О государственном коммунальном предприятии «Павлодартелерадио» Күшін жойған
Басқа 0
«Павлодартелерадио» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық Әділет басқармасы нормативті құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің күшін жою туралы 2001 жылғы 30 қарашадағы қорытынды.
"Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдары туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 10 желтоқсандағы № 2578-XII Заңының негiзiнде, "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 Жарлығына сәйкес, облыстық теле және радио хабарларын таратудың құрылымы мен қызметiн жетiлдiру, облыстық мемлекеттiк электронды бұқаралық ақпарат құралдарының материалдық - техникалық базасын нығайту, олардың шығармашылық және техникалық әлеуетiн көтеру мақсатында, сондай-ақ облыстағы мемлекеттiк ақпараттық саясатты нысаналықпен жүзеге асыру қажеттiлiгiне орай ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Шаруашылық бағытта жүргiзу құқығында "Павлодартелерадио" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорны құрылсын.
Тармақ 2
2. Федор Васильевич Врагов "Павлодартелерадио" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорны директорының мiндетiн уақытша атқарушы болып тағайындалсын және оған құрылтайшылық құжаттарға қол қою құқығы берiлсiн.
Тармақ 3
3. "Павлодартелерадио" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнының Жарғысы бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
Тармақ 4
4. "Павлодартелерадио" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорны директорының мiндетiн уақытша атқарушы белгiленген тәртiпте кәсiпорынды заңды тұлға ретiнде тiркеуден өткiзсiн.
Тармақ 5
5. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс бойынша ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасының бастығы Г.Ә.Науразбаеваға жүктелсiн.
Басқа 6. "Павлодартелерадио" мемлекеттiк
коммуналдық кәсiпорнының Жарғысы
Павлодар облысы әкiмiнiң
5 маусым № 132
шешiмiмен бекiтiлдi
"Павлодартелерадио" мемлекеттiк
коммуналдық кәсiпорнының Жарғысы
Тарау 1. 1. Жалпы Ережелер
1. Жалпы Ережелер
Тармақ 1.1
1.1. Мемлекеттiк кәсiпорынның атауы:
"Павлодартелерадио" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорны.
Қысқаша атауы "Павлодартелерадио" МКК-ы (бұдан әрi - кәсiпорын) Павлодар облысы әкiмiнiң шешiмiмен құрылған және облыс әкiмiне тiкелей бағынышты мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорын болып табылады.
Тармақ 1.2
1.2. Кәсiпорын шаруашылық басқаруға құқылы мемлекеттiк кәсiпорын түрiнде құрылған заңды тұлға болып табылады.
Тармақ 1.3
1.3. Кәсiпорынның дербес балансы, банкiде есеп шоты, оның iшiнде валюталық шоты, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы бейнелеген қазақ, орыс тiлдерiнде атауы жазылған бланкiлерi мен мөрi, мөртабандары бар.
Тармақ 1.4
1.4. Кәсiпорын өз атынан мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқық алуға, мiндеттердi атқаруға, соттан талап етуге және жауап беруге құқылы.
Тармақ 1.5
1.5. Облыс әкiмi атынан Павлодар облысының жергiлiктi атқарушы органы кәсiпорынның Құрылтайшысы болып (мемлекеттiк меншiктiѕ құқығын орындайтын уәкiлеттi орган) табылады.
Тармақ 1.6
1.6. Кәсiпорын өз қызметiнде Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерi мен Заңдарын, облыс әкiмiнiң шешiмдерi мен өкiмдерiн және осы Ереженi басшылыққа алады.
Тармақ 1.7
1.7. Кәсiпорын шетелдiк жеке және заңды тұлғалар да қатысатын шаруашылық қоғамдар мен серiктестiктерге, қауымдастықтар мен басқа да бiрлестiктерге қатыса алады.
Тармақ 1.8
1.8. Кәсiпорын жасасылған келiсiм шарттар негiзiнде белгiленген бағалар мен тарифтер бойынша, ал заңда қарастырылған жағдайда - мемлекеттiк бағалар бойынша өз өнiмдерiн сатады жұмыстар атқарады және қызметтер көрсетедi.
Тармақ 1.9
1.9. "Павлодар телерадио" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнының орналасқан мекен-жайы : 637026, Павлодар қаласы, Дерибас көшесi, 21 үй.
