О порядке заключения, исполнения и денонсации международных договоров Республики Казахстан Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.12.1995. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшiн жою тәртiбi туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР 30.05.2005 № 54 Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 32-баптың 1-тармағынан қараңыз). "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерiн жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының мақсаттары мен принциптерiнiң жүзеге асырылуына жәрдемдесуге бағытталған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың, орындаудың және күшiн жоюдың бiрыңғай тәртiбiн белгiлеу мақсатында осы Жарлықты шығарамын.
Тарау i. I ТАРАУ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
I ТАРАУ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1. 1-бап. Жарлықтың қолданылу аясы
1-бап. Жарлықтың қолданылу аясы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың, орындаудың және күшiн жоюдың осы Жарлықпен белгiленген тәртiбi олардың нысаны мен атауына (шарт, келiсiм, конвенция, пакт, хаттама, хаттар немесе ноталар алмасу, халықаралық шарттардың өзге де түрлерi мен атаулары) қарамастан, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына қатысты қолданылады.
Тармақ 2
2. Осы Жарлықтың күшi Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi және өзге де орталық атқару органдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен жасасатын халықаралық шарттарға қолданылады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Президентi өзiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың қарауына жататын халықаралық шарттарға қатысты оларды жасасудың, орындаудың және күшiн жоюдың осы Жарлықта көзделгендегiден өзгеше тәртiбiн белгiлеуге хақылы.
Бап 2. 2-бап. Осы Жарлықта қолданылатын негiзгi ұғымдар
2-бап. Осы Жарлықта қолданылатын негiзгi ұғымдар Осы Жарлықта қолданылатын ұғымдар мынаны бiлдiредi:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасының халықаралық шарты" - Қазақстан Республикасының шет мемлекетпен (немесе мемлекеттермен) не халықаралық ұйыммен жазбаша нысанда жасасқан және мұндай келiсiмнiң бiр құжатта немесе өзара байланысты бiрнеше құжатта көрiнiс тапқанына қарамастан, сондай-ақ оның нақты аталуына қарамастан, халықаралық құқық арқылы реттелетiн халықаралық келiсiм;
Тармақша 2
2) "жасасу" - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттың өзi үшiн мiндеттiлiгiне келiсiм бiлдiруi;
Тармақша 3
3) "қол қою" - егер халықаралық шарт кейiннен ратификациялауға немесе бекiтуге жатпайтын болса, өзi үшiн оның мiндеттiлiгiне Қазақстан Республикасының келiсiм бiлдiру жолы;
Тармақша 4
4) "ратификация" - халықаралық шартты Қазақстан Республикасы Парламентiнiң бекiтуi арқылы Қазақстан Республикасының өзi үшiн оның мiндеттiлiгiне келiсiм бiлдiру жолы;
Тармақша 5
5) "бекiту (қабылдау)" - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ратификациялауына жатпайтын халықаралық шарттың өзi үшiн мiндеттiлiгiне Қазақстан Республикасының келiсiм бiлдiру жолы;
Тармақша 6
6) "қосылу" - жасалуына Қазақстан Республикасы қатыспаған халықаралық шарттың өзi үшiн мiндеттiлiгiне оның келiсiм бiлдiру жолы;
Тармақша 7
7) "ратификациялық грамоталармен, бекiту (қабылдау) немесе қосылу туралы құжаттармен алмасу" - шартқа қатысушы мемлекеттер немесе депозитарий осындай грамоталармен (құжаттармен) алмасқан (мәлiмдеген) сәттен бастап халықаралық шарттың өзi үшiн мiндеттiлiгiне Қазақстан Республикасының келiсiм бiлдiру жолы;
Тармақша 8
8) "өкiлеттiк" - Қазақстан Республикасының құзырлы органдары негiздеген және сол арқылы бiр тұлға немесе бiрнеше тұлға халықаралық шарт жасасу мақсатында Қазақстан Республикасынан өкiлдiк етуге тағайындалатын құжат;
Тармақша 9
9) "халықаралық ұйым" - мемлекетаралық, үкiметаралық ұйымдар;
Тармақша 10
10) "депозитарий" - халықаралық шарттың түпнұсқасы сақтауға тапсырылатын және халықаралық құқықпен көзделген функцияларды орындайтын мемлекет, халықаралық ұйым немесе оның басты атқарушы лауазымды адамы;
Тармақша 11
11) "күшiн жою" - Қазақстан Республикасының өзi жасасқан халықаралық шарттан тиiсiнше ресiмделген бас тартуы;
Тармақша 12
12) "шарттың дәлме-дәл сәйкес мәтiнi" - уағдаласушы тараптар негiзгi (шек келтiрiлмейтiн) мәтiн ретiнде қарастыратын халықаралық шарттың мәтiнi.
