Об изменениях в административно-территориальном устройстве города Экибастуза Павлодарской области Қолданыста
Басқа 0
Павлодар облысы Екібастұз қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының
6-бабы
1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңы
11-бабының
3, 4) тармақшаларына, Екібастұз қалалық мәслихатының және Екібастұз қаласы әкiмдiгiнiң 2008 жылғы 27 мамырдағы (ІV сайланған VІІ сессиясы) «Екібастұз өңірінің әкімшілік-аумақтық құрылысындағы кейбір өзгерістер туралы № 85/7 бiрлескен шешiмiне сәйкес, Екібастұз аймағы тұрғындарының пікірлерін есепке алып, Павлодар облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI
:
Тармақ 1
1. Екібастұз қаласының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
"Қоянды",«"Теміртас",«"Құрылысшы" елді мекендері ауыл санаттарына жатқызылсын және осы ауылдардың шекарасында Қоянды ауылын орталық етіп, Қоянды ауылдық округі құрылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешiм ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Тармақ 3
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.