Об утверждении Правил о порядке назначения и выплаты пособия семьям, воспитывающим и обучающим на дому детей-инвалидов в городе Аксу Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақсу қаласында мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын отбасыларына жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасыньщ 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11-бабы 2-тармағы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 8-бабына сәйкес, мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын отбасыларына көмек көрсету мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ақсу қаласында мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын отбасыларына жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібі туралы нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қала әкімдігінің осы қаулысы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Қала әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасарлары Б.Ш. Ағжановқа және С.О. Есенғүловаға жүктелсін.
Басқа 4. Мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын отбасыларына жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібі туралы нұсқаулық
Ақсу қаласы әкімдігінің 2008 жылғы "28" Ақсу қаласында мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын отбасыларына жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібі туралы нүсқаулықты бекіту туралы № 329/2 қаулысымен бекітілді Мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын отбасыларына жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібі туралы нұсқаулық
Тармақ 1
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер Мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын отбасыларына жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібі туралы осы нүсқаулық Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңдары негізінде әзірленген. 1. Мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын отбасыларына жәрдемақы (бүдан әрі-Жәрдемақы) тағайындау мен төлеу олар 18 жасқа толғанға дейін жүргізіледі. 2. Жәрдемақы жәрдемақының басқа түрлерін алуына байланыссыз тағайындалады және төленеді. 3. Жәрдемақы тағайындау туралы өтініш жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің комиссиясымен (бүдан әрі-Комиссия) оның түскен күнінен бастап 10 күн ішінде қаралады.
Тармақ 4
4. Жәрдемақы тағайындау туралы өтініш барлық ұсынған құжаттармен, сондай-ақ Комиссияның Жәрдемақы тағайындау туралы шешімімен алушының жеке ісінде сақталады.
Тармақ 5
5. Жәрдемақы тағайындаудан бас тартылған жағдайда, Комиссия өтініш берушіні бас тартылған себебін көрсетіп жазбаша түрде хабардар етеді.
Тармақ 6
6. Өтініш беруші қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысының мерзімі үзартылғаны және мүгедек баланың түратын жерінің өзгергені туралы жүмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін хабардар етуге міндетті.
Тармақ 7
7. Жәрдемақы төлемі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Жәрдемақы төлеу жөнінде дау туған жағдайда, сұрақтар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте шешіледі.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
2. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
Тармақ 9
9. Жәрдемақы ата-анасының біреуі немесе оны ауыстыратын адамның өтініші бойынша тағайындалады. 10. Жәрдемақы туылған, асырап алынған, сонымен қатар қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алынған мүгедек балаларға тағайындалады. 11. Жәрдемақы тағайындау туралы өтініш ата-анасының біреуімен немесе оны ауыстыратын адаммен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне беріледі. 12. Жәрдемақы қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес берген мерзімге, мүгедек баланы үйде оқыту (тәрбиелеу) қажеті туған уақыттан бастап тағайындалады. 13. Жәрдемақыны тағайындауға және төлеуге тоқсан сайын азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесін тапсыру міндетті түрде жүзеге асырылады. 14. Жәрдемақыны тағайындау үшін мынадай құжаттар ұсыну қажет:
Тармақша 1
1) онда есепшоты мен банктің атауы немесе "Қазпошта" акционерлік қоғамындағы есепшоты көрсетілген ата-анасының бірінін, немесе оның орнындағы адамның өтініші;
Тармақша 2
2) салық тіркеушінің тіркеу нөмірі көшірмесі;
Тармақша 3
3) қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысы;
Тармақша 4
4) дәрігерлік-кеңес комиссиясының (ДКК) хаттамасынай үзіндінің көшірмесі;
Тармақша 5
5) медициналық-әлеуметтік сараптама анықтамасының көшірмесі;
Тармақша 6
6) отбасы құрамын растайтын құжат (жыл сайын);
Тармақша 7
7) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 8
8) өтініш берушінің жеке басын растайтын құжат;
Тармақша 9
9) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі. Жәрдемақы тағайындау туралы қамқоршының (қорғаншының) өтінішіне қамқоршының (қорғаншының) куәлігі немесе қамқоршылық және қорғаншылық органның қамқоршылық (қорғаншылық) тағайындалғаны туралы шешімнің көшірмесі қоса тапсырылады. 15. Жәрдемақыны тағайындауға қажетті құжаттарды салыстыру үшін түп нұсқасы және көшірмесі беріледі, содан соң түпнүсқалйр өтініш білдірушіге қайтарылады. 16. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жәрдемақыны тағайындау бойынша мамандары құжаттардың қөшірмесін растайды, қоса берілген құжаттармен өтінішті журналға тіркейді және өтініш білдірушіге қабылданған туралы белгісімен өтініштің кесілгең талонын береді.
