Бейбарыс селолық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.06.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бейбарыс селолық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 31- бабына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" қаулысына және Атырау облыстық әкімиятының 2007 жылғы 10 қазандағы № 224 "Атырау облысында мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламентін бекіту туралы" қаулысына сәйкес аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Бейбарыс селолық округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты:
Тармақша 1
1) "Қосалқы шаруашылығының бар екендігі туралы анықтама беру" 1- қосымшаға сәйкес;
Тармақша 2
2) "Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейінгі) жастағы балаларды тіркеу" 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Бейбарыс селолық округінің әкімі Ж.Жайлашеваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді.
Басқа 6
Махамбет аудандық әкімиятының 2008 жылғы 11 маусымдағы № 280 қаулысымен бекітілген 1-қосымша Мемлекеттік қызмет көрсетудің СТАНДАРТЫ Қосалқы шаруашылығы бар екендігі туралы анықтама беру
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы. Шаруа қожалықтары, құрылымдар мен кәсіпкерлерге қосалқы шаруашылығының бар екендігі туралы сұраған орындарға Бейбарыс селолық округ әкімі аппаратынан анықтама беру
Тармақ 2
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: Автоматтандырылмаған.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз болатын нормативтік құқықтық акті: Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы
Тармақ 4
4. Осы мемлекеттік қызметті ұсынатын мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе өзге де субъектілердің атауы: Махамбет ауданы, Бейбарыс селосы, Бейбарыс селолық округ әкімі аппараты
Тармақ 5
5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны: Анықтама.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлғалардың санаты: Шаруа қожалықтары, құрылымдар мен кәсіпкерлер
Тармақ 7
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері: Жоқ
Тармақша 1
1) мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған «тіркелген сәттен, талон алғаннан бастап және т.с.с.), электрондық сауал берген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: Бір апта
Тармақша 1
1) қажетті құжаттарды тапсырған кезде (тіркеу, талон алу кезде және т.с.с.) кезек күтуге, электрондық сауалды қалыптастыруға рұқсат берілген ең ұзақ уақыт: 15 күн
Тармақша 2
2) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт, файлдың рұқсат берілген жоғары мөлшері: 15 күн
Тармақ 8
8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ақылы екендігін немесе тегіндігін көрсету: Ақылы болған жағдайда құнын, төлеу нысанын, мемлекеттік қызметтің күнін (алым,төлем) төлеу кезінде толтырылуы талап етілетін құжаттың қажетті нысандары (түбіртегі).
Тармақ 9
9. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына және қол жетімділігіне қойылатын талаптар туралы ақпарат көзі ретінде мемлекеттік қызмет көрсету стандартын міндетті түрде орналастыру орнын көрсету. Бұл стандартты ресми жариялау кезінде, мемлекеттік органның, мемлекеттік мекемесінің немесе мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекен-жайларына сілтеме болуға тиіс.
Тармақ 10
10. Жұмыс кестесі: дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма күндері сағат 8.00 – ден 18.00-ге дейін. Үзіліс 12.30-дан 14.00-ге дейін. Күнделікті қабылдау. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
Тармақ 11
11. Қызмет көрсетілетін орын: Атырау облысы, Махамбет ауданы, Бейбарыс селосы, Айтеке би көшесі №1 үй.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Тармақ 12
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін, оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар үшін қажетті құжаттар мен талаптардың тізбесі:
Тармақша 1
1) Қосалқы шаруашылығы бар екендігі туралы кәсіпкерлік куәлігі;
Тармақша 2
2) қосалқы шаруашылығында Әділет басқармасында тіркелген жер актісі
Тармақ 13
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін толтырылуы қажет сайтқа сілтемені не бланк берілетін орын: Бейбарыс селолық округі әкімі аппараты.
