О закреплении и комплексном использовании рыбохозяйственных водоемов Костанайской области Күшін жойған
Басқа 0
Қостанай облысының балықшаруашылық
су айдындарын бекіту және кешенді пайдалану туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 26.02.2005 № 13 шешімімен.
Қостанай облысының су айдындарын тиімді пайдалану мақсатында «Жануарлар әлемін қорғау, көбейту және пайдалану туралы" 1993 жылғы 21 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14 бабына сәйкес және тендерлік комиссияның 1999 жылғы 24 маусымдағы 9 шешімінің негізінде ШЕШТIМ:
Тармақ 1
1. Кешенді балықшаруашылығына пайдалану үшін мынадай бекітулер жүргізілсін:
- Алтынсарин ауданының көлемі 181 га Теңіз көлі "Импол" ЖШС;
- Алтынсарин ауданының көлемі 169 га Ақсор көлі "Кирпичник" ЖШС;
- Қарабалық ауданының көлемі 507 га Сырдақ, көлемі 463 га Жалтыр-Қарабас көлдері "Сельхозэнерго" ЖШС;
- Мендіқара ауданының көлемі 10 га Ақсуат көлі (ескі арнасы) "Қарқын" ЖШС;
- Меңдіқара ауданының көлемі 34 га Степанов тоғаны, көлемі 28 га Михайлов тоғаны Михайлов селолық округіне;
- Таран ауданының көлемі 90 га Қожай көлі, көлемі 30 га "Валериан сайы" тоғаны, колемі 0,5 га "Қысқы" карьері "Темір" ЖШС;
- Федоров ауданының көлемі 91,5 га Үлкен Қарақопа көлі,"Тоқтас" шаруалық балық шаруашылығына;
- Федоров ауданының көлемі 111 га Жәңгіркөл көлі жеке кәсіпкер Г.Г. Удиловке.
Тармақ 2
2. Облыстық орман, балық және аң шаруашылығы басқармасы (В.И. Поддубный) осы шешімнің орындалуына бақылау орнатсын.