Бап 3. 3-бап. Халықаралық шарттардың түрлерi
3-бап. Халықаралық шарттардың түрлерi
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары шет мемлекеттермен:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының (мемлекетаралық шарттар);
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң (үкiметаралық шарттар);
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерiнiң және өзге де орталық атқару органдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың (ведомствоаралық шарттар) атынан жасалады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары халықаралық ұйымдармен Қазақстан Республикасының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерi мен өзге де орталық атқару органдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың атынан жасалады.
Тарау ii. II ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАРЫН ЖАСАСУ
II ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАРЫН ЖАСАСУ
Бап 4. 4-бап. Халықаралық шарттар жасасу туралы ұсыныстар
4-бап. Халықаралық шарттар жасасу туралы ұсыныстар
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының мемлекетаралық сипаттағы халықаралық шарттарын жасасу туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Президентiне Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi енгiзедi.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi мен өзге де орталық атқару органдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп немесе оның келiсуiмен өз құзырындағы мәселелер жөнiнде осы баптың 1-тармағында аталған шарттарды жасасу туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзедi.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы баптың 2-тармағында аталған шарттарды жасасу туралы ұсыныстарды қарайды және оларды Қазақстан Республикасының Президентiне енгiзедi.
Тармақ 4
4. Үкiмет қарауына жататын мәселелер жөнiнде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi енгiзедi.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi мен өзге де орталық атқару органдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп немесе оның келiсуiмен өз құзырындағы мәселелер жөнiнде осы баптың 4-тармағында аталған шарттарды жасасу туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкiметiне табыс етедi.
Тармақ 6
6. Ведомствоаралық сипаттағы халықаралық шарттарды жасасу туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасының тиiстi министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi мен өзге де орталық атқару органдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен келiсе отырып енгiзедi.
Бап 5. 5-бап. Халықаралық шарттардың тiлi
5-бап. Халықаралық шарттардың тiлi
Тармақ 1
1. Екi жақты халықаралық шарттар, әдетте, уағдаласушы тараптардың мемлекеттiк тiлдерiнде жасалады.
Тармақ 2
2. Көп жақты халықаралық шарттар шарттарға қатысушылардың келiсiмi бойынша белгiленетiн тiлдерде жасалады.
Бап 6. 6-бап. Халықаралық шарттардың жобаларын құқықтық сараптау
6-бап. Халықаралық шарттардың жобаларын құқықтық сараптау
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобалары Қазақстан Республикасының мүдделi министрлiктерiмен, мемлекеттiк комитеттерiмен және өзге де орталық атқару органдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен алдын ала келiсiлген соң Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мiндеттi құқықтық сараптаудан өткiзiлуге тиiс.
Тармақ 2
2. Құқықтық сараптаудан өткен халықаралық шарттардың жобалары Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнде келiсiлуге тиiс.