Тармақ 14
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажет сайтқа сілтемені не толтырылған бланкілерді, өтініштерді, нысандарды және басқа да құжаттарды тапсыратын жауапты адамның мекен-жайы: Бейбарыс селолық округ әкімі аппаратының бас маманы. Үйі: Бейбарыс селосы, Амангелді көшесі №28 үй, тел: 2-64-06. Қызметі: Бейбарыс селосы Айтеке би көшесі №1 үй тел: 2-64-99, факс 2-64-01.
Тармақ 15
15. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту негіздері:Негіз жоқ
Тарау 3. 3. Жұмыс қағидаттары
3. Жұмыс қағидаттары
Тармақ 16
16. Мемлекеттік органның қызмет көрсетуді тұтынушыға қатысты басшылыққа алатын жұмыс қағидаттарын санамалау:
Тармақша 1
1) Сыпайылық;
Тармақша 2
2) Тұтынушы құжаттардың мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялығын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) Тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету).
Тарау 4. 4. Жұмыс нәтижелері
4. Жұмыс нәтижелері
Тармақ 17
17. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа қосымша сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштермен өлшенеді.
Тармақ 18
18. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
Тарау 5. 5. Шағымдану тәртібі
5. Шағымдану тәртібі
Тармақ 19
19. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағым дайындауға жәрдем көрсететін мемлекеттік органның атауы
Тармақ 1
1. Бейбарыс селолық округ әкіміне шағымдана алады.
Тармақ 2
2. Махамбет селосы, Абай көшесі, 16 үйдің 1-қатарында орналасқан аудан әкімі аппаратының аппарат басшысына шағымдана алады. Телефоны: /87122/ 2-22-55
Тармақ 20
20. Шағымның қабылданғанын растайтын және берілген шағымға жауап алатын және орынды көздейтін құжаттың атауын, шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері. Бейбарыс селолық округ әкімі аппаратына. Бейбарыс селосы, Айтеке би көшесі. №1 үй, тел: 2-64-99
Басқа 42
Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері Көрсеткіштің нормативтік мәні Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні 1 2 3 4 1.Уақтылығы 1.1.Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі) 100 % 90 % 90 % 1.2.Қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың %(үлесі) 80 % 80 % 90 % 2.Сапасы 2.1.Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) 90 % 90 % 90 % 2.2.Құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс ресімделген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі) 100 % 90 % 90 % 3.Қол жетімділік 3.1. Қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) 90 % 90 % 90 % 3.2.Тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі) 80 % 70 % 90 % 3.3.Интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % (үлесі) 50% 50% 50% 4.Шағымдану үдерісі 4.1.Қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі) 0,5 % 6 % 90 % 4.2.Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % (үлесі) 100 % 80 % 90 % 4.3.Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанылған тұтынушылардың % (үлесі) 90 % 80% 90 % 4.4.Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) 90 % 80 % 90 % 5.Сыпайылық 5.1.Қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) 90 % 90 % 90 %
Тарау 6. 6. Байланыс ақпараты
6. Байланыс ақпараты
Тармақ 22
22. Тікелей мемлкеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган, немесе өзгеде субъект басшысының, оның орынбасарларының және жоғары тұрған ұйымның байланыс деректері:Бейбарыс селолық округі әкімі аппараты. Утегалиева Салимаш Бейбарыс селосы, Амангелді көшесі №28 үй, тел-2-64-06. Жұмыс орны- Бейбарыс селосы, Айтеке би көшесі-1, тел: 2-34-99
Тармақ 23
23. Тұтынушы үшін басқа да пайдалы ақпарат (шақыруларды өңдеу орталықтарының телефондары, қосымша қызметтер туралы ақпарат және т.б.) Жоқ
Басқа 46
Махамбет аудандық әкімиятының 2008 жылғы 11 маусымдағы № 280 қаулысымен бекітілген 2-қосымша Мемлекеттік қызмет көрсетудің СТАНДАРТЫ Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейінгі) жастағы балаларды тіркеу
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы. Мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды тіркеп, кезекке қою, кезегі бойынша мектепке дейінгі мекемелерге жолдама беру;
Тармақ 2
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: Автоматтандырылмаған.
