Об определении оптимальных сроков начала и завершения посева сельскохозяйственных культур, подлежащих обязательному страхованию в растениеводстве Қолданыста
Басқа 0
Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын ауыл шаруашылығы дақылдарының егісін бастаудың және аяқтаудың тиімді мерзімдерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Заңының 5-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын ауыл шаруашылығы дақылдарының егісін бастаудың және аяқтаудың тиімді мерзімдері белгіленсін:
бидайдың, бұршақтың егісі 15 мамырдан 31 мамырға дейін;
арпаның, сұлының, тарының, қарамықтың егісі 20 мамырдан 5 маусымға дейін;
майлы дақылдардың егісі 20 мамырдан 31 мамырға дейін.
Тармақ 2
2. Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 127 «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын ауыл шаруашылығы дақылдарының егісін бастаудың және аяқтаудын тиімді мерзімдерін белгілеу туралы» қаулысы жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. А. Соқытбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолдынысқа енгізіледі.