Бап 7. 7-бап. Келiссөздер жүргiзу туралы және халықаралық шарттарға қол қою туралы шешiмдер
7-бап. Келiссөздер жүргiзу туралы және халықаралық шарттарға қол қою туралы шешiмдер Келiссөздер жүргiзу туралы және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына қол қою туралы шешiмдердi:
Тармақша 1
1) мемлекетаралық сипаттағы халықаралық шарттарға қатысты, сондай-ақ егер бұл қажеттiлiктен туындаса, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына жататын мәселелер жөнiндегi халықаралық шарттарға қатысты - Қазақстан Республикасының Президентi;
Тармақша 2
2) Үкiмет қарауына жататын мәселелер жөнiндегi халықаралық шарттарға қатысты - Қазақстан Республикасының Үкiметi;
Тармақша 3
3) ведомствоаралық сипаттағы халықаралық шарттарға қатысты - Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсе отырып, Қазақстан Республикасының министрлерi, мемлекеттiк комитеттерiнiң төрағалары және де өзге орталық атқару органдарының басшылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың басшылары қабылдайды.
Бап 8. 8-бап. Келiссөздер жүргiзуге және халықаралық шарттарға қол қоюға берiлетiн өкiлеттiк
8-бап. Келiссөздер жүргiзуге және халықаралық шарттарға қол қоюға берiлетiн өкiлеттiк
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының мемлекетаралық сипаттағы келiссөздерiн жүргiзуге және халықаралық шарттарын жасасуға өкiлеттiктi - Қазақстан Республикасының Президентi, ал Үкiмет қарауына жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бередi.
Тармақ 2
2. Келiссөздер жүргiзуге және халықаралық шарттарға немесе Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына жататын шарттарға қол қоюға өкiлеттiктi Қазақстан Республикасы Президентiнiң не Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсыруымен Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi бере алады.
Тармақ 3
3. Келiссөздер жүргiзуге және ведомствоаралық сипаттағы халықаралық шарттарға қол қоюға өкiлеттiктi Қазақстан Республикасының Министрi, Мемлекеттiк комитетiнiң төрағасы, өзге де орталық атқару органының басшысы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органның басшысы бередi.
Бап 9. 9-бап. Арнайы өкiлеттiксiз келiссөздер жүргiзу және халықаралық шарттарға қол қою
9-бап. Арнайы өкiлеттiксiз келiссөздер жүргiзу және халықаралық шарттарға қол қою
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi арнаулы өкiлеттiксiз-ақ келiссөздер жүргiзуге және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына қол қоюға хақылы.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының шет мемлекеттегi дипломатиялық өкiлдiгiнiң басшысы немесе Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы өкілдігінің басшысы тиiсiнше өзi барған мемлекетпен немесе осы халықаралық ұйымның шеңберiнде Қазақстан Республикасының халықаралық шартын жасасу жөнiнде арнайы өкiлеттiксiз келiссөздер жүргiзуге хақылы.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының шет мемлекеттегi дипломатиялық өкiлдiгi басшысының немесе Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы өкiлдiгi басшысының арнайы өкiлеттiктерi болған ретте ғана Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына қол қоюға құқығы бар.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Министрi, Мемлекеттiк комитетiнiң төрағасы, өзге де орталық атқару органының басшысы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органның басшысы өз құзырындағы мәселелер жөнiнде арнайы өкiлеттiксiз-ақ келiссөздер жүргiзуге және Қазақстан Республикасының ведомствоаралық сипаттағы халықаралық шарттарына қол қоюға хақылы.
Бап 10. 10-бап. Халықаралық шарттарды ратификациялау
10-бап. Халықаралық шарттарды ратификациялау
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын Қазақстан Республикасының Парламентi ратификациялайды.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар оның заңдарынан басым болады және халықаралық шартқа орай оны қолдану үшiн заң шығару талап етiлетiн жағдайларды қоспағанда, тiкелей қолданылады.
