Бақсай селолық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бақсай селолық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 31- бабына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы №107 "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" қаулысына және Атырау облыстық әкімиятының 2007 жылғы 10 қазандағы № 224 "Атырау облысында мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламентін бекіту туралы" қаулысына сәйкес аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Бақсай селолық округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты:
Тармақша 1
1) "Қосалқы шаруашылығының бар екендігі туралы анықтама беру" 1- қосымшаға сәйкес;
Тармақша 2
2) "Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейінгі) жастағы балаларды тіркеу" 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Бақсай селолық округінің әкімі Е. Шамановқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді.
Басқа 6
Махамбет аудандық әкімиятының 2008 жылғы 28 мамырдағы № 260 қаулысымен бекітілген 1-қосымша Мемлекеттік қызмет көрсетудің СТАНДАРТЫ Қосалқы шаруашылығы бар екендігі туралы анықтама беру
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы. Шаруа қожалықтары, құрылымдар мен кәсіпкерлерге қосалқы шаруашылығы бар екендігі туралы сұраған орындарға Бақсай селолық округі атынан анықтама
Тармақ 2
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: Автоматтандырылмаған.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз болатын нормативтік құқықтық актінің (заңнамалық акт, Қазақстан Республикасы Президентінің актісі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісі) атауы, бабы (тармағы) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-11 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 35-бабы
Тармақ 4
4. Осы мемлекеттік қызметті ұсынатын мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе өзге де субъектілердің атауы: Бақсай селолық округ әкімі аппараты – мемлекеттік мекеме
Тармақ 5
5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны: Анықтама.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлғалардың санаты: Шаруа қожалықтары, құрылымдар мен кәсіпкерлер.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде уақыт бойынша шектеу мерзімдері: Жоқ
Тармақ 8
8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ақылы екендігін немесе тегіндігін көрсету: Ақылы болған жағдайда құнын, төлеу нысанын, мемлекеттік қызметтін күнін (алым, төлем) төлеу кезінде толтырылуы талап етілетін құжаттың қажетті нысандары (түбіртегі). Ақысыз.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына және қол жетімділігіне қойылатын талаптар туралы ақпарат көзі ретінде мемлекеттік қызмет көрсету стандартын міндетті түрде орналастыру түрін көрсету. Бұл стандартты ресми жариялау кезінде, мемлекеттік органның, мемлекеттік мекемесінің немесе мемлекеттік қызмет көрсететін өзге де субъектінің сайтына немесе мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекен-жайларына сілтеме болуға тиіс.
Тармақ 10
10. Жұмыс кестесін (күндер, сағаттар, үзілістер) көрсету, қызметті алу үшін алдын-ала жазылуға бола ма (шарттары мен талаптарын көрсету), жедел қызметтер көрсету бар ма (шарттары мен талаптарын көрсету) Аптаның жұмыс күндері, сағат 8-30 – 18-00 –ге дейін, күнделікті қабылдау, демалыс күндері:сенбі, жексенбі.
Тармақ 11
11. Қызмет көрсетілетін орын: Атырау облысы, Махамбет ауданы, Таңдай селосы, Есенбаев көшесі №17.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Тармақ 12
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін, оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар үшін қажетті құжаттар мен талаптардың тізбесі: мал басы туралы төлқұжаты.
Тармақша 1
1) «Қосалқы шаруашылығы бар екендігі жөніндегі анықтама» Бақсай селолық округ әкімі аппараты, Анықтама аптаның жұмыс күндері, Таңдай селосы Есенбаев көшесі №17 Қызметтік тел: 2-85-13. 2-85-64 – үйі.
Тармақ 13
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін толтырылуы қажет сайтқа сілтемені не бланк берілетін орыны Бақсай селолық округ әкімі аппараты.
Тармақ 14
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажет сайтқа сілтемені не толтырылған бланкілерді, өтініштерді, нысандарды және басқа да құжаттарды тапсыратын жауапты адамның мекен–жайы және кабинетінің нөмері. Таңдай селосы Есенбаев көшесі №17. Бақсай селолық округі әкімі аппаратының бас маманы Серикқали Насипкалиев. Қызметтік тел: 2-85-13, 285-13 үйінің телефоны, жеке үйінің көшесі Қаршыға Ахмедьяров көшесі №1 үйі.
