Об укреплении самостоятельности органов управления сельских округов, сел, поселков в решении задач социально-экономического развития соответствующей территории Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тиісті аумақтардағы әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерін шешудегі селолық округ, село, поселкелердің басқару органдарының дербестігін нығайту жайында 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 14.12.2004 № 139 шешімімен. Облыс әкімінің міндетін атқарушы В.В.Мейстердің баяндамасын тындағаннан және талқылағаннан кейін Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТI:
Тармақ 1
1. Облыс әкімінің селолық округтерде мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарды (МКК) құру, жергілікті басқару органдарының селоның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы дербестігі мен жауапкершілігін нығайтудағы қызметін қолдау.
Тармақ 2
2. Барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарына мыналар ұсынылсын: - жергілікті өзін-өзі басқаруды орнықтыруға ықпал ету; - МКК қызметіне жан-жақты көмек корсету.
Тармақ 3
3. Ауыл шаруашылығы департаментіне, аудан әкімдеріне село тұрғындарын ақпараттық жағынан қамтамасыз етуді ұсыну: - өндіріс пен қызмет көрсетулердің ең кірісті түрлері, тиісті аумақтардың табиғи, энергетикалық, коммуникациялық, еңбек ресурстарынан туындайтын шаруашылықтардың тиімді және оңтайлы төлемдері бойынша нақтылы ұсыныстармен; - облыстың, республиканың және шет елдердің тұтыну нарығындағы ауылшаруашылық өнімдерінің бағасы және оларға сұраным туралы ағымдағы мәліметтер және болжамдармен.
Тармақ 4
4. Шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі департаментке әрбір селолық округте онім өндіру және тұрғындарға қызмет көрсету жөнінен ең шынайы бизнес-жоспарларды жасау мәселесін әзірлеу ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Тұрғындардың жиындарында селолық округ, село, поселкелердің әлеуметгік-экономикалық дамуының және ұзағырақ болашаққа арналған жоспарларын әзірлеу мен қабылдау дұрыс деп саналсын.
Тармақ 6
6. Облыстық мемлекеттік қызмет басқармасына тұрақты қызмет істеу негізінде селолық округ әкімдерінің, жергілікті озін-өзі басқару органдары басшыларының экономикалық, құқықтық оқуларын ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарды қарау және енгізу ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Облыстық мәслихаттың хатшысы және облыс әкімі аппаратының басшысы барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының және облыс, аудандар мен қалалар әкімдері аппараттары бөлімдерінің селолық округтердегі іс жағдайын, жергілікті басқару органдарының жұмыс тәжірибесін көрсететін ақпараттық бюллетендер шығару жөнінен бірлесе жұмыс істеуін ұйымдастырсын.
Тармақ 8
8. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыстық мәслихаттың хатшысы В.Г. Семеноваға, облыс әкімі аппаратының басшысы Б.Б. Баймағамбетоваға және облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.