Бап 11. 11-бап. Ратификациялауға жататын халықаралық шарттар
11-бап. Ратификациялауға жататын халықаралық шарттар
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының мынадай:
Тармақша 1
1) орындалуы қолданылып жүрген заңдардың өзгертiлуiн немесе жаңа заңдардың қабылдануын талап ететiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгендегiден өзгеше ережелердi белгiлейтiн;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасының өтуi туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ерекше экономикалық аймағының және құрылықтық шельфiнiң ара-жiгi туралы шарттарды қоса, Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен ара-жiгi жiктелуi туралы;
Тармақша 3
3) мемлекетаралық қатынастардың негiздерi туралы, қарусыздану немесе қару-жараққа халықаралық бақылау жасау, халықаралық бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi, сондай-ақ бiтiм шарттары мен ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарттары;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық одақтарға, халықаралық ұйымдарға және басқа бiрлестiктерге қатысуы туралы, егер мұндай шарттар Қазақстан Республикасының егемендi құқықтарының бiр бөлiгiн жүзеге асыруды оларға берудi көздейтiн болса немесе олардың органдары шешiмдерiнiң Қазақстан Республикасы үшiн заңдық мiндеттiлiгiн белгiлейтiн болса;
Тармақша 5
5) мемлекеттiк заемдар мен Қазақстан Республикасының экономикалық және өзге көмек көрсетуi туралы халықаралық шарттары ратификациялауға жатады.
Тармақ 2
2. Жасасқан кезде уағдаласушы мемлекеттер соңынан оларды ратификациялау жөнiнде келiскен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары ратификациялауға жатады.
Бап 12. 12-бап. Халықаралық шарттарды ратификациялауға дейiн олардың Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгiн қарау
12-бап. Халықаралық шарттарды ратификациялауға дейiн олардың Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгiн қарау
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Сенат Төрағасының, Мәжiлiс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгiнiң, Премьер-Министрдiң өтiнiшi бойынша Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын ратификациялауға дейiн олардың Конституцияға сәйкестiгiн қарайды.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында аталған мәселелер жөнiнде Конституциялық Кеңеске өтiнiш жасалған жағдайда халықаралық шарттарды ратификациялау мерзiмiнiң өтуi тоқтатыла тұрады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейдi деп танылған халықаралық шарттар ратификацияланбайды және күшiне енгiзiлмейдi.
Бап 13. 13-бап. Халықаралық шарттарды ратификациялау туралы ұсыныстар
13-бап. Халықаралық шарттарды ратификациялау туралы ұсыныстар
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының мемлекетаралық сипаттағы халықаралық шарттарын ратификациялау туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Президентiне Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкiметi енгiзедi.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi және өзге де орталық атқару органдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп немесе оның келiсуiмен өздерiнiң құзырындағы мәселелер бойынша осы баптың 1-тармағында аталған шарттарды ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзедi.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы баптың 2-тармағында аталған халықаралық шарттарды бекiту туралы ұсыныстарды қарайды және оларды Қазақстан Республикасының Президентiне енгiзедi.
Тармақ 4
4. Президент осы баптың 1 және 3-тармақтарында аталған шарттарды ратификациялау туралы ұсыныстарды қарайды және бұл шарттарды Қазақстан Республикасының Парламентiне ратификациялауға табыс етедi.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына жататын мәселелер жөнiнде осындай рәсiмнен өткiзiлуге тиiс халықаралық шарттарды ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзедi.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi және өзге де орталық атқару органдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп немесе оның келiсуiмен өздерiнiң құзырындағы мәселелер бойынша осы баптың 5-тармағында аталған халықаралық шарттарды ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзедi.
Тармақ 7
7. Үкiмет осы баптың 5 және 6-тармақтарында аталған шарттарды ратификациялау туралы ұсыныстарды қарайды және бұл шарттарды Қазақстан Республикасының Парламентiне ратификациялауға ұсынады.
