О дополнительных категориях граждан, имеющих право на безвозмездное получение в собственность жилых помещений из государственного жилищного фонда Қолданыста
Басқа 0
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан меншікке өтеусіз тұрғын үй-жай алуға құқығы бар азаматтардың қосымша санаттары туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Министірлер Кабинетінің 1992 жылғы 24 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру Қағидасын бекіту туралы» № 66 Қаулысы, қала әкімінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 205/1-11 хаты негізінде, табысы аз топтағы түрғындарды әлеуметтік қорғау мақсатында, қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2001 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданысқа енгізілген, мемлекеттік тұрғын үй қорының пәтерлерінде түрақты түрып жатқан азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй-жайды өтеусіз меншікке алу құқығы, қосымша келесі санаттарға жататындарға:
- құқыққа қарсы әрекет салдарынан болған мүгедектерден басқа, үшінші топтағы мүгедектерге;
- үйленбеген төрт немесе одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға;
- зейнеткерлерге;
- заңнамамен белгіленген, ақырғы он екі айда отбасының әрбір мүшесіне айлық кірістің жиынтығы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға (өтінген кезде);
- кәмелетке толмай ата-аналарынан айырылған жиырма жасқа толмаған жетім-балаларға;
- асырауында мүгедек-балалары бар тұлғаларға берілсін.
Тармақ 2
2. Аталмыш шешім Екібастұз қаласының әділет Басқармасына тіркеуге жіберілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жариялаған бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.