О присвоении наименований новым улицам в микрорайонах "Кең дала" и "Көктем" Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.05.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Кең дала" және "Көктем" шағынаудандарындағы жаңа көшелерге атаулар тағайындау туралы Батыс Қазақстан әділет Департаментінің 2008 жылғы 6 наурыздағы № 4-1323 Заңды бұзушылықты жою туралы ұсынысын қарап және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6, 7, 31 бабтарын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13 бабын, Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 38 бабын басшылыққа алып, Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ және Орал қалалық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Кең дала" және "Көктем" шағынаудандарындағы жаңа көшелерге атаулар қосымшаға сәйкес тағайындалсын.
Тармақ 2
2. Орал қалалық мәслихатының 2007 жылғы 13 маусымдағы № 46-23 және Орал қалалық әкімдігінің 2007 жылғы 9 қарашадағы № 2157 бірлескен шешімі мен қаулысы жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім мен қаулы оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2007 жылғы 13 маусымнан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Басқа 4
Орал қалалық мәслихатының 2008 жылғы 27 мамырдағы № 8-8 және Орал қалалық әкімдігінің 2008 жылғы 22 мамырдағы № 1286 "Кең дала" және "Көктем" шағынаудандарындағы жаңа көшелерге атаулар тағайындау туралы" бірлескен шешімі мен қаулысына қосымша
Тармақ 1
1. Жаңа көшелер (қоса берілген сұлбаға сәйкес):
Тармақша 1
1) Алпамыс батыр көшесі;
Тармақша 2
2) Қамбар батыр көшесі;
Тармақша 3
3) Ақан сері көшесі;
Тармақша 4
4) Құлагер көшесі.