Бап 14. 14-бап. Халықаралық шарттарды ратификациялау туралы шешiмдер қабылдау
14-бап. Халықаралық шарттарды ратификациялау туралы шешiмдер қабылдау
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Президентi немесе Қазақстан Республикасы Үкiметi ратификациялауға ұсынған халықаралық шарттарды Қазақстан Республикасының Парламентi Палаталардың бөлек отырысында: алдымен - Мәжiлiсте, содан кейiн Сенатта қарайды және тиiстi заң қабылдайды.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының халықаралық шартын ратификациялау туралы заңға қол қойылып, ол жария етiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының Президентi ратификациялау грамотасына қол қояды.
Бап 15. 15-бап. Ратификациялау грамоталарымен, бекiту немесе қосылу туралы құжаттармен алмасу
15-бап. Ратификациялау грамоталарымен, бекiту немесе қосылу туралы құжаттармен алмасу Ратификациялау грамоталарымен, Қазақстан Республикасының көп жақты халықаралық шарттарды бекiтуi немесе оларға қосылуы туралы құжаттармен алмасуды және көп жақты халықаралық шарттарды ратификациялау туралы грамоталарды дипозитарийлерге сақтауға тапсыруды Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi не оның тапсыруымен Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiгi немесе Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы өкiлдiгi жүргiзедi.
Бап 16. 16-бап. Ратификациялау жатпайтын халықаралық шарттарды бекiту (қабылдау)
16-бап. Ратификациялау жатпайтын халықаралық шарттарды бекiту (қабылдау)
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының ратификациялауға жатпайтын, бiрақ оларды бекiту (қабылдау) көзделген халықаралық шарттарын бекiтудi (қабылдауды):
Тармақша 1
1) мемлекетаралық сипаттағы халықаралық шарттарға қатысты - Қазақстан Республикасының Президентi;
Тармақша 2
2) үкiметаралық сипаттағы халықаралық шарттарға қатысты - Қазақстан Республикасының Үкiметi жүргiзедi.
Тармақ 2
2. Ведомствоаралық сипаттағы халықаралық шарттарды бекiтудi (қабылдауды) Қазақстан Республикасының тиiстi министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерiнiң немесе өзге де орталық атқару органдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi жүргiзедi.
Бап 17. 17-бап. Халықаралық шарттарға қосылу туралы ұсыныстар
17-бап. Халықаралық шарттарға қосылу туралы ұсыныстар
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентiне мемлекетаралық сипаттағы халықаралық шарттарға қосылу туралы ұсыныстар енгiзедi.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Үкiметiне үкiметаралық шарттарға қосылу туралы ұсыныстар енгiзедi.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi және өзге де орталық атқару органдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп немесе оның келiсуiмен өздерiнiң құзырындағы мәселелер бойынша осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған шарттарға қосылу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзедi.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының тиiстi министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi және өзге де орталық атқару органдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң келiсуiмен ведомствоаралық сипаттағы халықаралық шарттарға қосылу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзедi.
Бап 18. 18-бап. Халықаралық шарттарға қосылу
18-бап. Халықаралық шарттарға қосылу
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарға қосылуы туралы шешiмдердi:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Президентi ұсынған мемлекетаралық сипаттағы халықаралық шарттарға қатысты, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Үкiметi ұсынған және Үкiмет қарауындағы мәселелер жөнiнде ратификациялауға жататын халықаралық шарттарға қатысты - Қазақстан Республикасының Парламентi;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауындағы және ратификациялауға жатпайтын халықаралық шарттарға қатысты - Қазақстан Республикасының Үкiметi қабылдайды.
Тармақ 2
2. Ведомствоаралық сипаттағы халықаралық шарттарға қосылу туралы шешiмдердi Қазақстан Республикасының Үкiметi қабылдайды.
