О корректировке и установлении ставок отдельных видов налогов и платежей относительно базовых ставок Қолданыста
Басқа 0
Салықтар мен төлемдердің жекелеген түрлерінің ставкаларын базалық ставқаларға қатысты түзету және белгілеу туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 337 бабының, 373 бабтың 2 тармағының, 489 баптың 1 тармағының, 491 бабтың 2) тармақшасының негізінде және Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 6 бабтың 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Меңдіқара аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Автотұрақтар, автомобильге май құю станциялары орналасқан жер учаскелеріне, және жергілікті атқарушы орган белгілеген сауда орындары орналасқан базарлар аумағына бөлінген жерлеріне салық ставкасын базалыққа қатысты 10 есе ұлғайту белгіленсін.
Тармақ 2
2. Біржолғы талон құны бір күнгі сауда мен қызмет көрсетуге төмендегідей белгіленсін:
Тармақша 1
1) қолдан сауда жасау - айлық есептік көрсеткіштен 6%;
Тармақша 2
2) өнеркәсіп және азық- түлік тауарларымен сөреден сауда жасау - бір сауда орнына айлық есептік көрсеткіштен 7%;
Тармақша 3
3) автокөліктен сауда жасау - 1 айлық есептік көрсеткіш;
Тармақша 4
4) жеңіл автомобилінің қызмет көрсетуі - айлық есептік көрсеткіштен 50%;
Тармақша 5
5) жүк автомобилінің қызмет көрсетуі - 1 айлық есептік көрсеткіш;
Тармақша 6
6) жекеменшік және жалға алынған тракторлардың иелерінің жер учаскелерді өңдеу қызметін көрсету - айлық есептік көрсеткіштен 20%.
Тармақ 3
3. Сыртқы (көрнекі) тұрақты жарнамалар объектілерін орналастырған үшін:
Тармақша 1
1) елді мекендерде орналастырылған плакаттар, стенділер, жарық түсіретін табло, билбордтан мен тағыда басқаларға ай сайынғы төлем
ставкасы 1 шаршы метрге - айлық есептік көрсеткіштен 10%, 1 шаршы метрден асса - айлық есептік көрсеткіштен 15%;
Тармақша 2
2) жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль қолдарының бөлінген белдеуінде орналастырған 3 шаршы метрге дейінгі жарнамалық ақпарат алаңына ай сайынғы төлем ставкасы - айлық есептік - көрсеткіштен 20%;
жарналамық ақпараттың көлемі 3 шаршы метрден асса, айлық төлем ставкасы - айлық есептік көрсеткіштен 40% болып белгіленсін;
Тармақша 3
3) жергілікті маңыздағы жалпы пайдалану автомобиль жолдарының бөлінген белдігінде бір сервис объектісін орналастыруға ай сайынғы төлем ставкасы тамақ, сауда, демалыс және түнек пункттеріне, кемпингтерге, автомобильге май құю стансаларына, техникалық қызмет көрсету стансаларына - 1 айлық есептік көрсеткіш болып белгіленеді.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.