген лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкалары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.