Бап 19. 19-бап. Халықаралық шарттардың күшiн тоқтата тұру туралы ұсыныстар
19-бап. Халықаралық шарттардың күшiн тоқтата тұру туралы ұсыныстар
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентiне Қазақстан Республикасының мемлекетаралық сипаттағы халықаралық шарттарының күшiн тоқтата тұру туралы ұсыныстар енгiзедi.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Үкiмет құрауына жататын мәселелер жөнiндегi Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының күшiн тоқтата тұру туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзедi.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi және өзге де орталық атқару органдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп немесе оның келiсуiмен өздерiнiң құзырындағы мәселелер бойынша осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған халықаралық шарттардың күшiн тоқтата тұру туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзедi.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының тиiстi министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi және басқа да орталық атқару органдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң ұсынуымен ведомствоаралық сипаттағы халықаралық шарттардың күшiн тоқтата тұру туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзедi.
Бап 20. 20-бап. Халықаралық шарттардың күшiн тоқтата тұру
20-бап. Халықаралық шарттардың күшiн тоқтата тұру
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Парламентi:
Тармақша 1
1) ратификациялауға жататын мемлекетаралық сипаттағы халықаралық шарттарға қатысты;
Тармақша 2
2) осы Жарлықтың 11-бабында аталған үкiметаралық сипаттағы халықаралық шарттарға қатысты Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының күшiн тоқтата тұру туралы шешiмдердi қабылдайды.
Тармақ 2
2. Ратификациялауға жатпайтын мемлекетаралық сипаттағы халықаралық шарттардың қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiмдердi Қазақстан Республикасының Президентi қабылдайды.
Тармақ 3
3. Үкiмет қарауына жататын халықаралық шарттардың күшiн тоқтата тұру туралы шешiмдердi Қазақстан Республикасының Үкiметi қабылдайды, бұған осы Жарлықтың 11-бабында аталған шарттар қосылмайды.
Тармақ 4
4. Ведомствоаралық сипаттағы халықаралық шарттардың күшiн тоқтата тұру туралы шешiмдердi Қазақстан Республикасының Үкiметi қабылдайды.
Тарау iii. III ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАРЫН ОРЫНДАУ
III ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАРЫН ОРЫНДАУ
Бап 21. 21-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтау және олардың орындалуын қамтамасыз ету
21-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтау және олардың орындалуын қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Жарлыққа, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне және халықаралық құқық нормаларына сәйкес Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарды мүлтiксiз сақтауға тиiс.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Президентi Республика жасасқан шарттар мен ол қабылдаған мiндеттемелердiң сақталуын қамтамасыз етедi.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының үкiметi Қазақстан Республикасының күшiне енген халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолданады.
Бап 22. 22-бап. Халықаралық шарттар жөнiндегi мiндеттемелердi орындау
22-бап. Халықаралық шарттар жөнiндегi мiндеттемелердi орындау Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының тиiстi министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi өзге де орталық атқару органдары, сондай-ақ құзырларына Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен реттелетiн мәселелер енетiн, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар қазақстандық тараптың шарттар бойынша қабылдаған мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi, осындай шарттардан туындайтын қазақстандық тарап құқықтарының жүзеге асырылуын және шарттарға басқа да қатысушылардың өз мiндеттемелерiн орындауын бақылап отырады.
Бап 23. 23-бап. Халықаралық шарттардың орындалуын жалпы бақылау
23-бап. Халықаралық шарттардың орындалуын жалпы бақылау Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының орындалуын жалпы бақылауды Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi жүзеге асырады.
Бап 24. 24-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын оның басқа қатысушылары бұзған ретте қолданылатын шаралар
24-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын оның басқа қатысушылары бұзған ретте қолданылатын шаралар
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша мiндеттемелердi оның басқа қатысушылары бұзған ретте Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi халықаралық құқық нормаларына және шарттың өзiнiң талаптарына сәйкес қажеттi шаралар қолдану туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар бередi.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша мiндеттемелердi оның басқа қатысушылары бұзған ретте Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi және өзге де орталық атқару органдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп немесе оның келiсуiмен өз құзырындағы мәселелер бойынша халықаралық құқық нормаларына және шарттың өзiнiң талаптарына сәйкес қажеттi шаралар қолдану туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар бередi.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын оның басқа қатысушылары елеулi түрде бұзған ретте, сондай-ақ халықаралық құқық нормаларында көзделген өзге де жағдайларда мұндай шарт осы Жарлықтың 33 және 34-баптарында белгiленген тәртiппен тоқтатылуы мүмкiн.
