Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты туралы Қолданыста
Басқа 0
Мемлекеттік қызмет көрсетудің
стандарты туралы
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» N 558 Қаулысы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетудің тізілімін бекіту туралы» N561 Қаулысын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мына мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызмет көрсетудің
стандарттары қоса беріліп отырған қосымшаларға сәйкес бекітілсін:
Тармақша 1
1) «Түпқараған аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің:
«Патронаттық тәрбиелеуге балаларды алуға тілек білдірген отбасылардан өтініштер қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты тиісінше 1 қосымшаға;
«Жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке қою» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты тиісінше 2 қосымшаға;
«Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты тиісінше 3 қосымшаға;
«Кәмелетке толмаған балаларға тиесілі тұрғын үй алаңын ауыстыруға немесе сатуға рұқсат беру үшін нотариалды кеңсеге анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты тиісінше 4 қосымшаға;
«Кәмелетке толмағандарға тиесілі тұрғын үйді банкке несие рәсімдеу үшін кепілге қоюға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты тиісінше 5 қосымшаға;
«Зейнеткерлік қорларға, Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны рәсімдеу үшін анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты тиісінше 6 қосымшаға;
«Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді жасау үшін қорғаншылар мен қамқоршылар кеңесінің шешіміне анықтама беру» мемлкеттік қызмет көрсету стандарты тиісінше 7 қосымшаға;
«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты тиісінше 8 қосымшаға
«Жетімдерді, ата-анасының қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлкеттік қызмет көрсету стандарты тиісінше 9 қосымшаға;
Тармақша 2
2)«Түпқараған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің;
«Жұмыссыз азаматтарды есепке қою және тіркеу» мемлкеттік қызмет көрсету стандарты тиісінше 10 қосымшаға;
«Семей ядролық сынақ полигонында, ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» мемлкеттік қызмет көрсету стандарты тиісінше 11 қосымшаға;
«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін құжаттар рәсімдеу» мемлкеттік қызмет көрсету стандарты тиісінше 12 қосымшаға;
«Мүгедектерді сурдотифлоқұралдармен және міндетті гигиеналық құралдармен қамсыздандыру үшін оларға құжаттар рәсімдеу» мемлкеттік қызмет көрсету стандарты тиісінше 13 қосымшаға;
«18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» мемлкеттік қызмет көрсету стандарты тиісінше 14 қосымшаға;
«Аз қамтылған отбасыларға азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге көрсетілетін тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлкеттік қызмет көрсету стандарты тиісінше 15 қосымшаға;
«Мемлекеттік және мемелекеттік емес медициналық – әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік» мемлкеттік қызмет көрсету стандарты тиісінше 16 қосымшаға;
«Мүгедектер үйінде, оның ішінде бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедек балаларға әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды рәсімдеу» мемлкеттік қызмет көрсету стандарты тиісінше 17 қосымшаға;
«Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу» мемлкеттік қызмет көрсету стандарты тиісінше 18 қосымшаға;
«Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материялдық қамтамасыз ету үшін құжаттар ресімдеу» мемлкеттік қызмет көрсету стандарты тиісінше 19 қосымшаға;
«Отын сатып алу бойынша ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлкеттік қызмет көрсету стандарты тиісінше 20 қосымшаға;
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлкеттік қызмет көрсету стандарты тиісінше 21 қосымшаға;
«Жұмыссыз азаматтар анықтама беру» мемлкеттік қызмет көрсету стандарты тиісінше 22 қосымшаға;
Тармақша 3
3)«Түпқараған аудандық ауылшаруашылығы бөлімі» мемлкеттік мекемесі;
«Қосалқы шаруашылығының бар екендігі туралы анықтама беру» мемлкеттік қызмет көрсету стандарты тиісінше 23 қосымшаға;
«Мал басы туралы мәліметтер беру» мемлкеттік қызмет көрсету стандарты тиісінше 24 қосымшаға;
«Лизингке техниканы сатып алу үшін анықтама беру» мемлкеттік қызмет көрсету стандарты тиісінше 25 қосымшаға;
Тармақша 4
4)«Түпқараған аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлкеттік мекемесі;
«Жер учаскесіне жеке меншік құқығына арналған актілерді рәсімдеу» мемлкеттік қызмет көрсету стандарты тиісінше 26 қосымшаға;
«Жер учаскелері турлы анықтама беру» мемлкеттік қызмет көрсету стандарты тиісінше 27 қосымшаға;
«Жерді тұрақты пайдалану құқығына актілерді ресімдеу» мемлкеттік қызмет көрсету стандарты тиісінше 28 қосымшаға;
«Уақытша жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу » мемлкеттік қызмет көрсету стандарты тиісінше 29 қосымшаға;
«Уақытша өтеусіз (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілерді ресімдеу» мемлкеттік қызмет көрсету стандарты тиісінше 30 қосымшаға;
Тармақша 5
5)Түпқараған аудандық тұрғын үй – клммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомабиль жолдары бөлімі мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік тұрғын үй қорынан үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою мемлекеттік қызмет көрсету стандарты тиісінше 31 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалысын бақылау аталған бөлімдерге жүктеледі.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді»
______Г.Ибраева
Аудандық білім беру бөлімінің жетекшісі
«26».05.2008 жыл.
______Шүкірбаева Д.С.
Аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы
26.05.2008 жыл.
______Д.Шалабаева
Аудандық ауылшаруашылық
бөлімі жетекшісінің м.а.
26.05.2008 жыл.
______Е.Рзаханов
Аудандық жер қатынастары
бөлімі жетекшісі
26.05.2008 жыл.
______Қомытов.М.
Аудандық тұрғын үй коммуналдық
шаруашылық жолаушылар көлігі
автомабиль жолдары бөлімі жетекшісі
26.05.2008 жыл.