О мерах по регулированию проведения операций по недропользованию Күшін жойған
Басқа 0
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізуді реттеудегі шаралар туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 19.11.2004 № 50 шешімімен.
"Жер қойнаулары және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар, 1996 жылғы 27 қаңтардағы 2828 Жарлығын және "Қазақстан Республикасында Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізудегі келісім жасаудың тәртібі туралы ережені бекіту жөніндегі" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 27 мамырдағы 484 Қаулысын жүзеге асыру мақсатында ШЕШТIМ:
Тармақ 1
1. Кадрлардың өзгеруіне байланысты жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі облыстық комиссияның жаңа құрамы бекітілсін (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі облыстық комиссия туралы ереже бекітілсін (2 косымша).
Тармақ 3
3. Коммерциялық мақсатта жалпы таралған пайдалы қазбаларды шығаруда келісім жасау және орындау жөніндегі кұзырлы орган Қостанай облысының инфракұрылым және кұрылыс департаменті (В.Ф. Кочин) болып белгіленсін.
Тармақ 4
4. Коммерциялық мақсатта жалпы таралған пайдалы қазбаларды барлау немесе шығаруда лицензиялар дайындау, ресімдеу, тіркеу және олардың шарттарының сақталуына бақылау жасау жөніндегі жұмысшы органы болып жер қойнауын қорғау және пайдаланудағы Қостанай облыстық инспекциясы (В.К. Дейнека) белгіленсін.
Тармақ 5
5. Қостанай облысының инфрақұрылым және кұрылыс департаменті (В.Ф.Кочин) жер қойнауын қорғау және пайдаланудағы Қостанай облыстық инспекциясымен (В.К. Дейнека) бірлесе отырып Қостанай облысының жер койнауын пайдалануының бағдарламасын жасасын.
Тармақ 6
6. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
- "Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жер қойнауын пайдалануды реттеу туралы" Қостанай облысы әкімінің 1995 жылғы 12 каңтардағы 4 қаулысының;
- "Жалпы таралған пайдалы қазбаларды коммерциялық мақсатта шығаруға келісімдер жасау және орындау жөніндегі кұзырлы органды белгілеу туралы" Қостанай облысы әкімінің 1996 жылғы 2 қыркүйектегі 128 шешімінің;
- "Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы туралы" Қостанай облысы әкімінің 1998 жылғы 25 акпандағы 31 шешімінің.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің бірінші орынбасары В.В. Мейстерге жүктелсін.
Басқа 8. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі облыстық комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
1999 жылғы 4 мамырдағы
118 шешіміне 1 қосымша
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі облыстық комиссияның құрамы
Внктор Викторович Мейстер - Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары, төраға
Владимир Федорович Кочин - Қостанай облысының инфрақұрылым және құрылыс департаментінің директоры, төрағаның орынбасары
Наталья Васильевна Смирнова - Қостанай облысының инфрақұрылым және құрылыс департаментінің бас маманы, хатшы
Комиссия мұшелері:
Дулат Телғараұлы Әбенов - Қостайай облысының өнеркәсіп және сауда департаментінің директоры
Мұрат Бақытжанұлы Алтынбаев - Қостанай облысы бойынша салық комитетінің төрағасы (келісім бойынша)
Виктор Кузьмич Дейнека - кер қойнауын қорғау және пайдалану жөніндегі Қостанай облыстық инспекциясының бастығы (келісім бойынша)
Мереке Қасымұлы Дихаев - жер ресурстарын басқару жөніндегі Қостанай облыстық комитетінің төрағасы (келісім бойынша)
Айдарбек Дәукенұлы Кәрімов - қоршаған ортаны қорғаудың Қостанай облыстық басқармасының бастығы (келісім бойынша)
Жеңіс Әйтімұлы Қожмұхаметов - Қостанай облыстық мемлекеттік санитарлық-қадағалау басқармасының бастығы
(келісім бойынша)
Мырзағазы Күзенбайұлы Күржікаев - Қостанай облысының шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі департаментінің
директоры
Виктор Георгиевич Новиков - жер қойнауын қорғау және пайдалану жөніндегі Қостанай облыстық инспекциясының
бас маманы (келісім бойынша)
Басқа 9. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі облыстық комиссия туралы
Е Р Е Ж Е
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
1999 жылғы 4 мамырдағы
118 шешіміне 2 қосымша
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі облыстық комиссия туралы
Е Р Е Ж Е
Тармақ 1
1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі облыстық комиссия (бұдан әрі - комиссия) коммерциялық мақсатта жалпытаралған пайдалы қазбаларды барлауға және шығаруға тапсырыстар мен лицензия шарттарын әзірлеуді карау жөніндегі облыс әкімінің уәкілетті органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметін мынадай бағыттарда жүзеге асырады:
- Қостанай облысы мен Қазақстан Республикасының және оның табиғи ресурстарының мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жер койнауын пайдалану жөнінде операциялар жүрілзуді реттеу;
- Қостанай облысының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының жер қойнауын ұтымды пайдалану және қорғау;
- жер қойнауын пайдаланушылардың мүдделерін қорғау;
- шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын біркелкі дамыту үшін жағдай туғызу;
- жер ресурстарын пайдалану жөнінде операциялар жүргізуге инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдай туғызу.
Тармақ 3
3. Комиссияның мыналарға құқы бар:
- жер қойнауын пайдалану мәселелері жөнінде кез-келген мемлекеттік органның басшыларының баяндамалары мен есептерін өзінің мәжілістерінде тындауына;
- жер қойнауын пайдалану мәселелері жөнінде материалдар дайындауға қатыстыру үшін кез келген жергілікті мемлекеттік органның мамандарын тартуына, сондай-ақ кез-келген жергілікті мемлекеттік органдардан және келісім бойынша басқа да ұйымдардан қажетті консультациялар алуына;
- инвестициялық бағдарламалар конкурсы жеңімпазын анықтау, жер қойнауын пайдалануға қүқық беретін лицензиялар беру жөнінде облыс әкіміне корытынды беруіне;
- келіссөздер негізінде берілетін, жер қойнауын пайдалануға қүқық беретін лицензия алушымен келіссөздер жүргізуіне.
Тармақ 4
4. Комиссия төрағасы жер қойнауын пайдалану жөнінде операциялар жүргізуге келісімге қол қоятын облыс әкімінің уәкілетті тұлғасы болып табылады.
Тармақ 5
5. Комиссия мәжілісі тоқсанына бір рет өткізіледі. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.
Тармақ 6
6. Жер қойнауын пайдалану мәселелеріне басшылық жасайтын облыс әкімінің орынбасары комиссия төрағасы болып табылады.