Бап 25. 25-бап. Халықаралық шарттарды түсiндiру
25-бап. Халықаралық шарттарды түсiндiру Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын түсiндiру Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқық нормаларына сәйкес жүргiзiледi.
Бап 26. 26-бап. Халықаралық шарт жасасуға байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы ұсыныстар
26-бап. Халықаралық шарт жасасуға байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы ұсыныстар
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Парламентiнiң заң немесе өзге нормативтiк құқықтық актiсi қабылдануы не Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы шығарылуы немесе Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы қабылдануы қажет болған реттерде Қазақстан Республикасының мүдделi министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi және өзге де орталық атқару органдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен келiсе отырып, белгiленген тәртiп бойынша Қазақстан Республикасының Президентiне немесе Қазақстан Республикасының Үкiметiне тиiстi заң немесе басқа да нормативтiк құқықтық акт қабылдау туралы ұсыныстар енгiзедi.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын орындау үшiн қабылданған Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшiн жоюға олар бұзылғаннан, өзгертiлгеннен немесе олардың қолданылуы тоқтатылғаннан кейiн ғана жол берiледi.
Бап 27. 27-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының күшiне енуi
27-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының күшiне енуi Халықаралық шарттар Қазақстан Республикасы үшiн шартта көзделген немесе уағдаласушы тараптар арасында келiсiлген тәртiп пен мерзiмде күшiне енедi.
Тарау iv. IV ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАРЫН ЖАРИЯЛАУ, ТІРКЕУ ЖӘНЕ САҚТАУ
IV ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАРЫН ЖАРИЯЛАУ, ТІРКЕУ ЖӘНЕ САҚТАУ
Бап 28. 28-бап. Халықаралық шарттарды жариялау
28-бап. Халықаралық шарттарды жариялау
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы үшiн күшiне енген, осы Жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасының Парламентiнде ратификациялаудан өткен мемлекетаралық және үкiметаралық шарттар Парламенттiң ресми басылымдарында жарияланады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы үшiн күшiне енген, ратификациялауға жатпайтын мемлекетаралық және үкiметаралық шарттар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының оларға қосылуы осы Жарлықта белгiленген тәртiппен жүзеге асырылған үкiметаралық шарттар "Қазақстан Республикасы Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлер жинағында" жарияланады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы үшiн күшiне енген халықаралық шарттар, ведомствоаралық шарттарды қоса алғанда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының оларға қосылуы осы Жарлықта белгiленген тәртiппен жүзеге асырылған шарттар "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары, келiсiмдерi және жеке заң актiлерi бюллетенi" жинағында жарияланады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының шет тiлдерде жазылған мәтiндерi дәлме-дәл сәйкес халықаралық шарттары осы тiлдердiң бiрiнде, қазақ және орыс тiлдерiндегi ресми аудармасымен қоса жарияланады.
Бап 29. 29-бап. Халықаралық шарттарды тiркеу мен есепке алудың бiртұтас мемлекеттiк жүйесi
29-бап. Халықаралық шарттарды тiркеу мен есепке алудың бiртұтас мемлекеттiк жүйесi Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын тiркеу мен есепке алудың бiртұтас мемлекеттiк жүйесi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң қарауында болады.