Тармақ 17
17. Жәрдемақы бірінші рет тағайындалғанда, Жәрдемақы қорытындының алуға өтініш білдірген айдан бастап, қорытындының мерзімі біткенге дейін төленеді, өтініш білдірген ай деп мүгедек баланы үйде тәрбиелеу және окыту қажеті туғанын анықтаған қорытындыны қосып өтініш білдірген ай саналады.
Тармақ 18
18. Жәрдемақы көмекке қүқық туындаганнан кейін, Жәрдемақы тағайындауга өтініш білдірген айдан бастап тағайындалады. 19. Өзгерістер болған жағдайда, әлеуметтік көмекті алу қүқығы келесі тоқсанда қайта қаралады.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік көмекті төлеу
3. Әлеуметтік көмекті төлеу 20. Материалдық көмекті қаржыландыру көзі үйде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге арналған қаражат болып табылады. 21. Жәрдемақыны төлеу жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен қалалық бюджет қаражаты есебінен, өтініш білдірушінің өтініші негізінде, тоқсан сайын есеп беруден кейінгі айдың 1 күніне алғанда, тиісті қаржы жылына Қазақстан Республикасының "Республикалық бюджет туралы" Заңымен бекітілген 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді.
Тармақ 22
22. Тағайындалған сомаларды алушыларды жеке есепшотына аудару қаржының түсуіне қарай жүргізіледі. 23. Әлеуметтік көмекті есептеу өткен тоқсанға жүргізіледі. 24. Алушылар біле тұра қате мәліметті беру салдарынан артық төленген сомалар алушыдан Қазақстан Республикасының Заңнамасымен белгіленген тәртіпте қайтарып алынады.
Басқа 27. ӨТІНІШ
Ақсу қаласы әкімдігінің 2008 жылғы "28" сәуір № 32-3/1 Қаулысымен бекітілген Мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын отбасыларына жәрдемақы тағайындау жәнё төлеу тәртібі туралы нүсқаулыққа қосымша Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығына _______________________________ (тегі, аты, әкесінің аты) _______________________________ ________________________________ ________________________________ (елді мекен, аудан, көшесі, үйдің және пәтердің №, телефоны) мекен-жайы___________________________ бойынша тұратын_________________________ ________________________________ (өтініш берушінің тегі,аты,әкесінің аты) жеке куәлігінің №________________________ берілген күні__________________________ берілді________________________ СТН__________________________ жұмысының түрі__________________________ ӨТІНІШ ________________________________________________________________ (өтініш берушінің тегі,аты,әкесінің аты) үйде тәрбиелеп және оқытқан үшін мүгедек балаға жәрдемақы тағайындап және төлем жасауыңызды сұраймын. Менің отбасымның қүрамында адам. Өтінішке белгіленген үлгідегі қүжаттар тіркелді Өзгерістер болған жағдайда олар туралы 15 күн ішінде хабарлауға міндеттенемін. Өтірік ақпарат және дүрыс емес (түзетілген) қүжаттар берген үшін жауапты болатындығым туралы ескертілдім. "______" ________________200___жыл ____________________________________(өтініш берушінің қолы) "___"____________________200___жыл ________________________________________(құжат-ды қабылдағанның тегі,аты,әкесінің аты) ____________________________________________________________Отбасының тіркеу нөмірі __________________________________________________________________Кесу сызығы Өзгерістер болған жағдайда олар туралы 15 күн ішінде хабарлауға міндеттенемін. Өтірік ақпарат және дүрыс емес (түзетілген) құжаттар берген үшін жауапты болатындығым туралы ескертілдім. Азаматтан (азаматшадан) _________________________________________________________қосымша берілген құжаттармен саны_________ отбасының тіркеу нөмірімен_____________ өтініш қабылданды. Қабылданды "_____ " _________________200___ жыл Құжаттарды қабылдағанның тегі, аты,әкесінің аты_____________________________________ ___________________________________________________________________________________ лауазымы_______________________________________________ қолы____________________________________________________ _________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________