О присвоении наименований новым улицам в микрорайоне "Байтерек" Қолданыста
Басқа 0
"Бәйтерек" шағынауданындағы жаңа көшелерге атаулар тағайындау туралы
Батыс Қазақстан әділет Департаментінің 2008 жылғы 6 наурыздағы № 4-1323 Заңды бұзушылықты жою туралы ұсынысын қарап және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6, 7, 31 баптарын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13 бабын, Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 38 бабын басшылыққа алып, Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ және Орал қалалық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Бәйтерек" шағынауданындағы жаңа көшелерге атаулар қосымшаға сәйкес тағайындалсын.
Тармақ 2
2. Орал қалалық мәслихатының 2007 жылғы 13 маусымдағы № 46-21 және Орал қалалық әкімдігінің 2007 жылғы 31 мамырдағы № 1187 бірлескен шешімі мен қаулысы жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім мен қаулы оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2007 жылғы 13 маусымнан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Басқа 4
Орал қалалық мәслихатының
2008 жылғы 27 мамырдағы № 8-6
және Орал қалалық әкімдігінің
2008 жылғы 24 сәуірдегі № 1044
"Бәйтерек" шағынауданындағы жаңа
көшелерге атаулар тағайындау туралы"
бірлескен шешімі мен қаулысына
қосымша
Жаңа көшелер (қоса берілген сұлбаға сәйкес):
Тармақша 1
1) "Нұр көшесі";
Тармақша 2
2) "Қайнар көшесі";
Тармақша 3
3) "Таңшолпан көшесі";
Тармақша 4
4) "Арай көшесі";
Тармақша 5
5) "Береке көшесі";
Тармақша 6
6) "Сымбат көшесі";
Тармақша 7
7) "Бастау көшесі";
Тармақша 8
8) "Үркер көшесі".