Бап 30. 30-бап. Халықаралық шарттарды тiркеу және мәтiндерiн сақтау
30-бап. Халықаралық шарттарды тiркеу және мәтiндерiн сақтау
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Хатшылығында және басқада халықаралық ұйымдардың тиiстi органдарында тiркеудi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының атынан және Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан жасалған Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының түпнұсқалары (куәландырылған көшiрмелерi, ресми аудармалары) оларға қол қойылған (депозитарийден куәландырылған көшiрмелер, ресми аудармалар алынған) күннен бастап екi апта мерзiмде Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне сақтауға тапсырылады, ал Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi осы шарттардың көшiрмелерiн олар күшiне енген күннен бастап екi апта мерзiмде тиiстi мемлекеттiк органдарға жолдайды.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының ведомствоаралық шарттарының түпнұсқалары тиiстi министрлiктер мен ведомстволардың архивтерiнде сақталады, ал осы шарттардың куәландырылған көшiрмелерi оларға қол қойылған (депозитарийден куәландырылған көшiрмелер, ресми аудармалар алынған) күннен бастап екi апта мерзiмде Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне жiберiледi.
Бап 31. 31-бап. Депозитарийдiң функцияларын жүзеге асыру
31-бап. Депозитарийдiң функцияларын жүзеге асыру
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi көп жақты халықаралық шарттардың депозитарийi функцияларын, егер осы шарттардың талаптарына сәйкес мұндай мiндеттер Қазақстан Республикасына жүктелген болса, жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Көп жақты халықаралық шарттардың депозитарийi мiндеттерiн орындаушы шет мемлекеттер органдарымен, халықаралық ұйымдармен немесе олардың бас атқарушы лауазымды адамдарымен хат-хабар жазысуды Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi жүзеге асырады.
Тарау v. V ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАРЫНЫҢ КҮШІН ЖОЮ
V ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАРЫНЫҢ КҮШІН ЖОЮ
Бап 32. 32-бап. Халықаралық шарттардың күшiн жою туралы ұсыныстар
32-бап. Халықаралық шарттардың күшiн жою туралы ұсыныстар
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентiне Қазақстан Республикасының мемлекетаралық сипаттағы халықаралық шарттарының күшiн жою туралы ұсыныс енгiзедi.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Үкiмет қарауына жататын мәселелер жөнiндегi Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының күшiн жою туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзедi.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi және өзге де орталық атқару органдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп немесе оның келiсуiмен өз құзырындағы мәселелер бойынша осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған халықаралық шарттардың күшiн жою туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзедi.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының тиiстi министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi және өзге де орталық атқару органдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнiң келiсуiмен өз құзырындағы мәселелер бойынша ведомствоаралық сипаттағы халықаралық шарттарды бұзу туралы Қазақстан Республикасының үкiметiне ұсыныс енгiзедi.
Бап 33. 33-бап. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң халықаралық шарттардың күшiн жоюы
33-бап. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң халықаралық шарттардың күшiн жоюы Қазақстан Республикасының Парламентi Палаталардың бөлек отырысында мәселелердi ретiмен, алдыменен Мәжiлiсте, содан соң Сенатта қарай отырып:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық сипаттағы ратификацияланған және ратификациялауға жатпайтын халықаралық шарттарының күшiн - Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұсынуы бойынша;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Үкiмет қарауына жататын халықаралық шарттарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының оларға қосылуы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерi негiзiнде жүзеге асырылған халықаралық шарттарының күшiн - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ұсынуы бойынша жояды.
Бап 34. 34-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң халықаралық шарттардың күшiн жоюы
34-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң халықаралық шарттардың күшiн жоюы Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының тиiстi министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерiнiң және басқа да орталық атқару органдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың ұсынуымен Қазақстан Республикасының ведомствоаралық сипаттағы халықаралық шарттарының күшiн Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң келiсуiмен жояды.
Тарау vi. VI ТАРАУ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
VI ТАРАУ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 35. 35-бап. Осы Жарлықтың күшiне ену тәртiбi
35-бап. Осы Жарлықтың күшiне ену тәртiбi
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Президентiне Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарын осы Жарлыққа сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныс енгiзсiн;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 16 маусымдағы N 1228 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 19, 230-құжат) 5-тармағының күшi жойылған деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.