Тарау 2. 2. Кәсiпорынның негiзгi мiндеттерi мен қызметiнiң мәнi
2. Кәсiпорынның негiзгi мiндеттерi мен қызметiнiң мәнi
Тармақ 2.1
2.1. Мына төмендегi қызмет түрлерiн жүзеге асыру арқылы кiрiс табу кәсiпорынның негiзгi мiндетi болып табылады:
жергiлiктi, аймақтық деңгейде мемлекеттiк ақпарат саясатын жүргiзу;
теледидар мен радиохабар жүйесiн басқаруды жетiлдiру;
Павлодар облысы мемлекеттiк электронды бұқаралық ақпарат құралдарын материалдыұ-техникалыұ базасын нығайту, олардың шығармашылық және техникалық деңгейiн көтеру;
қоғамның барлық топтарының объективтiк ақпаратқа деген сұраныстарын қанағаттандыру;
облыстық радио мен теледидарды одан әрi дамыту мақсатында әр түрлi қаржы көздерiн тарту.
Тармақ 2.2
2.2. Телевизиялық және радиотарату жүйесiндегi шаруашылық қызметтi жүзеге асырудың мәнi болып табылады;
заңға қайшы келмейтiн басқа да қызмет түрлерiн орындау.
Тарау 3. 3. Кәсiпорынның мүлкi мен қаржысы
3. Кәсiпорынның мүлкi мен қаржысы
Тармақ 3.1
3.1. Кәсiпорынның мүлкiн негiзгi мемлекеттiк қорлар мен айналымдағы қаржылар, сондай құны дербес баланста көрсетiлген бағалы заттар құрайды. Мүлiктер кәсiпорынға шаруашылық иелiк ету құұығында бекiтiледi.
Тармақ 3.2
3.2. Кәсiпорынның меншiк иесiнiң келiсiмiсiз мынадай кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға құқығы жоқ:
кәсiпорынның меншiгiндегi ғимараттарды, құрал-жабдықтарды және басқа негiзгi қорларды сатуға және өзге тұлғаға беруге, алмастыруға, ұзақ мерзiмге жалға беруге (үш жылдан аса) уақытша пайдалануға беруге;
филиалдар мен еншiлес кәсiпорындар құруға, жеке кәсiпкермен бiрдескен кәсiпорындар құруға, оған өзiнiң ақшалай және өндiрiстiк капиталын салуға;
жеке кәсiпкерлерге Қазақстан Республикасы ұлттық банкiсiмен бекiтiлген ресми ставкадан төмен сыйақы (мүдде) төлейтiн несие беруге;
үшiншi жақтың мiндетi бойынша кепiлдiк беруге.
Тармақ 3.3
3.3. Мыналар кәсiпорын мүлкiн құру көздерi болып табылады:
оған құрылтайшы берген мүлiк пен қаражат;
өндiрiс-шаруашылық қызметтен түскен кiрiс;
ұзақ және қысқы мерзiмдi несие;
басқадай түсiмдер.
Тармақ 3.4
3.4. Құрылтайшы кәсiпорынның қызметiн қамтамасыз ету үшiн тiркеу кезiнде толығымен жиналған, 7150000 (жетi миллион бiр жүз елу мың) теңге сомасында жарғылық капиталды құрайды.
Тармақ 3.5
3.5. Кәсiпорынның қызметiнен алынған таза кiрiс "Мемлекеттiк кәсiпорындар туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 шiлдедегi № 2335 Жарлығынығ 27-бабымен айқындалғандай құрылтайшы мен кәсiпорынға бөлiнедi. Құрылтайшыға аударылуға жататын таза кiрiстiң үлесi облыс өкiмiнiң жыл сайынғы бюджетке бөлу нормасында белгiленгендей бекiтiледi.
Тармақ 3.6
3.6. Кәсiпорын жарғымен бекiтiлген мөлшердегi резервтiк қорды толықтыру үшiн таза пайданың 5 процентiн аудара отырып, жарғы капиталының 10 процентi мөлшерiнде резервтiк қор құрайды. Резерв қорынық қаржысы тек қана бюджет алдындағы мiндеттi орындау және шығынды толтыру үшiн пайдаланылады.
Тармақ 3.7
3.7. Кәсiпорын өз мiндеттемесi бойынша өзiне тиiстi барлық мүлiкке жауап бередi, кәсiпорын меншiк мiндеттемесi бойынша оның мүлiгiне жауапты құрылтайшы кәсiпорынның мiндеттемесi бойынша жауапты емес.
Тармақ 3.8
3.8. Егер заңды тұлға құрылтайшының iс-әрекетiнен банкроттыққа ұшыраған болса, ол кәсiпорынның мiндеттемесi бойынша соңғынығ қаржысы жетпегендiгiнен талабын қанағаттандыру үшiн жауап бередi.
Тармақ 3.9
3.9. Кәсiпорын өз қызметiнен түскен кiріс арқылы жұмыс атқарады. Мемлекеттiк кәсiпорынға заңдарда қарастырылған тәртiпте қаржы бөлiнедi.