О присвоении наименования "имени Мусиргали Копбергенова" новой улице в Желаевском поселковом округе Қолданыста
Басқа 0
Желаев кенттік округіндегі жаңа көшеге "Мүсірғали Көпбергенов атындағы көше" атауын тағайындау туралы
Батыс Қазақстан әділет Департаментінің 2008 жылғы 6 наурыздағы № 4-1323 Заңды бұзушылықты жою туралы ұсынысын қарап және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6, 7, 31, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13 бабын, Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 38 бабын басшылыққа алып, Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ және Орал қалалық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Желаев кенттік округіндегі жаңа көшеге "Мүсірғали Көпбергенов атындағы көше" атауы қосымшаға сәйкес тағайындалсын.
Тармақ 2
2. Орал қалалық мәслихатының 2007 жылғы 13 маусымдағы № 46-19 және Орал қалалық әкімдігінің 2007 жылғы 22 ақпандағы № 411 бірлескен шешімі мен қаулысы жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім мен қаулы оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2007 жылғы 13 маусымнан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Басқа 4
Орал қалалық мәслихатының
2008 жылғы 27 мамырдағы № 8-10
және Орал қалалық әкімдігінің
2008 жылғы 24 сәуірдегі № 1044
"Желаев кенттік округіндегі жаңа көшеге
"Мүсірғали Көпбергенов атындағы көше"
атауын тағайындау туралы"
бірлескен шешімі мен қаулысына
қосымша
Тармақ 1
1. Желаев кенті (қоса берілген сұлбаға сәйкес):
Тармақша 1
1) "Мүсірғали Көпбергенов атындағы көше".