Ескелді ауданындағы кейбір ауылдардың атауларын өзгерту туралы Қолданыста
Басқа 0
Ескелді ауданындағы кейбір ауылдардың атауларын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабындағы 4-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ, және облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ескелді ауданы Ақын Сара ауылдық округіндегі бұрынғы Ақын Сара ауылының атауы Ақтұма ауылы;
Бақтыбай Жолбарысұлы ауылдық округіндегі бұрынғы Бақтыбай ауылы Өтенай ауылы болып өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Ескелді ауданының әкімі белгіленген тәртіппен осы шешімді орындасын.
Тармақ 3
3. Облыстық статистика басқармасы (Б. Төлепбаев) облыстық әкімшілік-аумақтық бірліктерін есепке алу мен тіркеуіне өзгеріс енгізсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.