Сарайшық селолық округі әкімі
аппаратының мемлекеттік қызмет
көрсетудің стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31- бабына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" қаулысына және Атырау облыстық әкімиятының 2007 жылғы 10 қазандағы № 224 "Атырау облысында мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламентін бекіту туралы" қаулысына сәйкес аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Сарайшық селолық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы от 28.05.2008 г. № 262 (Сарайшық селолық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы)
1. Сарайшық селолық округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты:
1) "Қосалқы шаруашылығының бар екендігі туралы анықтама беру" 1- қосымшаға сәйкес;
2) "Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейінгі) жастағы балаларды тіркеу" 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сарайшық селолық округінің әкімі Х.Сисенгалиевке жүктелсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді.
Махамбет аудандық әкімиятының
2008 жылғы 28 мамырдағы
№ 262 қаулысымен бекітілген
1-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің СТАНДАРТЫ
Қосалқы шаруашылығы бар екендігі туралы анықтама беру
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы қосалқы шаруашылығының бар екендігі туралы анықтама беру.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны:
Автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз болатын нормативтік құқықтық актінің атауы мен бабы: 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасындағы 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 «Қазақстан Республикасының Жер кодексінің» 101 және102 бабы, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі №66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу» Заңының 19 бабы.
4. Осы мемлекеттік қызметті ұсынатын мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе өзге де субъектілердің атауы:
«Сарайшық селолық округ әкімінің аппараты» (Атырау облысының Әділет департаментінің заңды тұлғаны тіркеу куәлігі №107-1915 ММ 1 наурыз 1999 жыл).
5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны: (нәтижесі): қосалқы шаруашылығының бар екендігі туралы анықтама беру.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлғалардың санаты:
Кәсіпорындар, шаруа қожалықтары және тұрғындар.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері.
1) мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған «тіркелген сәттен, талон алғаннан бастап және т.с.с.), электрондық сауал берген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: селолық округ әкімі аппаратынан 1 жылға анықтама беріледі. Құжаттар тапсырылған күні атқарылады.
2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде (тіркеу, талон алу кезде және т.с.с.) кезек күтуге, электрондық сауалды қалыптастыруға рұқсат берілген ең ұзақ уақыт: Әр тұтынушыға 10 минут
3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт, файлдың рұқсат берілген жоғары мөлшері: 30 минут
8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ақылы екендігін немесе тегіндігін көрсету: мемлекеттік қызмет көрсету тегін.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына және қол жетімділігіне қойылатын талаптар туралы ақпарат көзі ретінде мемлекеттік қызмет көрсету стандартын міндетті түрде орналастыру орнын көрсету. Сарайшық селосы, А.Иманов көшесі №44 селолық округ әкімі аппаратының жетекші маман бөлмесі.
10. Жұмыс кестесі:
Мемлекеттік қызмет көрсету аптаның жұмыс күндері дүйсенбі-жұма күндері, сағат 8.30 – 18.00-ге дейін, түскі үзіліс 12.30- 14.00-ге дейін. Қызмет көрсетудің басқа жолдары қарастырылмаған.
11. Қызмет көрсетілетін орынның шарттары: мекемеде келушілердің барлығына қызмет көрсету мүмкіндіктері бар, жеке мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жағдай қарастырылмаған. Қабылданатын орын- селолық округ әкімі аппаратының жетекші маманының бөлмесі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін, қажетті құжаттар мен талаптардың тізбесі:
1) кәсіпорынның, ұйымның, шаруа қожалығының мемлекеттік тіркелгендігі туралы құжаты, азаматтардың жеке куәлігі және үй кітабы көшірмесі;
2) Ветеринарлық паспорттың көшірмесі;
3) Шаруа қожалығына алынған жердің мемлекеттік жер актісі;
4) Келісім шарт;
5) Салық төлеуші куәлігі;
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін толтырылуы қажет сайтқа сілтемені не бланк берілетін орын: селолық округі әкімі аппаратының жетекші маман бөлмесі.
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті сайтқа сілтемені не толтырылған бланкілерді, өтініштерді, нысандарды және басқа да құжаттарды тапсыратын жауапты адамның мекен-жайы және кабинетінің нөмері: Сарайшық селосы, А.Иманов көшесі №44, селолық округ әкімі аппаратының жетекші маман бөлмесі.
15. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушының мемлекеттік қызметті алған күні бар барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжаттың атауын және нысанын көрсету бөлімінің мөрі соғылған анықтама беріледі.
Селолық округ әкімі аппаратының мөрі соғылған анықтама беріледі.
16. Қызмет көрсету нәтижесін жеткізу тәсілдері мен регламенттері:
Қосалқы шаруашылығы бар екені жөніндегі толық құжаттар пакетіне сай тұтынушыға арнайы тіркеу журналдарына қол қойдыру арқылы жеке беріледі.
17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту негіздерінің толық тізбесін көрсету құжаттар толық жиналмағанда.
3. Жұмыс қағидаттары
18. Мемлекеттік органның қызмет көрсетуді тұтынушыға қатысты басшылыққа алатын жұмыс қағидаттарын санамалау; сыпайылық, көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпараттар, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуы, қорғалуы және құпиялығы, тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуы қамтамасыз етіледі
4. Жұмыс нәтижелері
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа қосымша сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштермен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
5. Шағымдану тәртібі
21. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағым дайындауға жәрдем көрсететін мемлекеттік органның атауын мекен-жайын, шақыруларды өңдеу орталықтарының (са11-орталықтар) телефон нөмерлерін не лауазымды адам кабинетінің нөмерін көрету: Сарайшық селосы, А.Иманов көшесі, №44, селолық округ әкімі, тел/факс 8(71236) 2-55-21, әкім бөлмесі
22. Шағым берілетін мемлекеттік органның атауын, электрондық почтасының мекен-жайын не лауазымды адам кабинетінің нөмірін көрсету: Сарайшық селосы, А.Иманов көшесі, №44, селолық округ әкімі, телефон 2-55-21, пошталық индексі - 060707, Пароль! 01 admin 01 ! Sisengaliev Hadim.
23. Шағымның қабылданғанын растайтын және берілген шағымға жауап алатын мерзім мен орынды көздейтін құжаттың атауын, шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс телефондарын, деректерін көрсету:
Сарайшық селосы, А.Иманов көшесі, №44, селолық округ әкімі аппараты, әкімнің қызмет бөлмесі, телефоны 2-55-21, селолық округ әкімі
Селолық округ әкімі аппараты
6. Байланыс ақпараты
24. Тікелей мемлкеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган, мекеме немесе өзге субъект басшысының, оның орынбасарларының және жоғары тұрған ұйымның байланыс деректерін көрсету: Сарайшық селосы, А.Иманов көшесі, №44, селолық округ әкімінің аппараты, тел/факс 8(71236) 2-55-21, әкімнің қызмет бөлмесі, тұтынушыларды қабылдау күндері: сәрсенбі, жұма күндері 15-00-17-00-ге дейін.
25. Тұтынушы үшін басқа да пайдалы ақпарат: Қосымша қызмет көрсетілмейді.
Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері
Көрсеткіштің нормативтік мәні
Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні 2009
Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні 2008
1
2
3
4
1.Уақтылығы
1.1.Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі)
100 %
90 %
80 %
1.2.Қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың %(үлесі)
100 %
92 %
82 %
2.Сапасы
2.1.Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
100 %
85 %
80 %
2.2.Құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс ресімделген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)
100 %
80 %
75 %
3.Қол жетімділік
3.1. Қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
100 %
89 %
80 %
3.2.Тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі)
100 %
88 %
76 %
3.3.Интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % (үлесі)
4.Шағымдану үдерісі
4.1.Қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі)
0,1 %
0,2 %
0,3 %
4.2.Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % (үлесі)
100 %
87 %
81 %
4.3.Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанылған тұтынушылардың % (үлесі)
100 %
88%
82 %
4.4.Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
100 %
88 %
82 %
5.Сыпайылық
5.1.Қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
100 %
95 %
87 %
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың толық тізбесі:
1)Ветеринарлық паспорт көшірмесі;
2) Шаруа қожалығына алынған жердің мемлекеттік жер актісі;
3) Келісім шарт;
4) Салық төлеуші куәлігі
Махамбет аудандық әкімиятының
2008 жылғы 28 мамырдағы
№ 262 қаулысымен бекітілген
2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің СТАНДАРТЫ
Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейінгі) жастағы балаларды тіркеу
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы.
Мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды тіркеп, кезекке қою, кезегі бойынша мектепке дейінгі мекемелерге жолдама беру;
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны:
Автоматтандырылмаған.
3. Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне балаларды тіркеу, жолдама беру:
3.1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы №319-111 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы «Білім туралы» Заңының 30 бабының 2 тармақшасына, 6 бабының 3 тармағының 2 тармақшасына;
3.2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсанындағы №1353 қаулысымен бекітілген «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесіне» сәйкес жүзеге асырылады.
4. Осы мемлекеттік қызметті Сарайшық селосы, А.Иманов көшесі №44 үйде орналасқан Сарайшық селолық округ әкімі аппараты, қызмет көрсетілетін орын – селолық округ әкімі аппаратының жетекші маман бөлмесі.
5. Мектепке дейінгі мекемелерге жолдама алу үшін берілген арыздар бойынша кезекке қойылып, кезегі келген кезде балабақшаларға жолдама береді.
6. Барлық мектепке дейінгі оқу-тәрбие беретін мекемеге жолдама алуға тілек білдірген барлық азаматтар кезекке тұрады.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
1) мектепке дейінгі мекемелерге орналасу үшін арыз берген күннен бастап арыз қаралып, жолдама алғанға дейін 1 жыл ішінде қаралады.
2) кезекке тұруға арыз беруге қажетті құжаттарды жинап тапсырып тіркеуге 30 минут уақыт кетеді.
3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде балабақшаға жолдама алу үшін кезек күтуге кететін уақыт -25минут.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына және қол жетімділігіне қойылатын талаптар туралы Бақсай селолық округі әкімі аппаратының ақпараттық стенділер ілініп, аудандық «Жайық шұғыласы» газеттерінде жарияланады.
10. Селолық округі әкімі аппаратының жетекші маманы аптаның дүйсенбісінен жұмаға дейін сағат 15-00 ден 18-00 арасында азаматтардың арыздарын қабылдайды. Түскі үзіліс 13.00-14.00 сағат аралығы;
Азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетудің алдын ала жазылу, жедел қызмет көрсету түрлері жоқ.
11. Сарайшық селолық округі әкімі аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету үшін төмендегідей жағдайлар жасалған.
1 бөлек бөлме бар, бөлмеде қажетті құжаттардың барлық үлгілері көрсетілген стенділер жинақтаған, компьютер, бөлме қызметке қажетті жиһаздармен жабдықталған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызметті пайдалану үшін, селолық округ әкімі аппаратына төмендегідей құжаттар тапсырылады:
1) ата-аналардың арызы;
2) Тоқсан сайын ата-аналар өздерінің кезектерін тексеріп тұруы қажет.
Балабақшаларға жолдама алу үшін ата-аналардың берілген үлгі бойынша жазылған арыздары аптаның жұма күндері комиссия отырысында қаралады.
Балабақшаларға жолдама алуда жеңілдіктерді төмендегі азаматтарпайдаланады:
1) 5-(6) жастағы мектепалды даярлық топтарына баратын балалар;
2) Ата-аналары 1 және 2 топтағы мүгедек жанұя балалары;
Ата-аналарының 1 және 2 топтағы мүгедектігі туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің анықтамасы; Жеңістің 50 жылдығы көшесі, 18 үй, телефон 2-12-98
3) дәрігерлік – педагогикалық комиссияның шешімімен анықталған психологиялық дамуында шектеулері бар балалар; аудандық дәрігерлік – педагогикалық комиссия беретін анықтама:
4) Қамқоршының арызы бойынша қамқоршылыққа алынған жетім балалар;
5) Жалғыз басты аналар (№4 үлгінің көшірмесіне сәйкес);
6) Көп балалы жанұя балалары, жанұя жағдайларына сәйкес анықтама негізінде;
7) патронаттық тәрбиедегі балалар, патронаттық тәрбиеге алынғандығы туралы облыс әкімінің шешіміне сәйкес;
Селолық округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету орталығы: жұмыс уақыты 9.00-18.00, ата-аналарға қызмет көрсету уақыты аптаның дүйсенбісінен жұмаға дейін 15.00-18.00 сағат аралығы.
Мекен жайымыз: Сарайшық селосы, А.Иманов көшесі №44 ғимараты, телефоны 2-55-22.
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін толтырылған арыз көрсетілген үлгіге сәйкес ата-аналардың бірінің қолымен жазылып тапсырылады.
