Ауданда далалық өрттерді сөндіруді ұйымдастыру туралы
ҚАЗАуданда далалық өрттерді сөндіруді ұйымдастыру туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Ауданда далалық өрттерді сөндіруді ұйымдастыру туралы
- Атауы (қаз.)
- Ауданда далалық өрттерді сөндіруді ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 144
- Қабылданған күні
- 30.04.2008
- Көрсетілген редакция
- 30.04.2008 · қолданыстағы 40039_322938.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 30.04.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08ZJ000048
- ЭКБ идентификаторы
- 40039
- Редакция идентификаторы
- 40039_322938
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:31
0 Ауданда далалық өрттерді сөндіруді ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 1997 жылғы 7 мамырдағы № 100-1 «Азаматтық қорғаныс туралы», 1996 жылғы 22 қарашадағы № 48 «Өрт қауіпсіздігі туралы» және 1996 жылғы 5 шілдедегі № 19 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы Заңдарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 шілдедегі «Өрт сөндіру жөніндегі жауынгерлік іс-қимылдарды орындауға қатысатын өртке қарсы қызмет бөлімшелері мен өрт сөндіруге тартылған күштер үшін ұйымдардың аумақтарында өрт сөндіру кезінде қажетті күштер мен құралдарды, жанар-жағар май материалдарын, сондай-ақ тамақ өнімдерін және демалыс орындарын ұсыну ережесін бекіту туралы» № 801 қаулысын басшылыққа ала отырып, ауданда өрт қауіпсіздігін сақтау, өрттен шығын келтірмеу мақсатында аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ауданда өртті сөндіруге іс-шаралар жоспары №1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. Ауданда үлкен дала және орман өрттерін сөндіру жөнінде жоспары №2 қосымшаға сәйкес жасалсын.
3
3. Қаржы бөлімі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға, тағы да басқа көзделмеген шығындарға, далалық өрттерден халықты және аумақты қорғау жөніндегі шараларды іске асыруға байланысты шығындарды қаржыландыруға жергілікті атқарушы органдар резервінен 1000000 (бір миллион) теңге қаржы № 3 қосымшаға сәйкес бөлсін.
4 4. Ауылдық округ әкімдеріне және тиісті мекеме басшыларына:
1
1) Ауылдық округ аумағында орналасқан жауапкершілігі, шектеулі серіктестіктер және шаруа қожалықтарының жетекшілеріне өрт сөндіретін машиналар мен осы мақсатқа жарақтандырылатын техникаларды жұмысқа дайындап қоюға, өрт сөндіретін машина немесе осы мақсатқа жарақтандырылатын техника күштері жетпеген жағдайда арнайы машиналар басқада техникаларды жұмылдыру өртке қарсы қызметінің бөлім бастығы Т.Жакуповқа жүктелсін;
2
2) Ауылдық округ аумағында орналасқан жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен шаруа қожалығының жетекшілеріне елді-мекендерде және объектілерде өрт сөндіруге арналған су қорымен қамтамасыз ету мақсатында талаптарға сай кезекшілік техникалардың ұйымдастырылуын бақылау ауылдық округінің әкіміне тапсырылсын;
3 3) Баспасөз беттерінде далалық өрттер туралы, өрт қауіпсіздігін ұйымдастыру туралы мақалалар орналастыруын бақылау «Қайнар» газетінің редакторы Т.Даргожиевке міндеттелсін;
5 5. Өрт немесе төтенше жағдайлар жөніндегі хабар алу үшін барлық елді-мекендермен тұрақты байланыс орнату, төтенше хабар келген кезде тәулік бойы кезекшілік қойып (Н.Аманбаев), аудандық өрт бөлімінің бір қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету аудандық телекоммуникация торабына (С.Тажмұхан) ұсынылсын.
6 6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енсін.
7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Төреғалиевке жүктелсін.
11 2008 жылдың далалық өрт кезенінде Сырым ауданның тұрғындары мен аумақтарын қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары
№1 қосымша
Сырым ауданы әкімиятының
2008 жылғы 30 сәуірдегі № 144
қаулысымен бекітіліген
2008 жылдың далалық өрт кезенінде Сырым ауданның тұрғындары мен аумақтарын қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары
№
Шаралар
Жауапты орындаушылар
Орындалу мерзімі
1
2
3
4
1.