Тармақ 3
3. Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне балаларды тіркеу, жолдама беру:
Тармақ 3.1
3.1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 319-111 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы «Білім туралы» Заңының 30 бабының 2 тармақшасына, 6 бабының 3 тармағының 2 тармақшасына;
Тармақ 3.2
3.2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсанындағы № 1353 қаулысымен бекітілген «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесіне» сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Осы мемлекеттік қызметті Бейбарыс селосы, Айтеке би көшесі № 1 үйде орналасқан Бейбарыс селолық округ әкімі аппаратында селолық округ әкімі аппаратының бас маманы көрсетеді. Мемлекеттік қызмет көрсететін заңды тұлғаның санаты- EG-3. Бейбарыс селолық округ әкімі аппаратының бас маманы – Утегалиева Салимаш Хилимовна
Тармақ 5
5. Мектепке дейінгі мекемелерге жолдама алу үшін берілген арыздар бойынша кезекке қойылып, кезегі келген кезде балабақшаларға жолдама береді.
Тармақ 6
6. Барлық мектепке дейінгі оқу-тәрбие беретін мекемеге жолдама алуға тілек білдірген барлық азаматтар кезекке тұрады.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
Тармақша 1
1) мектепке дейінгі мекемелерге орналасу үшін арыз берген күннен бастап арыз қаралып, жолдама алғанға дейін 1 жыл ішінде қаралады.
Тармақша 2
2) кезекке тұруға арыз беруге қажетті құжаттарды жинап тапсырып тіркеуге 30 минут уақыт кетеді.
Тармақша 3
3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде балабақшаға жолдама алу үшін кезек күтуге кететін уақыт -25минут.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Бейбарыс селолық округі әкімі аппаратының бас маманы аптаның әр күнінде сағат 9.00-ден 18-00 арасында азаматтардың арыздарын қабылдайды.
Тармақ 10
10. Азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетудің алдын ала жазылу, жедел қызмет көрсету түрлері жоқ.
Тармақ 11
11. Бейбарыс селолық округі әкімі аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету үшін төмендегідей жағдайлар жасалған: Кабинет қызметке қажетті жиһаздармен жабдықталған.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Тармақ 12
12. Мемлекеттік қызметті пайдалану үшін, Бақсай селолық округі әкімі аппаратына төмендегідей құжаттар тапсырылады:
Тармақша 1
1) ата-аналардың арызы; Баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 2
2) Тоқсан сайын ата-аналар өздерінің кезектерін тексеріп тұруы қажет. Балабақшаларға жолдама алу үшін ата-аналардың берілген үлгі бойынша жазылған арыздары аптаның жұма күндері комиссия отырысында қаралады. Балабақшаларға жолдама алуда жеңілдіктерді төмендегі азаматтар пайдаланады:
Тармақша 1
1) 5-(6) жастағы мектепалды даярлық топтарына баратын балалар;
Тармақша 2
2) Ата-аналары 1 және 2 топтағы мүгедек жанұя балалары; Дәрігерлік – педагогикалық комиссияның шешімімен анықталған психологиялық дамуында шектеулері бар балалар;
Тармақша 3
3) Қамқоршының арызы бойынша қамқоршылыққа алынған жетім балалар;
Тармақша 4
4) Жалғыз басты аналар (№4 үлгінің көшірмесіне сәйкес);
Тармақша 5
5) Көп балалы жанұя балалары, жанұя жағдайларына сәйкес анықтама негізінде;
Тармақ 13
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін толтырылған арыз көрсетілген үлгіге сәйкес ата-аналардың бірі қолмен жазылған немесе компьютерде теілген түрінде болады.
Тармақ 14
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін толтырылған арыз Бақсай селолық округі әкімі аппаратында арыз жазылған күні қажетті құжаттар түгел болған жағдайда кезекке қойылады.