14. Селолық округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету орталығы: жұмыс уақыты 9.00-18.00, ата-аналарға қызмет көрсету уақыты аптаның дүйсенбісінен жұмаға дейін 15.00-18.00 сағат аралығы.
Мекен жайымыз: Сарайшық селосы, А.Иманов көшесі, №44 ғимараты, телефон 2-55-22.
15. Арыз тіркеліп, тіркелген реті көрсетілген талон берілді.
16. Жылына 1 рет мамыр айының 25 мен маусым айының 25 аралығында кезекке сәйкес балабақшаға жолдама беру;
17. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға себеп:
1) кезекке тіркеу журналында бала туралы мәліметтің болмауы;
2) ата-аналардың жазған арызының тіркелмеуі, болмауы;
3) мектепке дейінгі оқу-тәрбие мекемесінде бос орынның болмауы;
3. Жұмыс қағидаттары
18. Селолық округі әкімі аппаратының жетекші маманның мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушыға қатысты басшылыққа алатын негізгі қағидалары:
1) мемлекеттік қызмет көрсетуде қажетті ақпаратты тұтынушыға толық жеткізу, сыпайылық;
2) азаматтардың тапсырған құжаттарында көрсетілген ақпараттардың мазмұнының құпиялығын сақтау;
3) ақпараттардың сақталуын қамтамасыз ету;
4. Жұмыс нәтижелері
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа қосымша сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштермен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қол жетімділік көрсеткіштерінің нәтижесі қалалық білім бөлімінің арнайы комиссияның жұмысшы тобының анықтамасы бойынша бағаланады.
5. Шағымдану тәртібі
21. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағым дайындауға көмектесу қызметін селолық округі әкімі аппаратының кадрлар жұмысымен айналысатын бас маманы атқарады, бас маман бөлмесі, телефон 2-55-22.
22. Шағым селолық округі әкімі атына жазылып, әкім бөлмесі 2-55-21 телефон бойынша тапсырылады.
23. Арыздың қабылданғандығы туралы анықтаманы селолық округі әкімі аппаратының бас маманы береді, арыздың жауабын 2-85-22 телефоны бойынша алуға болады.
6. Байланыс ақпараттары
24. Сарайшық селолық округі әкімі аппаратының байланыс деректері: Сарайшық селосы, А.Иманов көшесі, №44 ғимараты
Әкім телефоны 2-55-21
Бас маман телефоны – 2-55-22
Жетекші маман телефоны – 2-55-22
Азаматтарды қабылдау кестесі:
Селолық округі әкімі әр аптаның жұма күні сағат 9-00 ден 12-00 дейін;
Селолық округі әкімі аппаратының әр аптаның сәрсенбі күні сағат 9-00 ден 12-00 дейін;
Демалыс күндері: сенбі, жексенбі;
25. Тұтынушылар үшін басқа да пайдалы ақпаратты селолық округі әкімі аппаратының жетекші маманының бөлмесінен білуге болады.
Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері
Көрсеткіштің нормативтік мәні
Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні
Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні
1
2
3
4
1.Уақтылығы
1.1.Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі)
100 %
95 %
90 %
1.2.Қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың %(үлесі)
80-85 %
75-80 %
70-75 %
2.Сапасы
2.1.Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
90 %
85 %
80 %
2.2.Құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс ресімделген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)
100 %
95 %
90 %
1.Қол жетімділік
3.1. Қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
90 %
85 %
80 %
3.2.Тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі)
80 %
75 %
72 %
3.3.Интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % (үлесі)
50 %
45 %
40 %
2.Шағымдану үдерісі
4.1.Қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі)
0,5 %
0,5 %
0,5 %
4.2.Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % (үлесі)
100 %
95%
90 %
4.3.Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанылған тұтынушылардың % (үлесі)
90 %
85%
80 %
4.4.Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
90 %
85 %
82 %
3.Сыпайылық
5.1.Қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
90 %
85 %
80 %
Шағымдану үрдісі
4.1. қызметтің осы түрі бойынша, қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі) 0,5 0,5 0,5.
4.2. белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % (үлесі) 100, 95, 90.
4.3. шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың% (үлесі) 90, 85. 80.
4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) 90, 85, 82.
5. Сыпайылық
5.1. қызметкерлердің сыпайлығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) 90, 85, 80.