О присвоении наименования "Жигер көшесі" новой улице в районе "Северо-Восток" Қолданыста
Басқа 0
"Северо-Восток" ауданындағы жаңа көшеге "Жигер көшесі" атауын тағайындау туралы
Батыс Қазақстан әділет Департаментінің 2008 жылғы 6 наурыздағы № 4-1323 Заңды бұзушылықты жою туралы ұсынысын қарап және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6, 7, 31 баптарын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13 бабын, Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 38 бабын басшылыққа алып, Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ және Орал қалалық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Северо-Восток" ауданындағы жаңа көшеге "Жигер көшесі" атауы тағайындалсын.
Тармақ 2
2. Орал қалалық мәслихатының 2007 жылғы 13 маусымдағы № 46-22 және Орал қалалық әкімдігінің 2007 жылғы 31 мамырдағы № 1186 бірлескен шешімі мен қаулысы жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім мен қаулы оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2007 жылғы 13 маусымнан бастап туындаған қатынастарға таратылады.