Тармақ 15
15. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту негіздері.
Тармақ 1
1. Мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз болатын қосалқы шаруашылығы бар екені жөніндегі төлқұжатының болмауы.
Тармақ 2
2. Төлқұжатта мәліметтердің толық әрі уақытылы өзгерістермен қоса жазылмауы
Тарау 3. 3. Жұмыс қағидаттары
3. Жұмыс қағидаттары
Тармақ 16
16. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушыға қатысты басшылыққа алатын жұмыс қағидаттарын санамалау:
Тармақша 1
1) Сыпайылық; көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат
Тармақша 2
2) Тұтынушы құжаттардың мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялығын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) Тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету).
Тарау 4. 4. Жұмыс нәтижелері
4. Жұмыс нәтижелері
Тармақ 17
17. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа қосымша сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштермен өлшенеді.
Тармақ 18
18. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
Тарау 5. 5. Шағымдану тәртібі
5. Шағымдану тәртібі
Тармақ 19
19. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тіртібін түсіндіретін және шағым дайындауға жәрдем көрсететін мемлекеттік органның атауын электрондық почтасының мекен – жайын, шақыруларды өңдеу орталықтарының (са11 – орталықтар) телефон нөмірлерін не лауазымды адамкабинетінің номері.
Тармақша 1
1) Cелолық округі әкіміне шағымдана алады; Таңдай селосы, Есенбаев көшесі-17, Бақсай селолық округі әкімі аппараты Тел: 2-8511, 2-85-13
Тармақ 20
20. Шағымның қабылданғанын растайтын және берілген шағымға жауап алатын және орынды көздейтін құжаттың атауын, шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері. Арыз-шағым тіркеу журналы, тел: 2-85-13.
Басқа 39
Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері Көрсеткіштің нормативтік мәні Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні 1 2 3 4 1.Уақтылығы 1.1.Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі) 100 % 92 % 92 % 1.2.Қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың %(үлесі) 95 % 85 % 85 % 2.Сапасы 2.1.Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) 90 % 80 % 80 % 2.2.Құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс ресімделген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі) 96 % 87 % 87 % 3.Қол жетімділік 3.1. Қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) 85 % 75 % 75 % 3.2.Тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі) 85 % 75 % 75 % 3.3.Интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % (үлесі) 85 % 75 % 75 % 4.Шағымдану үдерісі 4.1.Қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі) 0,5 % 4 % 4 % 4.2.Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % (үлесі) 90 % 80 % 80 % 4.3.Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанылған тұтынушылардың % (үлесі) 90 % 80% 80 % 4.4.Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) 90 % 80 % 80 % 5.Сыпайылық 5.1.Қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) 90 % 80 % 80 %
Тарау 6. 6. Байланыс ақпараттары
6. Байланыс ақпараттары
Тармақ 22
22. Тікелей мемлкеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган, немесе өзгеде субъект басшысының, оның орынбасарларының және жоғары тұрған ұйымның байланыс деректері. Бақсай селолық округ әкімі аппараты – Е.Шаманов. Таңдай селосы, Есенбаев көшесі, тел-2-85-13. Жұмыс орны-Таңдай селосы, Есенбаев көшесі-16, Бақсай селолық округі әкімі аппараты, жұмыс күндері
Тармақ 23
23. Тұтынушы үшін басқа да пайдалы ақпарат (шақыруларды өңдеу орталықтарының телефондары, қосымша қызметтер туралы ақпарат және т.б.) Жоқ
Басқа 43
Махамбет аудандық әкімиятының 2008 жылғы 28 мамырдағы № 260 қаулысымен бекітілген 2-қосымша Мемлекеттік қызмет көрсетудің СТАНДАРТЫ Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейінгі) жастағы балаларды тіркеу
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы. Мектепке дейінгі (7 жасқа дейінгі) жастағы балаларды тіркеп, кезекке қою, кезегі бойынша мектепке дейінгі мекемелерге жолдама беру;
Тармақ 2
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: Автоматтандырылмаған.