Тармақ 15
15. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушының мемлекеттік қызмет алған күні талап бойынша жасалған журналға тіркеп, кезектің номері мен кезекке қойылған күннің жадысы көрсетілген анықтаманы жауапты адамның қолымен беріледі.
Тармақ 16
16. Қызмет көрсету нәтижесі ата-анаға Бақсай селолық округі әкімі аппаратының балабақшаларға берген жолдамасы болып табылады.
Тармақ 17
17. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға себеп:
Тармақша 1
1) кезекке тіркеу журналында бала туралы мәліметтің болмауы;
Тармақша 2
2) ата-аналардың жазған арызының тіркелмеуі, болмауы;
Тармақша 3
3) мектепке дейінгі оқу-тәрбие мекемесінде бос орынның болмауы;
Тарау 3. 3. Жұмыс қағидаттары
3. Жұмыс қағидаттары
Тармақ 18
18. Бейбарыс селолық округі әкімі аппаратының мектепке дейінгі оқу мен тәрбие жұмысы бойынша селолық округ әкімі аппаратының бас маманы мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушыға қатысты басшылыққа алатын негізгі қағидалары:
Тармақша 1
1) мемлекеттік қызмет көрсетуде қажетті ақпаратты тұтынушыға толық жеткізу, сыпайылық;
Тармақша 2
2) азаматтардың тапсырған құжаттарында көрсетілген ақпараттардың мазмұнының құпиялығын сақтау;
Тармақша 3
3) ақпараттардың сақталуын қамтамасыз ету;
Тарау 4. 4. Жұмыс нәтижелері
4. Жұмыс нәтижелері
Тармақ 19
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа қосымша сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштермен өлшенеді.
Тармақ 20
20. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қол жетімділік көрсеткіштерінің нәтижесі қалалық білім бөлімінің арнайы комиссияның жұмысшы тобының анықтамасы бойынша бағаланады.
Тарау 5. 5. Шағымдану тәртібі
5. Шағымдану тәртібі
Тармақ 21
21. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағым дайындауға көмектесу қызметін Бейбарыс селолық округі әкімі аппаратының жұмысы бойынша бас маманы атқарады.
Тармақ 22
22. Шағым Бейбарыс селолық округі әкімінің атына жазылады.
Тармақ 23
23. Арыздың қабылданғандығы туралы анықтаманы Бейбарыс селолық округі әкімі аппаратының бас маманы алуға болады.
Тарау 6. 6. Байланыс ақпараттары
6. Байланыс ақпараттары
Тармақ 24
24. Бейбарыс селолық округі әкімі аппаратының байланыс деректері: Бейбарыс селосы, Айтеке би көшесі №1 үй. Қабылдау бөлмесінің телефоны 2-64-99. Азаматтарды қабылдау кестесі: Бейбарыс селолық округі әкімі аппаратының бас маманының қабылдау уақыты сағаты 9-00 ден 18-00-ге дейін; Демалыс күндері: сенбі, жексенбі;
Басқа 95
Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері Көрсеткіштің нормативтік мәні Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні 1 2 3 4 1.Уақтылығы 1.1.Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі) 100 % 95 % 90 % 1.2.Қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың %(үлесі) 80-85 % 75-80 % 70-75 % 2.Сапасы 2.1.Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) 90 % 85 % 80 % 2.2.Құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс ресімделген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі) 100 % 95 % 90 % 1.Қол жетімділік 3.1. Қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) 90 % 85 % 80 % 3.2.Тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі) 80 % 75 % 72 % 3.3.Интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % (үлесі) 50 % 45 % 40 % 2.Шағымдану үдерісі 4.1.Қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі) 0,5 % 0,5 % 0,5 % 4.2.Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % (үлесі) 100 % 95% 90 % 4.3.Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанылған тұтынушылардың % (үлесі) 90 % 85% 80 % 4.4.Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) 90 % 85 % 82 % 3.Сыпайылық 5.1.Қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) 90 % 85 % 80 %