Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын ауыл шаруашылығының дақылдары егісінің аяқталуының оңтайлы мерзімдерін ұзарту туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.06.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын ауыл шаруашылығының дақылдары егісінің аяқталуының оңтайлы мерзімдерін ұзарту туралы «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес және Ауыл шаруашылығы министрлігінің Солтүстік-Батыс ғылыми өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұсынымы негізінде Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататың ауыл шаруашылығының дақылдары егісінің аяқталуының оңтайлы мерзімдері ұзартылсын: бидайдың егісі 5 маусымға дейін; арпаның, сұлының, тарының, бұршақтың, қарақұмықтың егісі 10 маусымға дейін; майлы дақылдардың егісі 5 маусымға дейін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.А. Соқытбаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.