О переименовании улиц сел Байтуган и Жана курлус Қолданыста
Басқа 0
Байтуған және Жаңа құрылыс ауылдары көшелерінің атауларын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң Тәртiбiн бекiту туралы" N 281 қаулысын басшылыққа ала отырып, Байтуған ауылының Молодежная, Комсомольская, Ленина, Советская, 60 лет Октября көшелерінің және Жаңа құрылыс ауылының Озерная көшесінің тұрғындарының өтініштерін қарап:
Тармақ 1
1. Байтуған ауылының келесі көшелерінің атаулары өзгертілсін:
Тармақша 1
1) Молодежная көшесі Бейбітшілік көшесіне;
Тармақша 2
2) Комсомольская көшесі Достық көшесіне;
Тармақша 3
3) Ленин көшесі Тәуелсіздік көшесіне;
Тармақша 4
4) Советская көшесі Абай көшесіне;
Тармақша 5
5) 60 лет Октября көшесі Жеңістің 60 жылдық көшесіне.
Тармақ 2
2. Жаңа құрылыс аулының Озерная көшесінің атауы Ынтымақ көшесіне өзгертілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.