Елді-мекендерде және объектілерде өрт сөндіруге арналған су қорымен қамтамасыз ету
Ауылдық округінің әкімдері
Мамыр-Қазан
2
Далалық өртті сөндіруге бөлінген ранецтарды дұрыс жағдайда ұстау (жөндеу, тазарту, бөлшектерін ауыстыру, сақтау)
Ауылдық округінің әкімдері
Мамыр-Қазан
3
Шаруа қожалықтарының орман алқаптарында, шабындықтарда, сабандарды, егін қалдықтарын, шөпті өртеуді және далалықтарда отты жағуды (соның ішінде ауыл шаруашылық палдарды өткізу) бақылаусыз жүргізуді болдырмау
Ауылдық округінің әкімдері Өртке қарсы қызметі (Т.Жакупов)
Мамыр-Қазан
4
Ауыл шаруашылығы пайдаланымындағы жерлерінде орналасқан екпе ағаштар бойына өртке қарсы 3 метрлік минералдандырылған жолақтар жасау және өрт қауіпі бар кезінде оларды 2-3 қайтара күту;
Ауылдық округінің әкімдері Өртке қарсы қызметі (Т.Жакупов)
Мамыр-Қазан
5
Автокөлік жолдары бойында, орман алқаптары, орман дақылдары төңірегінде өртке қарсы бағытталған 4 метрлік минералданған жолақтар жасау және оған өрт қауіпі бар кезінде 3 есе күтім беру (тез түтанатын материалдан тазарту, жол бойларындағы шөптерді шабу, алқаптарды жырту)
Ауылдық округінің әкімдері
«Тагра»ЖШС
(Ә.Табышев)
ЖЖУ-39
(Ә.Ақдаулетов)
Мамыр-Қазан
6
Ауылдық округтерде ерікті өрт сөндірушілердің топтарын ұйымдастыру
Ауылдық округінің әкімдері
Мамыр-Қазан
7
«Батыс Қаз ОТД» және «Батыс Қазақстан ТЭК» қарасты телекоммуникация және электр тіреулері бойымен 4 метрден кем емес жолақпен жер жырту керек
С.Тәжібаев
С.Тажмұқан
Мамыр-Қазан
12 Сырым ауданында үлкен дала және орман өрттерін сөндіру жөнінде ЖОСПАР
№2 қосымша
Сырым ауданы әкімиятының
2008 жылғы 30 сәуірдегі № 144
қаулысымен бекітіліген
Сырым ауданында үлкен дала және орман өрттерін сөндіру жөнінде ЖОСПАР
1 1. Үлкен өртті сөндіруге күшпен құрал-жабдықтарды жұмылдыру үшін жедел топ құрылсын:
Төреғалиев Төлеген Серікқалиұлы - аудан әкімінің орынбасары, топ жетекшісі
Алдабергенов Абай Қапанұлы - аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, топ мүшесі (келісім бойынша)
Рыскалиев Сырым Каманұлы - аудандық № 12 өрт сөндіру бөлімінің бастығы, топ мүшесі (келісім бойынша)
Жакиев Қанат Қуандықұлы - «Сырым» мемлекеттік комуналдық кәсіпорнының бастығы, топ мүшесі (келісім бойынша)
Табышев Әбикеш Мәүлекешұлы - «Тагра» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төрағасы (келісім бойынша)
Жакупов Талғат Саменұлы - «Өртке қарсы қызметі» бөлімінің бастығы (келісім бойынша)
Құспанов Көбжан Кеңесұлы - Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің меңгерушісі
Ақдаулетов Әділбек Кадырбекұлы - аудандық жол пайдалану №39 учаскесінің бастығы (келісім бойынша)
2 2. Өртпен апатты уақытында жою үшін жедел топ өрт сөндіру жетекшісінің нұсқауымен ауданда бар күшпен құрал-жабдықтарды жұмылдырылуы қарастырылсын.
3 3. Үлкен өртті сөндіру жұмыстарын басқару № 12 өрт сөндіру бөлімінің бастығы С.Рыскалиевке жүктелсін.
4 4. Өрт сөндіруге жұмылдыратын күшпен құрал-жабдықтардың тізімін шаруашылықтармен мекемелерге бекітілсін.
5 5. Үлкен өрт болған кезде елді мекендерде тізімде көрсетілген күшпен кұрал-жабдықтар өртті сөндіруге жедел топтың нұсқауымен қосылады.
18 2008 жылдың далалық өртке қарсы шараларды қамтамасыз етуге қаржы бөлу есебі
№3 қосымша
Сырым ауданы әкімиятының
2008 жылғы 30 сәуірдегі № 144
қаулысымен бекітіліген
2008 жылдың далалық өртке қарсы шараларды қамтамасыз етуге қаржы бөлу есебі
Далалық өрттерді сөндіру үшін жанар-жағармай және тағыда басқа құралдар сатып алуға 1 000 000 теңге
1 1. Далалық өрт кезінде жұмысқа тартылған автокөліктермен және техникаларды тиісті жанар-жағар маймен қамту:
№
Атауы
Баға (тенге)
Саны (литр)
сомасы
1
Дизелдік отын
65
3000
195 000
2
Бензин Аи-80
67
4000
268 000
3
Барлығы
463 000
Барлығы: 463 000 (төрт жүз алпыс үш мың) теңге
2 2. Далалық өртке қарсы қолдануға қажетті жабдықтар:
Өрт сөндіруге пластмасс ыдыс, мүмкүндік болса 200 литрлік 30 дана * 15 000 тенге = 450 000 теңге
Барлығы: 450 000 (төрт жүз елу мың) тенге
3 3. Далалық өрт кезінде түрлі жұмыстарға жұмылдырған өрт сөндіру командасы және ерікті адамдарды тамақтандыру:
174 адам * 500 теңге = 87 000 тенге
Барлығы: 87 000 (сексен жеті мың) тенге
БАРЛЫҒЫ: 1 000 000 (бір миллион) тенге.