Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Литовской Республики о предоставлении транспортных и других услуг для выполнения перевозок грузов Республики Казахстан через Клайпедский государственный морской порт Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.09.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Литва Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының жүктерін Клайпеда мемлекеттік теңіз порты арқылы тасымалдауды орындау үшін көліктік және басқа қызметтер көрсету туралы келісімді бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. 1997 жылғы 7 наурызда Алматы қаласында жасалған Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Литва Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының жүктерін Клайпеда мемлекеттік теңіз порты арқылы тасымалдауды орындау үшін көліктік және басқа қызметтер көрсету туралы келісім бекітілсін.
Тармақ 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Литва Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының жүктерін Клайпеда мемлекеттік теңіз порты арқылы тасымалдауларды орындау үшін көлік және басқа да қызметтер көрсету туралы Келісім
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Литва Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының жүктерін Клайпеда мемлекеттік теңіз порты арқылы тасымалдауларды орындау үшін көлік және басқа да қызметтер көрсету туралы Келісім Бұдан әрi қарай "Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Литва Республикасының Үкiметi, жан-жақты ынтымақтастыққа ұмтыла отырып, Қазақстан Республикасының жүктерiн Клайпеда мемлекеттiк теңiз порты (бұдан әрi қарай - Клайпеда порты) арқылы транзиттi тасымалдауларды орындаудың өзара тиiмдiлiгiн назарға ала отырып, Литва Республикасының аумағы арқылы мемлекетаралық транзиттi тасымалдаулардың сапалы және келiсiлген көлемiн орындау мақсатында, тасымалдардың қауiпсiз қозғалысы мен тиiмдiлiгiне кепiлдiк бере алатын технологиялық тасымал процесi мен коммерциялық қызмет көрсетулердiң өзара әрекеттестiгi қажет деп есептей отырып, мына төмендегiлер жөнiнде келiстi:
Бап 1. 1-бап
1-бап
Тармақ 1
1. "Клайпеда порты арқылы жүктердi тасымалдау" терминi Клайпеда портына (портынан) жүк тасымалдауларды, оны қайтара тиеуді сақтауды және осы процедураларды орындауға ресми рұқсат етiлген Клайпеда порты аумағында орналасқан кәсiпорындар мен терминалдардағы жүк тасымалына байланысты басқа да процедураларды бiлдiредi.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасының транзиттi жүгi" терминi Клайпеда порты арқылы транзиттi тасымалдауға арналған және оның жiберушiсi немесе алушысы Қазақстанның шаруа жүргiзушi субъектiсi болып табылатын жүктi бiлдiредi.
Бап 2. 2-бап
2-бап Қазақстан Республикасының Үкiметi:
Тармақша а
а) өз шаруа жүргiзушi субъектiлерiнiң Клайпеда портын пайдалануын жан-жақты қолдауға;
Тармақша б
б) өз заңдары мен басқа да нормативтi актiлерi шеңберiнде Клайпеда порты арқылы тасымалданатын экспорттық-импорттық жүктер үшiн шекаралық, кедендiк және өзге де формальдылықтарды оңайлатуға және жеңiлдетуге мiндеттенедi. Литва Республикасының Үкiметi:
Тармақша а
а) Қазақстан Республикасының жүктерiн Литва Республикасының аумағы және Клайпеда порты арқылы транзиттi тасымалдауға жан-жақты жәрдем жасауға;
Тармақша б
б) өз заңдары мен басқа да нормативтi актiлерi шеңберiнде Клайпеда портында кемелердiң тұрып қалуын азайту үшiн, портта шекаралық, кедендiк және өзге де формальдылықтарды оңайлату және жеңiлдету үшiн барлық қажеттi шараларды қабылдауға;
Тармақша в
в) Қазақстан Республикасының транзиттi жүгiн әкелуге, әкетуге және сақтауға, сондай-ақ жүктi түсiру-тиеу үшiн қажеттi коммерциялық операцияларға байланысты көрсетiлетiн порттық қызметтердi пайдалану үшiн өз кемелеріне көрсетiлетiндей жағдайларға кепілдiк беруге мiндеттенедi.
Бап 3. 3-бап
3-бап Қауiптi жүктер мен қоршаған ортаны ластайтын жүктер Литва Республикасының құзырлы ведомстволарының рұқсаттары болған жағдайда ғана, сондай-ақ Литва Республикасының заңдары мен нормативтi актiлерiн басшылыққа ала отырып тасымалданады.
Бап 4. 4-бап
4-бап Уағдаласушы Тараптар тиеп-түсiрумен, сақтаумен және жүктердi жiберiп тұрумен және кемелердi агенттеумен айналысатын бiрлескен кәсiпорындар құруды көтермелейтiн болады.
Бап 5. 5-бап
5-бап Уағдаласушы Тараптардың өздерi қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық шарттар мен келiсiмдерден туындайтын құқықтары мен мiндеттерiне, сондай-ақ үшiншi мемлекеттердiң Литва Республикасының аумағы мен Клайпеда порты арқылы транзиттi жүктердi тасымалдау құқықтары мен мiндеттерiне осы Келiсiмнiң қатысы жоқ.
Бап 6. 6-бап
6-бап Уағдаласушы Тараптар құрамына құзырлы органдардың өкiлдерi кiретiн Аралас комиссия құрады. Аралас комиссия жазбаша өтінiш түскеннен кейiн 3 (үш) айдан кешiктiрмей Уағдаласушы Тараптардың бiреуiнiң өтiнiшi бойынша жиналады. Аралас комиссияның әрбiр мәжiлiсiнiң күн тәртiбi Уағдаласушы Тараптардың құзырлы органдары арасындағы келiсiм бойынша белгiленедi. Аралас комиссияның құзырлығында:
Тармақша а
а) сауда кеме қатынасы мен Литва Республикасының Клайпеда портын Қазақстан Республикасының транзиттi жүгiн тасымалдау үшiн пайдалану тиiмдiлiгiн, сондай-ақ оның көлемiн ұлғайту перспективасын талқылау;
Тармақша б
б) осы Келісімді түсіндіруге немесе қолдануға байланысты туындайтын кез келген дауды шешу;
Тармақша в
в) осы Келісімге енетін өзгертулерге немесе толықтыруларға қатысты келіссөздер жүргізу болып табылады. Осы Келісімге енетін өзгертулер немесе толықтырулар хаттамаларымен ресімделеді. Егер Аралас комиссия шешімдер қабылдамаса, дау Уағдаласушы Тараптардың келіссөздері жолымен шешілетін болады.
Бап 7. 7-бап
7-бап
Тармақ 1
1. Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті ішкімемлекеттік процедуралардың орындалғандығы туралы Уағдаласушы Тараптар бір-біріне дипломатиялық арналар арқылы хабарлаған соң 30 күннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 2
2. Осы Келісім үш жылға жасалады. Егер үш жылдық мерзім аяқталғанға дейін үш ай бұрын Уағдаласушы Тараптардың ешқайсысы да оның қолданысын тоқтатқысы келетіндігі туралы өз тілегін екінші Уағдаласушы Тарапқа жазбаша түрде мәлімдемесе, оның қолданысы келесі үш жылдық мерзімдерге өздігінен ұзартылатын болады. Алматы қаласында, 1997 жылғы 7 наурызда екі данада, әрқайсысы қазақ, литван және орыс тілдерінде жасалды, сондай-ақ барлық мәтіндердің заңды күші бірдей. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде пікір алшақтықтары пайда болған жағдайда Уағдаласушы Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын болады. Қазақстан Республикасының Литва Республикасының Үкіметі үшін Үкіметі үшін