Тармақ 3
3. Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне балаларды тіркеу, жолдама беру:
Тармақ 3.1
3.1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы №319-111 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы «Білім туралы» Заңының 30 бабының 2 тармақшасына, 6 бабының 3 тармағының 2 тармақшасына;
Тармақ 3.2
3.2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсанындағы №1353 қаулысымен бекітілген «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесіне» сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Осы мемлекеттік қызметті Бақсай селолық округі, Есенбаев көшесі №17 үйде орналасқан бөлмесінде орналасқан бас маман көрсетеді. Мемлекеттік қызмет көрсететін заңды тұлғаның санаты – EG-3 Бақсай селолық округ әкімі аппаратының бас маманы – Насипкалиев Сериккали Насипкалиевич.
Тармақ 5
5. Мектепке дейінгі мекемелерге жолдама алу үшін берілген арыздар бойынша кезекке қойылып, кезегі келген кезде балабақшаларға жолдама береді.
Тармақ 6
6. Барлық мектепке дейінгі оқу-тәрбие беретін мекемеге жолдама алуға тілек білдірген барлық азаматтар кезекке тұрады.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
Тармақша 1
1) мектепке дейінгі мекемелерге орналасу үшін арыз берген күннен бастап арыз қаралып, жолдама алғанға дейін 1 жыл ішінде қаралады.
Тармақша 2
2) кезекке тұруға арыз беруге қажетті құжаттарды жинап тапсырып тіркеуге 30 минут уақыт кетеді.
Тармақша 3
3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде балабақшаға жолдама алу үшін кезек күтуге кететін уақыт -25минут.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына және қол жетімділігіне қойылатын талаптар туралы Бақсай селолық округі әкімі аппаратының ақпараттық стенділер ілініп, аудандық «Жайық шұғыласы» газеттерінде жарияланады.
Тармақ 10
10. Бақсай селолық округі әкімі аппаратының бас маманы аптаның 5 күнінде сағат 15-00 ден 18-00 арасында азаматтардың арыздарын қабылдайды. Азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетудің алдын ала жазылу, жедел қызмет көрсету түрлері жоқ.
Тармақ 11
11. Бақсай селолық округі әкімі аппараты мемлекеттік қызмет көрсету үшін төмендегідей жағдайлар жасалған.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Тармақ 12
12. Мемлекеттік қызметті пайдалану үшін, Бақсай селолық округі әкімі аппаратына төмендегідей құжаттар тапсырылады:
Тармақша 1
1) ата-аналардың арызы;
Тармақша 2
2) Тоқсан сайын ата-аналар өздерінің кезектерін тексеріп тұруы қажет. Балабақшаларға жолдама алу үшін ата-аналардың берілген үлгі бойынша жазылған арыздары аптаның жұма күндері комиссия отырысында қаралады. Балабақшаларға жолдама алуда жеңілдіктерді төмендегі азаматтарпайдаланады:
Тармақша 1
1) 5-(6) жастағы мектепалды даярлық топтарына баратын балалар;
Тармақша 2
2) Ата-аналары 1 және 2 топтағы мүгедек жанұя балалары;
Тармақша 3
3) Қамқоршының арызы бойынша қамқоршылыққа алынған жетім балалар;
Тармақша 4
4) Жалғыз басты аналар (№4 үлгінің көшірмесіне сәйкес);
Тармақша 5
5) Көп балалы жанұя балалары, жанұя жағдайларына сәйкес анықтама негізінде;
Тармақ 13
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін толтырылған арыз көрсетілген үлгіге сәйкес ата-аналардың бірі қолмен жазылған немесе компьютерде теілген түрінде болады.
Тармақ 14
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін толтырылған арыз Бақсай селолық округі әкімі аппаратында арыз жазылған күні қажетті құжаттар түгел болған жағдайда кезекке қойылады.
Тармақ 15
15. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушының мемлекеттік қызмет алған күні талап бойынша жасалған журналға тіркеп, кезектің номері мен кезекке қойылған күннің жадысы көрсетілген анықтаманы жауапты адамның қолымен беріледі.
Тармақ 16
16. Қызмет көрсету нәтижесі ата-анаға Бақсай селолық округі әкімі аппаратының балабақшаларға берген жолдамасы болып табылады.
Тармақ 17
17. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға себеп:
Тармақша 1
1) кезекке тіркеу журналында бала туралы мәліметтің болмауы;
Тармақша 2
2) ата-аналардың жазған арызының тіркелмеуі, болмауы;
Тармақша 3
3) мектепке дейінгі оқу-тәрбие мекемесінде бос орынның болмауы;
Тарау 3. 3. Жұмыс қағидаттары
3. Жұмыс қағидаттары
Тармақ 18
18. Бақсай селолық округі әкімі аппаратының бас маманның мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушыға қатысты басшылыққа алатын негізгі қағидалары:
Тармақша 1
1) мемлекеттік қызмет көрсетуде қажетті ақпаратты тұтынушыға толық жеткізу, сыпайлық;
Тармақша 2
2) азаматтардың тапсырған құжаттарында көрсетілген ақпараттардың мазмұнының құпиялығын сақтау;
Тармақша 3
3) ақпараттардың сақталуын қамтамасыз ету;
Тарау 4. 4. Жұмыс нәтижелері
4. Жұмыс нәтижелері
Тармақ 19
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа қосымша сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштермен өлшенеді.
Тармақ 20
20. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қол жетімділік көрсеткіштерінің нәтижесі қалалық білім бөлімінің арнайы комиссияның жұмысшы тобының анықтамасы бойынша бағаланады.
Тарау 5. 5. Шағымдану тәртібі
5. Шағымдану тәртібі
Тармақ 21
21. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағым дайындауға көмектесу қызметін Бақсай селолық округі әкімі аппаратының жұмысы бойынша бас маманы атқарады.
Тармақ 22
22. Бақсай селолық округі әкімі аппаратының әкімінің атына жазылып 2-85-11 телефон бойынша тапсырылады.
Тармақ 23
23. Арыздың қабылданғандығы туралы анықтаманы Бақсай селолық округі әкімі аппаратының бас маманы береді, арыздың жауабын 2-85-13 телефоны бойынша алуға юолады.
Тарау 6. 6. Байланыс ақпараттары
6. Байланыс ақпараттары
Тармақ 24
24. Бақсай селолық округі әкімі аппаратының байланыс деректері:Таңдай селосы, Есенбаев көшесі №17 ғимараты. Қабылдау бөлмесінің телефоны 2-85-11 Бақсай селолық округі әкімі аппаратының бас маманы телефоны – 2-85-13 Азаматтарды қабылдау кестесі: Бақсай селолық округі әкімі аппараты әр аптаның барлық күні,сенбі, жексенбі, күннен басқа 9-00 ден 12-00-ге дейін; Демалыс күндері: сенбі, жексенбі;
Тармақ 25
25. Тұтынушылар үшін басқа да пайдалы ақпаратты Бақсай селолық округі әкімі аппаратынан білуге болады.
Басқа 93
Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері Көрсеткіштің нормативтік мәні Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні 1 2 3 4 1.Уақтылығы 1.1.Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі) 100 % 95 % 90 % 1.2.Қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың %(үлесі) 80-85 % 75-80 % 70-75 % 2.Сапасы 2.1.Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) 90 % 85 % 80 % 2.2.Құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс ресімделген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі) 100 % 95 % 90 % 1.Қол жетімділік 3.1. Қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) 90 % 85 % 80 % 3.2.Тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі) 80 % 75 % 72 % 3.3.Интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % (үлесі) 50 % 45 % 40 % 2.Шағымдану үдерісі 4.1.Қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі) 0,5 % 0,5 % 0,5 % 4.2.Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % (үлесі) 100 % 95% 90 % 4.3.Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанылған тұтынушылардың % (үлесі) 90 % 85% 80 % 4.4.Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) 90 % 85 % 82 % 3.Сыпайылық 5.1.Қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) 90 % 85 % 80 %